Бата мен тілек - егіз қозыдай ұғым

Бүгін бізде мереке: туған күнді атап өту

Күзгі демалыс күндерінің шуақты сәтін сынып болып қарсы алып, сыныптастарымыздың туған күндерін бірге атап өтеміз.

Сынып сағаты Туған күн Достық

Мақсаты

  • Күзгі демалыс кезінде балалардың көңіл күйін көтеріп, сыныптастардың туған күндерін бірге атап өту.
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жолдастық қарым-қатынасты нығайту.
  • Ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде мереке. Себебі өз сыныбымыздағы сыныптастарымыздың туған күндерін бірге атап өтеміз.

2-жүргізуші

Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Жолдастықты қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.

1-жүргізуші

Құттықтау мен сыйдың иесі мынау – гүл. Айтыңдаршы, балалар, туған күні кімдердің?

Айя Меруерт Мөлдір Жалғас Елнар Лаура Нұрдаулет Ақынтолқын

Аты аталған оқушылар орындарынан тұрып, сыйға берілген гүлді алып, өздеріне дайындалған орынға барып отырады.

2-жүргізуші

Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Жолдастықты қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.

Туған күн иелеріне арналған тақпақтар

Сыныптастардың әрқайсысына арнап айтылатын жылы сөз бен шағын өлең – мерекенің ажарын ашады.

1-оқушы

Ай секілді өзі де,
Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.
Айтарымыз, Айя қыз,
Еркесі ғой үйінің.

2-оқушы

Билейді кейде айнала,
Көркіне ақылы сай ғана.
Мөлдір – біздің әдемі,
Сөйлейді өзі жай ғана.

3-оқушы

Өзі сондай сүйкімді,
Бары-жоғы байқалмас.
Арамызда Меруерт,
Өзі тым-ақ жайдарлы.

4-оқушы

Үндемей жүріп үлгеріп,
Бәрімізге жағатын.
Лаура сондай ақылды,
Айтқызбай бәрін атқаратын.

5-оқушы

Сабағын байып оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Ақтолқын,
Нені ойлап толқиды?

6-оқушы

Жалғас сондай ақылды,
Сабаққа да әр кезде
Салмақтылық танытып,
Өте жақсы қарайды.

7-оқушы

Көп ұлдардың ішінде
Ширақ әрі шапшаңы —
Әйтеуір, Жалғас жүреді,
Бәріне де үлгеріп.

8-оқушы

Енді біздің Елнардың
Басына келер бақ не бір.
Аузын ашса, көңілі кең —
Ақкөңілі анық көрініп тұр.

Құттықтау

Жайнасын өмірлерің әр күн сайын,
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың.
Келешек өміріңе бақыт тілеп,
Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймыз!

Өнер бөлімі: би

2-жүргізуші

Қамзол киім, қынай бел,
Толған ою-өрнекке.
Билесін деп сұрайды ел,
Өнеріңді көрмекке.

Нөмір

Қыздардың орындауындағы би.

Келесі бөлім

Сынып болып «Жорға» биін билеу.

Тілек айту дәстүрі

1-жүргізуші

Бата мен тілек – егіз ұғым. Тілек дегеніміз – бата, бата дегеніміз – тілек. «Сапарың оң болсын», «Жақсы жатып, жайлы тұр» деген сөздердің өзінде де ізгі ниет жатыр. Ендеше, дастархан басында сыныптастарымызға туған күн мерекесіне арнап тілек айтайық.

(Әр оқушының тілегі тыңдалады.)

Ойындар мен ән

2-оқушы

Ал енді, балалар, ойын ойнап көңілімізді сергітейік.

  • «Алма» ойыны
  • «Өз орныңды тап» ойыны

1-жүргізуші

Бүгін бізде мереке — мереке жақсы емес пе?
Данияр да келіпті, өнеріңді көрсет ендеше.

Ән

«Туған күн»

Сыйлық табыстау

2-жүргізуші

Туған күн мерекесінде кім болса да сыйлық алғанды ұнатады. Ендеше, достарымыз да сыйлық күтіп отырған шығар. Олай болса, дайындалған сыйлығымызды табыстайық.

Туған күн иелері (хормен)

Жасымызға жас қостық,
Жақсы күнде бас қостық.
Арманы бір құрдастар —
Құрметтеріңе мың алғыс!

Қорытынды

Сен туған күн, мен туған күн —
Бүгін бізде көп мереке.
Асыр салып, кел, билейік!
Құтты болсын бұл мереке!