Қош бол, әліппе

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! «Қош бол, Әліппем!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Кеше ғана мектеп табалдырығын именіп аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық білімнің бастауы — болашағымыздың негізі саналатын Әліппені аяқтап отыр.

Балалардың қолына алғаш ұстап, бетін алғаш ашқан оқулығы — Әліппе. Бұл кітаптан ғұлама ғалым да, данышпан ойшыл да, ақын-жазушы да, ұстаз да, дәрігер де, шахтер де білім алған. Ендеше бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне жасаған алғашқы қадамдары құтты болсын!

Білім дариясында талмай жүзіп, ғылым мұхитының тереңінен асыл інжу-маржандарды тере берулеріне тілектеспін.

(Слайд көрсетіледі)

Мұғалім: Қоштасқалы отырған Әліппемен бірге балғындарымызды қол соғып қарсы алайық!

(Балалар қол ұстасып, екеуден шығады)

Оқушылар таныстыру

1) Айбат пен Назерке

Оқуда да ынталы, алдан үнемі көрінер.

2) Мадиар мен Инабат

Ақылды, ибалы-ақ, жүздерінен күлкі кетпейді.

3) Есбол мен Фариза

Салмақты да сабырлы, қажет кезде әрдайым қасымнан табылады.

4) Дәулет пен Жамиля

Ұшқыр ойлы, елгезек: қол ұшын берер, ойыңды ұғар.

5) Диас пен Айкөркем

Бірі ай, бірі күндей: тыңғылықты, орнықты, дана болар.

6) Дана мен Мағжан

Қиялында көп арман; орындалсын бәрі, алған беттен таймасын.

7) Бекарыс пен Жанарыс

Ерек туған қос батыр — еліміздің ертеңі.

8) Альбина мен Мөлдір

Сұлу қыздар келсе, күннің өзі көз жұмардай.

9) Ақниет пен Аяулым

Зейінді, тұрақты; дана да білімді болар.

10) Алмат пен Диас

Ақылды, зиялы, терең ойлы тұлғалар.

11) Мадияр мен Ақылжан

Сабырлы да салмақты, тау тұлғалы қос батыр.

12) Құдайберген мен Ақниет

Алғыр әрі шапшаң, зерек туған балғындар.

Музыкалық бөлім

Әнұран орындалады.

Өлең, хор және сахналық көрініс

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

(Балалардың тақпақтары)

Хор: «Әліппе»

Мұғалім: «Бала деген шіркін-ай балдай екен, тәттілігі жая мен жалдай екен», — деп Кенен атамыз айтқандай, енді кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берейік.

Ертегі сахналау

  • Автор: Назерке
  • Әліппе хан: Мадиар
  • Уәзірлер: Мадияр, Дәулет

Тақпақтар

Балалардың Әліппе ханға арнаған тақпақтары айтылады.

Би

«Әліппе»

Әліппе хан сөзі

«Әріптер сыры» (әріптерге байланысты тақпақтар).

Сұрақ-жауап және «Ана тілімен» танысу

Сұрақтар

  • Біздің Елбасымыз кім?
  • Біздің Отанымыз қай ел? (Тақтаға «Қазақстан» сөзі жазылады.)
  • Елордамыз қай қала? (Астана)
  • 16 желтоқсан қандай мереке?
  • Алғашқы мектеп ашқан ұстаз кім?

Мағыналық ауысым

Хан сөзі айтылады да, Әліппе сахнадан шығады. Оның орнына «Ана тілі» келіп, өз сөзін сөйлейді.

Мұғалім: Әліппе — білім бесігімізді ашқан алғашқы оқулығымыз. Ал «Ана тілі» — сөз сырын ұқтыратын сырласымыз.

Хор: «Әліппе»

Би: «Ертегілер әлемі»

Тәрбиелік сұрақтар

Мұғалім: Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз?

Оқушылар: Әдепті екен дейміз.

Мұғалім: Кітап, дәптер, қаламы кір шалмаған баланы кім дейміз?

Оқушылар: Ұқыпты екен дейміз.

Мұғалім: Таудай биік талабы бар, жақсы оқитын баланы кім дейміз?

Оқушылар: Үлгілі екен дейміз.

Мақал-мәтелдер

Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.

Би

«Жігіттер»

«Ана тілі» бөлімі

Санамақ сұрап, жұмбақ есептер айтады.

Хор: «Математика» әні

Би: «Ковбойлар»

Қорытынды

Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып, оқитын халге жетті —
Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін, еңбекқор ұлан болсын!

«Қош бол, Әліппе!» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Ендігі сөз кезегі ұстаздар мен ата-аналарға беріледі.