Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Сабақтар топтамасы
-
1-сабақАрифметикалық амалдардың қасиеттері
-
2-сабақҚалдықпен бөлу
-
3-сабақВ дыбысы
-
4-сабақЕтістік
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың арифметикалық амалдардың қасиеттерін қаншалықты меңгергенін тексеру, тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық
Тақырыпты игеру арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын, есте сақтауын және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Әртүрлі әдістерді қолдану арқылы пәнге қызығушылықты арттыру, сыйластыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Түрі
- Аралас сабақ
- Типі
- Білімді жүйелеу және бекіту
- Әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
- Міндеті
- Тақырыпты қайталау арқылы тапсырмалар мен есептерді орындау
- Көрнекілігі
- Суреттер, плакаттар, оқулық
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Астарлы әңгіме арқылы оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге аяқтауға берілген тапсырмалар мен есептердің орындалуын тексеру.
-
3) Мотивациялық-өзектендіру бөлімі
Мақсаты — мәселені қою және оны шешу жолын анықтау. Оқушылармен өткен тақырыпты талқылап, есептер шығару арқылы аналарымызға арналған әсем гүл шоғын «жинаймыз». Тапсырма орындалған сайын ортада гүл шоғы толықтырылып отырады.
-
4) Кіріспе бақылау
Мақсаты — арифметикалық амалдардың қасиеттері бойынша алған білімді қайталау және бекіту.
Қасиеттерді еске түсіру
- Ауыстырымдылық қасиеті
- Үлестірімділік қасиеті
- Терімділік қасиеті
Орындалатын жұмыс
Қасиеттерге байланысты тапсырмаларды орындау және нәтижені дәлелдеу. Бұл кезеңде «гүл шоғының себеті» орналастырылады.
1-қатар: ауыстырымдылық қасиеті
245×5 = 5×245 = 1225805×2 = 2×805 = 1610168×4 = 4×168 = 6722-қатар: үлестірімділік қасиеті
(56+4)×6 = 56×6 + 4×6 = 360(430+5)×4 = 430×4 + 5×4 = 1740(108+4)×3 = 108×3 + 4×3 = 3363-қатар: терімділік қасиеті
(70×4)×5 = (70×5)×4 = 1400(15×7)×2 = (15×2)×7 = 210(64×7)×2 = (64×2)×7 = 896Келесі қадам: 13-тапсырма
Енді 13-тапсырмаға назар аударайық. Бұл бөлімде берілген мәндер бойынша өрнектерді құрастыру қажет. Бірлесіп құрастырып, шешімін дәлелдейміз.