Балаларға сабақты жұмбақ шешуден бастау

Мақсаты мен міндеттері

Негізгі мақсат

Ыдыстардың түрлері және олардың қызметі туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
  • Мүсіндеу дағдыларын жетілдіру: созу, есу, домалақтау, тегістеу.

Тәрбиелік мәні

Бір-біріне қолдау көрсетуге, өзара көмектесуге дайын болу сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді. Амандасып, жағымды көңіл күй қалыптастырады.

Жылулық шеңбері

Ризамын, ризамын, өткен күнге ризамын.

Ризамын, ризамын, осы күнге ризамын.

2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Тақырыпты ашу: жұмбақ

Кесе, шыны, пиала —
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?

Жауабы: ыдыс-аяқ

Түсіндіру: ыдыстар туралы

Ыдыстар темірден, шыныдан, пластмассадан және ағаштан жасалады. Қазіргі уақытта көпшілік керамикадан және шыныдан жасалған ыдыстарды жиі қолданады.

Бүгінгі сабақта балалар ыдыстарды мүсіндеу арқылы құрастырады және кейін олардан шағын натюрморт жасайды.

Натюрморт — француз тілінен енген ұғым. Қазақша мағынасы: өлі табиғат, яғни қозғалмайтын заттар композициясы.

Оқиғалық тапсырма

Бүгін Меруерттің туған күні. Қонақтарға ыдыс-аяқ жетіспей қалыпты. Біз Меруертке қалай көмектесеміз?

Шешімі: балалар үш топқа бөлініп, ыдыстарды ермексаздан мүсіндеп береді.

Сергіту сәті

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығуын орындайды.

Топтық жұмыс: мүсіндеу қадамдары

1-топ: Шәйнек

  1. 1 Негізгі бөлігін домалақ пішінге келтіріп мүсіндеу.
  2. 2 Шүмегін жіңішке «сәбіз» секілді есіп жасап, бір ұшын қиғаштап кесу.
  3. 3 Шүмекті шәйнекке жапсыру.
  4. 4 Қақпағын домалақтап, басбармақ пен сұқ саусақ арқылы жаншып жасау; үстіне кішкентай домалақты бекіту.

2-топ: Шыныаяқ

  1. 1 Ермексазды домалақтап алу.
  2. 2 Сұқ саусақпен бір жағын жаншып, ойық жасау.
  3. 3 Ойықты біртіндеп тереңдетіп, жан-жағын тегістеп, шыныаяқ пішінін келтіру.
  4. 4 Тұтқасын бөлек жасап, орнықты етіп жапсыру.

3-топ: Жеміс салатын ваза

  1. 1 Негізін домалақ пішіннен бастап, ортасын ойып кең ашу.
  2. 2 Шеттерін тегістеп, «табақша-ваза» формасына келтіру.
  3. 3 Қалауы бойынша жиегін өрнектеп немесе толқын тәрізді етіп сәндеу.

Жұмыс соңында барлық мүсінделген ыдыстарды үстел үстіне әкеліп, көркем композиция ретінде әдемілеп орналастырады.

3) Рефлексивті-түзетуші кезең

Мұғалім қорытынды түсіндірме жасайды және қонақжайлық туралы әңгімелейді. Қазақта «Асыңды берме, қабағыңды бер» деген мақал бар: қандай қонақ келсе де, қолдан келгенше разы етіп шығарып салу керек.

Қонақжайлық туралы шумақ

Қонақжайлық белгісі — сырттан келген мейманға

Сәлем беріп, қол алысып — бұл бірінші еткен құрметің.

«Түсіңіз» деп төр ұсынсаң — екінші еткен құрметің.

Есікті ашып енгізіп, көрпе төсеп құра алсаң — үшінші еткен құрметің.

Балалар сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже

Білуі тиіс

Ыдыстардың атауларын білу.

Түсінігі

Ыдыстардың әртүрлі болатынын түсіндіру.

Нені игереді

Тапсырманы дұрыс орындап, нәтижесін көрсете алу.