Құрметті оқушылар Зерделілер марафоны сайысына қош келдіңіздер

Зерделілер марафоны

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, «Зерделілер марафоны» сайысына қош келдіңіздер! Оқушылар екі топқа бөлінеді, әділқазылар алқасы сайланады.

Ойынның мақсаттары мен ережелері

  • 1 Ең көп ұпай жинаған топты анықтау.
  • 2 Әр топтағы ең көп ұпай жинаған оқушыны анықтау.
  • 3 Өнер сайысында көзге түскен, белсенді қатысқан оқушыларды анықтау.
  • 4 Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
  • 5 Сұрақ оқылғаннан кейін бірден жауап беруге болады немесе командамен ақылдасуға 3 минут беріледі.
  • 6 Егер бірінші команда жауап бере алмаса, сұраққа екінші команда жауап беріп, ұпай жинай алады.

I кезең: Киелі сандарға байланысты сұрақтар

Қазақ халқында 7 және 3 саны киелі деп саналады.

I топқа

  1. Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
  2. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
  3. Үш жамандық: қан төгу, кісі малын алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
  4. Үш тәтті: жан, мал, жар.
  5. Үш тоқтам: ақыл — арқан, ой — өріс, адам — қазық.

II топқа

  1. Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
  2. Жеті амал: күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, тоқсанның кіруі.
  3. Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, топан су, оба, соғыс, зілзала.
  4. Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреу жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

II кезең: Мақалдың жалғасын тап

Әр топқа алты мақалдан оқылады. Тапсырма — мақалдың жалғасын дұрыс айту.

  1. 1) Денсаулығың болмаса, тіршілігің далбаса.

  2. 2) Ауырсаң емін таппайсың, алтыннан қымбат бағаға.

  3. 3) Тазалық бар жерде, денсаулық бар.

  4. 4) Ауруын жасырған өледі.

  5. 5) Денсаулықты бағала, дәрігерді жағала.

  6. 6) Ауырып жазылсаң, өмір олжа.

  7. 7) Ауру астан, дау қарындастан.

  8. 8) Қотыр қолдан жұғады.

  9. 9) Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен.

  10. 10) Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

  11. 11) Болат қылыш қап түбінде жатпас.

  12. 12) Ағаш кессең ұзын кес — қысқартуға оңай; темір кессең қысқа кес — ұзартуға оңай.

III кезең: Жұмбақтың шешуін тап

Әр топқа 5 жұмбақтан беріледі. Міндет — дұрыс жауабын табу.

I топ

  1. 1) Иісі, түсі, өңі жоқ, табиғатта онсыз өмір жоқ. Өсімдік көп болса, бөлінер содан ол. (Оттек газы)

  2. 2) Атомның бір бөлшегі, тұрады ол ортада. Элемент орнын көрсетеді қашанда. (Ядро)

  3. 3) Түссіз, ауыр сұйықтық: су құйылса қызады. Ылғалды ауадан тартып, күштілігі артады. Бұл қай қышқыл? (Күкірт қышқылы)

  4. 4) Екі элементтен тұрады, ойпаң-шұңқыр тұрағы. Ол болмаса әлемде, барша тірлік қурайды. (Су)

  5. 5) Қызғылт түспен көрінем, электр тогын жақсы өткізем. Өткізгіштер қатарына қосылам. (Мыс)

II топ

  1. 1) Электр желісінде қолданылам, әр үйге жарық берем. Сол үшін бағалымын. (Алюминий)

  2. 2) Үйді, көшені, зауытты нұрға бөлеймін. Электр шамның ішінде балқып тұрып, жарық шығарамын. (Вольфрам)

  3. 3) Асылмен бара-бармын, ақша болып дараландым. Зергерлік бұйым жасалады. (Күміс)

  4. 4) Ежелден таныс сұйық металлмын, жылуды өлшеп пайдаға жараймын. (Сынап)

  5. 5) Қас батырдың металымын: ер жүректің қолында елді жаудан қорғадым. (Қорғасын)

IV кезең: Қисынды есептер

Тапсырма — берілген есептерді логика және білім арқылы шығару.

I топқа

  1. 1) А және Б — газ күйіндегі жай заттар. Олар әрекеттескенде АБ күрделі заты түзіледі: иіссіз, түссіз, дәмсіз, сұйық, үш агрегаттық күйі бар. Бұл қандай зат? (Су)

  2. 2) Екі ыдыста көзге көрінбейтін, түссіз, иіссіз газ бар: бірінші ыдысқа тышқанды жібергенде сергек сезінеді, екінші ыдысқа шала жанған шырпыны апарса лап етіп жанады. Екі ыдыста қандай газ? (Оттек газы)

  3. 3) Таңертең бір элемент жер бетінен жойылып кетсе: төсек, парталар, орындықтар қирап түседі; машина, трактор, мотоциклдер істен шығады; өсімдіктер солады; адам оның 3%-ын жоғалтса өледі. Бұл қай элемент? (Темір)

  4. 4) Ауа құрамында оттегі қанша пайыз?

  5. 5) Тыныс шығарғанда оттегінің қанша пайызы денеде қалады? (5%)

II топқа

  1. 1) Дені сау адам бір минутта қанша рет тыныс алады? (16–18 рет)

  2. 2) Тыныш отырғанда адам бір рет тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Егер бір минутта 18 рет тыныс алса, қанша ауа жұтады? (18 × 500 = 9000 мл)

  3. 3) Ересек адамның жүрегі бір минутта 70–75 рет соғады. Бір тәулікте қанша рет соғады? (70 × 60 = 4200 рет/сағ; 4200 × 24 = 100800 рет)

  4. 4) Қан 23 секундта денені бір рет айналады. Бір сағатта қанша рет айналады? (60/23 ≈ 3; 60 × 3 = 180 рет)

  5. 5) Адам тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Әр тыныста 5% оттегін қабылдайды. Сонда қанша оттегін қабылдайды? (25 мг)

Қорытынды

Марафон нәтижесі шығарылып, ұпай саны бойынша жеңімпаз топ анықталады.

Ескерту: Қорытындылау кезінде жалпы командалық ұпаймен қатар, әр топтағы ең үздік қатысушы және белсенділігімен көзге түскен оқушылар да атап өтіледі.