Мұғалімдер күні мерекесіне арналған бүкіл қазақстандық Ұстазыңды ұлықта

Ақция Мұғалімдер күні Мәдениет және саз бөлімі

«Ұстазыңды ұлықта» — ұстазға құрмет, шәкіртке өнеге

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің Мәдениет және саз бөлімінде Мұғалімдер күніне орай тәрбие сағаттары, шығармашылық кештер және ардагер ұстаздармен кездесу шаралары ұйымдастырылды. Іс-шаралардың басты мақсаты — студенттердің бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидатын сіңіру, ардагер ұстаздарды қадірлеуге тәрбиелеу және ұстаздық мамандықтың қыры мен сырын тереңірек түсіндіру.

Тәрбие сағаттары мен мерекелік кештер

КТХ-105 — «Ұстаздарым асылым»

КТХ-105 тобының жетекшісі Жусупова Айнұр Ерболатқызы «Ұстаздарым асылым» атты тәрбие сағатын өткізді. Білім табалдырығын жаңа аттаған топ ұстаздарға арналған әсерлі кеш ұйымдастырып, алғыс пен құрметтің шынайы үлгісін көрсетті.

СБ-415 — «Ұстаздар — ұлы тұлғалар»

СБ-415 тобының жетекшісі Қарғабаева Айгүл Бақытбекқызы студенттерді жұмылдыра отырып, «Ұстаздар — ұлы тұлғалар» атты мерекелік ән шашуын ұйымдастырды. Кеш соңында ұстаздар биге шақырылып, гүл шоқтары табысталды.

КТХ-205 — «Ұстаздарға мың тағзым»

КТХ-205 тобының жетекшісі Ерғалиева Гүлжанар Сейлханқызы ұстаздарға арнайы шақыру билеттерін дайындап, «Ұстаздарға мың тағзым» атты мерекелік кеш өткізді. Студенттер жүректен шыққан өлең жолдарын арнап, ұстазға деген ықыласын білдірді.

СБ-305 — «Ұстаз — ұлы тұлға»

СБ-305 тобының жетекшісі Карина Гүлнар Сағынышқызы «Ұстаз — ұлы тұлға» атты тәрбие сағатын өткізіп, ұстаздық еңбектің мәні мен маңызын кеңінен ашып көрсетті.

Ардагер ұстаздармен кездесу: өнегенің алтын арқауы

«Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» дегендей, ақылдың кенін арқалаған, шынайы ізгі сезім мен білімнің алтын діңгегін шәкіртке дарытқан ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Бұл — колледж тарихында ойып тұрып орын алатын тағылымды жүздесу болды.

Ұйымдастырушылар

  • Байсейтова Жадыра Есенғалиқызы
  • Жусупалиева Венера Оразалықызы
  • Даулетиярова Рима Елешқызы

Дайындық жұмыстары

  • Қабырға газеттері шығарылды
  • Арнайы шақыру билеттері дайындалды
  • Студенттерге ұстазды ұлықтау құндылығы кеңінен дәріптелді

«Ұстазыңды ұлықта!» акциясы: құрметті күшейткен кеш

Мұғалімдер күні мерекесіне арналған бүкілқазақстандық «Ұстазыңды ұлықта!» акциясын жариялау және студенттер арасында кеңінен насихаттау мақсатында қосымша мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастырған

  • Мәдениет және саз бөлімінің меңгерушісі Қартанова Айгүл Әбдіхалыққызы
  • Музыка пәнінің оқытушысы Уракова Дина Рысжақызы
  • Музыка пәнінің оқытушысы Умурзакова Замзагүл Қуанышқызы

Қорытынды ой

Бастық бол, тіпті ғалым болсаң да,
Білім берген жақсыларды ұмытпа.
Болашаққа нық қадаммен жол салып,
Тәлім берген ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТА.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы: Булекеева Назгүл Серікқыз