Ана тілің - анаң
«Білгірлер» сайысы: ана тіліне құрмет, білімге құштарлық
Бұл сыныптан тыс шараның өзегі — оқушылардың алған білімін саралап, қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сонымен бірге туған тілдің қадірін ұғындыру, өз халқын, тілін, туған жерін сүюге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды мақтан тұту мәдениетін қалыптастыру.
Мақсаты
- Білімді жүйелеу, талдау және қолдану дағдыларын нығайту.
- Қазақ тіліне қызығушылықты арттыру, сөз мәдениетін дамыту.
- Туған тілдің қадірін, оны қорғау мен дамытудағы жауапкершілікті сезіндіру.
- Отанды, туған жерді, ұлттық болмысты құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Тіл туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, тақырыптық сұрақтар және тапсырмалар.
«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
— А. Байтұрсынұлы
«Ақыл көркі — көңіл, тілдің көркі — сөз»
— Мақал
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытпау — бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмытпау»
— Б. Момышұлы
Қатысушылар
Сайысқа 6-сыныптың екі командасы қатысады:
-
«Жас Қыран»
Ұраны: Тіл — ұлттың жаны.
Өлеңі:
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. -
«Жас Талап»
Ұраны: Сүйемін туған тілді — қазақ тілін.
Өлеңі:
Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Сайыс ережесі
Өту тәртібі
Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу беріледі. Әр топ кезектесіп бір әріптен таңдайды. Әр әріптің артында тақырып жасырылған. Әр тақырып бойынша 5 сұрақ немесе тапсырма ұсынылады.
Бағалау
- Әр дұрыс жауапқа — 10 ұпай.
- Жауап нақты әрі толық болуы керек.
- Топ мүшелері ақылдасып жауап беруге болады.
Тақырыптар мен тапсырмалар
Төменде сайыста қолданылатын негізгі тақырыптар мен үлгі сұрақтар берілген. Бұл бөлім оқушының тілдік сауаттылығын ғана емес, әдебиет, тарих, география және жалпы таным деңгейін де бағалауға бағытталған.
Қ — Қазақ тілі
- Көп тілді білетін адам кім? Полиглот.
- ҚР-дың мемлекеттік тілі қазақ тілі деп Ата Заңның қай бабында жазылған? 4-бап.
- Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? Жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік.
- Сөз таптарын ата. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер.
- Қазақ тілінде неше жалғау бар? 4: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.
А — Қазақ әдебиеті
- Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер? Монолог.
- Абай Құнанбайұлы туралы не білесіңдер? Хронологиялық кесте бойынша.
- Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
- «Бес асыл іс» пен «бес дұшпанды» ата.
- Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? Мұхамедханафия.
З — Қазақстан тарихы
- Ата Заң қашан қабылданды? 1995 жылғы 30 тамыз.
- Тәуелсіздік күні қашан аталып өтеді? 16 желтоқсан.
- Қазақстанның бұрынғы екі астанасын ата. Орынбор, Қызылорда.
- Қазақстанда қандай ұлттар мекендейді? Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс және т.б.
- Алтын адам қайдан табылды? Есік обасынан (қорғанынан).
А — География
- Қазақстанның ең биік тауы? Хантәңірі (6646 м).
- Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі? 5: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан.
- Ең үлкен көл? Каспий.
- Қазақстанда қанша облыс бар? 14.
- Негізгі пайдалы қазбаларды ата. Көмір, тұз, алтын, хром және т.б.
Қ — Халық ауыз әдебиеті
- Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? Мақал көбіне 2–3 сөйлемнен тұрып, қорытынды ой айтады; мәтел қысқа келеді.
- Еңбек туралы мақал-мәтел айт.
- Достық туралы мақал-мәтел айт.
- Жаңылтпаш айт.
- Ертегілер қалай бөлінеді? Қиял-ғажайып, жан-жануарлар туралы, тұрмыс-салт.
Т — Қасиетті сандар
- Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. 3, 7, 9, 40.
- Үш бәйтеректі ата. Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин.
- Үш арсызды ата.
- Бес арысты ата. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов.
- Жеті атаңды білесің бе?
І — Сен білесің бе?
- Қазақтың атақты палуаны кім? Қажымұқан.
- Сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін ғылым? Синтаксис.
- Шыңғыстауда (Семей өңірінде) қандай атақты адамдар туған? Абай, Шәкәрім, Мұхтар.
- Айша бибі кесенесі қайда орналасқан? Таразда.
- Абайдың мұражайы қайда орналасқан? Жидебайда.
Л — Полиглот (жұмбақ)
Сайыскерлер жұмбақтың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.
- Асқар тауда, қара орман. Шаш (волосы).
- Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер. Қол (рука).
- Судан шығады, судан қорқады. Тұз (соль).
- Жүзіне салсаң, көзіңді көрсетеді өзіңді. Айна (зеркало).
- Бетін адам ашады — білім нұрын шашады. Кітап (книга).
І — Мақалдарды жалғастыр
- Туған жердің қадірін… шетте жүрсең білесің.
- Жердің сәні — егін, … ердің сәні — білім.
- Білімдінің сөзі жібектей, … білімсіздің сөзі білектей.
- Білім ауысады, … ырыс жұғысады.
- Басқа тілдің бәрін біл, … өз тіліңді құрметте.
Жекпе-жек: капитандар сайысы
Бұл кезеңде әр команданың капитанына 10 сұрақтан қойылады. Мақсат — білімнің жан-жақтылығын, жылдам ойлау мен нақты жауап беру дағдысын бағалау.
І топ капитанына сұрақтар
- Атақты қазақ суретшісі кім? Әбілхан Қастеев.
- Теңге қашан айналымға енді? 1993 жыл.
- «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі? Махамбет.
- Орхон-Енисей жазбаларын алғаш оқыған кім? Радлов.
- Қазақтың музыкалық аспаптарын ата. Домбыра, қобыз және т.б.
- Қазақстанның бұрынғы астаналарын ата. Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана.
- Абайдың неше қара сөзі бар? 45 (кей деректе 45+1 деп айтылады).
- Әнұран авторларын ата. Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
- Қазақ актерлерін ата. Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Асанәлі Әшімов.
- Сен неше жастасың?
ІІ топ капитанына сұрақтар
- Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? Тоқтар Әубәкіров.
- Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? 1991 жыл.
- «Ескендір» поэмасының авторы кім? Абай Құнанбайұлы.
- Орхон-Енисей жазбалары қайдан табылған? Моңғолиядан.
- Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген? XV ғасыр.
- Бәйтеректің биіктігі неше метр? 97.
- Абайдың неше баласы болған? 10 (7 ұл, 3 қыз).
- Елтаңбаның авторлары кім? Шот-Аман Уәлихан, Мәлібек Жандарбекұлы.
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қайда туған? Баянауыл ауданында.
- Мектеп директорының аты-жөні кім?
Қорытынды және ой түйін
Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, марапатталады. Бірақ ең үлкен жеңіс — ана тілінің қадірін терең сезіну, білімге ынта қою, ұлттық мұраға адалдық таныту.
Тіл — ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлы мұралардың ішіндегі ең қастерлісі — әр ұлттың тілі. Ендеше сол мұраны жалғау, мәртебесін көтеру — баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің — анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.Бауыржан Момышұлының ойы да осыны қуаттайды: ана сүтімен бойға дарыған тілді ұмыту — ата-баба тарихын ұмыту.
Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы — уақыт талабы. Осымен сыныптан тыс шара аяқталды. Көріскенше, күн жақсы!