Балалар қандай әдемі қорапша

Мақсаты

Балалардың табиғат туралы ұғымдарын нақтылау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды байқай білуге үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға және оған қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Барысы

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер-Ана!

Сәлем саған, нұрлы күн!

Тақырыппен таныстыру

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы — «Табиғаттың таңғажайып әлемі». Әңгімемізді сұрақтан бастайық: «Табиғат дегеніміз не?»

Диалог

Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не, Айым?

Бала: (Жауап береді.)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, Айым!

Біз күн сайын табиғат аясына, яғни далаға серуенге шығамыз. Серуен кезінде ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз, айналамызды танимыз.

Сиқырлы қорапша

Кеше серуен кезінде біз сиқырлы қорапшаны тауып алдық. Бүгін оны ашып, ішінде қандай тапсырмалар бар екенін көреміз. Бұл қорапша бізге «табиғат патшалығынан» жіберілген екен. Егер тапсырмаларды толық орындасақ, соңында жақсы сыйлық күтіп тұр.

1) Ойын: «Түстер сөйлейді»

Тапсырма: Қорапшадағы түстерді атап, олардың нені білдіретінін айту.

Түстер

  • Көк
  • Жасыл
  • Сары
  • Қызыл

Жыл мезгілдері

  • Қыс
  • Көктем
  • Күз
  • Жаз

Мақсаты: Балалардың түстерді ажырата білуін және оларды табиғаттағы құбылыстармен байланыстыруын дамыту.

2) Ойын: «Жұмбақ шешейік»

Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтарды шешіп көрейік.

Азиза

Аузы жоқ үреді,

Аяғы жоқ желеді.

Жауабы: Жел

Жүсіп

Жардай дәулер соғысты,

Жарқ-жұрқ етіп оқ ұшты.

Жауабы: Бұлт, найзағай

Жарасқан

Жарқ етсе сабау қамшы,

Төгіліп жауар тамшы.

Жауабы: Найзағай, жаңбыр

Айым

Көк жүзінде көк доға,

Жер жүзінде жоқ доға.

Қолмен ұстауға болмайды,

Көзбен көріп тоймайды.

Жауабы: Кемпірқосақ

Диляра

Аспанда алып доп,

Жарқырайды жарық боп.

Жауабы: Күн

Санжар

Көк жастығым сөгілді,

Ішінен мамық төгілді.

Жауабы: Қар

(Жауап бергенде тиісті суреттер көрсетіледі.)

3) Сергіту сәті: «Табиғатты қимылмен көрсетейік»

Енді табиғат құбылыстарын қимылмен бейнелеп, демалып алайық.

Жел тұрды гуілдеп,

Ағаш біткен уілдеп.

Аспанды бұлт торлады,

Найзағайлар ойнады.

Жаңбыр жауды себелеп,

Кемпірқосақ көрінді.

Жарқыраған күн шықты.

(Балалар қимылмен көрсетеді.)

4) Ойын: «Ауа райының өзгерісін тап»

Шарты: Әр үйшіктегі белгі бойынша өз үйшігін табу.

(Балалар ойын шартын сақтай отырып ойнайды.)

5) Табиғат туралы мақал-мәтелдер

Әлімжан

Жер — қазына, су — гауһар.

Ерасыл

Табиғатты аяласаң, табиғат та аянып қалмас!

Сәбина

Судың да сұрауы бар!

Қорытынды

Табиғатты аялауға және қорғауға бәріміз үлес қосайық. Серуенге шыққанда ағаш бұтақтарын сындырмайық, қоқыс тастамайық, айналамызды таза ұстайық. Табиғатқа қамқорлық — өзімізге қамқорлық.