Білімді пысықтау
Сабақтың тақырыбы
2-ні қосу және азайту
Сабақтың мақсаты
-
1
2-ні қосу және азайту кестесімен жұмысты жалғастыру.
-
2
Есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
-
3
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап
Түсіндіру
Көрнекіліктер
- Кеспе сандар
- 2-ні қосу және азайту кестесі
- Геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық көңіл-күйОйын: «Жымию»
Ойынның мақсаты — оқушылардың өздеріне деген сенімін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру және жаңа сабаққа бағыттау.
Мұғалімнің сөзі
Балалар, күннен не таралады?
шуақ
нұр
шапақ
сәуле
жылу
жарық
Осы әдемі күн сияқты, біз де бір-бірімізге жылы жымиып, күлкімізді сыйлайық.
2) Білімді пысықтау
Үй тапсырмасыҮйге берілген №4 және №5 есептерді талдау.