Сары - қысқа

Сабақ туралы мәлімет

Тәрбиеші

Ерекешова А. М.

№11 «Ақбота» балабақшасы

Білім беру саласы

Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы

«Ғажайыпстанға саяхат»

Мақсаты

  • Заттарды әртүрлі топтарға бөліп санау, санын анықтау, тура және кері санауға үйрету.
  • Қарапайым математикалық ұғымдарды, құрылымдық іс-әрекет тәсілдерін және логикалық ойлауды дамыту.
  • Ұжымшылдыққа, мақсатқа жетуге талпынуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Құралдар

  • Қапшық, «Қызыл телпек» пен алжапқыш, бауырсақ
  • Ұзын-қысқа жолақшалар, себет
  • Үлестірмелі материалдар: бәліш суреттері, жолақ қағаздар, салыстырмалы карточкалар

Оқу іс-әрекетінің барысы

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз орман алаңқайында өтеді. Балалар орманға саяхатқа шығуды ұнатады, сондықтан бәріміз тізбектеле жүріп, қимылды жаттығуды орындап жолға шығамыз.

Қимылды жаттығу

«Көңілді балалар»

Ғажайып себет

Балаларға ғажайып себет көрсетіледі. Ішінен қызыл телпек пен алжапқыш табылады. Бұл заттарды кім жоғалтып алғанын балалар анықтайды: «Қызыл телпек».

Сұрақ
Анасы қызыл телпекті кімге, қайда жұмсайды?
Жауап: Орманның ар жағында тұратын әжесіне.
Сұрақ
Қызыл телпек жолда кімге кездеседі?
Жауап: Қасқырға.
Сұрақ
Қасқыр қайда тұрады?
Жауап: Орманда.

Дидактикалық ойын: «Ағаштарды өсірейік»

Балалар әртүрлі биіктіктегі ағаштарды құрастырып, биіктігіне қарай орналастырады және салыстырады. Нәтижесінде бәрі бірігіп әдемі орман құрастырады.

Тақпақ

«Ағаштар»

Дидактикалық ойын: «Әжемізге сыйлық»

Балалар ыдыстарды ең үлкенінен ең кішісіне қарай орналастырады, түстерін ажыратады, рет саны бойынша жауап береді және май салынған ыдыстың ең кішісін табады. Май әжеге сыйлық ретінде дайындалады.

Нақты тапсырмалар

  • Ыдыстарды үлкеннен кішіге қарай орналастыру.
  • Екінші ыдыстың түсін атау.
  • Ең үлкен ыдыстың ретін анықтау.
  • Май салынған ең кішкентай ыдысты табу.

Келесі қадам

Қызыл телпек әжесіне майдан бөлек бәліш те апарады. Себетте қызыл және сары бәліштер дайын.

Балалар бәліштерді түстеріне қарай себеттерге бөледі: қызыл бәліш — оң жаққа, сары бәліш — сол жаққа. Содан кейін екі себеттегі бәліштер саналып, салыстырылады.

Жеке жұмыс: «Қысқа жол, ұзын жол»

Әжесінің үйіне апарар жолды табу үшін әр балаға екі жолақша беріледі. Балалар жолақшаларды салыстырып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін анықтайды.

  • Қоңыр жолақ — ұзын.
  • Сары жолақ — қысқа.

Ертегі бойынша қасқыр әжеге қысқа жолмен, ал қызыл телпек ұзын жолмен барады.

Сергіту сәті

Енді қасқыр мақтанды,

Өз дәміне апталды,

Қорқып тұрған қоянды,

Тап беруге шақ қалды.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы тастар»

Балалар әртүрлі тастарды пайдаланып геометриялық пішіндер құрастырады.

Слайдпен жұмыс: «Айырмашылығын тап»

Үйлер салыстырылып, айырмашылықтары табылады. Мысалы: әжеміздің үйінің алдында күшік жоқ, шатырының төбесінде әтеш бейнесі жоқ. Балалар дұрыс үйді анықтайды: жоғарыда орналасқан үй.

Геометрия: мысық бейнесі

Балалар мысық денесінің қандай геометриялық пішіндерден құралғанын анықтайды.

Қасқырды адастыру: жолдарды орналастыру

Балалар үйлерге апаратын жолдарды дұрыс орналастырып, қасқырды адастырады:

  • Қоңыр ұзын жол — әжеміздің үйіне қарай.

  • Сары қысқа жол — төменгі үйге қарай.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы таяқшалар»

Балалар сиқырлы таяқшалардан үйдің кілтін құрастырады.

Қорытынды

Сабақ соңында балалар өз әсерлерімен бөліседі және өткен тапсырмаларды еске түсіреді.

Талқылау сұрақтары

  • Көңіл-күйлерің қалай?
  • Қандай ойындар ойнадық?
  • Қандай кедергілерден өттік?
  • Кімге көмектестік?

Нәтиже

Балалар бірігіп әрекет етіп, «Қызыл телпекке» көмектесті: сыйлықтарды дайындады, жолдарды салыстырды, санап-салыстырды, пішіндер құрастырды және қасқырды адастырды.

Рахмет!