Сөз мағынасының түрлері

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өңірі
Атырау облысы, Махамбет ауданы
Мектеп
Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
Пән
Қазақ тілі
Мұғалім
Альдешова Фарида Бақтығалиқызы (жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі)
Сабақ тақырыбы
Біріккен сөз
Сабақ типі
Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Оқыту мақсаты

Біріккен сөз туралы ұғым қалыптастырып, жаттығулар арқылы бекіту.

Дамытушылық

Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Топпен жұмыс істеуге, адамгершілік пен ізгі қасиеттерді бойға сіңіруге тәрбиелеу.

Әдістер мен көрнекіліктер

Сабақ әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын элементтері, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер

Кестелер, геометриялық фигуралар, тірек сызбалар, суреттер, слайд.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу.
  • Психологиялық дайындық: оқушылар геометриялық фигураларды таңдап, бірдей фигура таңдағандар бір топқа бірігеді.

1-топ

Үшбұрыш

2-топ

Төртбұрыш

3-топ

Көпбұрыш

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тексеру мазмұны

  • Ережені сұрау.
  • Жаттығу жұмысын оқыту.
  • Сұрақ-жауап арқылы қайталау.

Қайталау сұрақтары

  1. Сөз дегеніміз не?
  2. Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы не білеміз?
  3. Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

Мағынасы жуық

бет, жүз

Мағынасы қарама-қарсы

жоғарытөмен, жақсыжаман

Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі

ас (тамақ) және ас (асу мағынасындағы қолданыс)

аспан: көк, әуе

III. Жаңа материалды түсіндіру

«Фигураны тап» ойыны арқылы кіріспе

Тақтаға мына сөздер жазылады: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді. Оқушылар күрделі сөздерді табады: төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш.

Қорытынды: бұл сөздер екі түбірдің бірігуінен жасалған. Осындай күрделі сөздің бір түрі біріккен сөз деп аталады және әрдайым бірге жазылады.

«Сөзстан» ертегісі (қызықтыру)

Ертеде «Күрделі сөз» деген ақсақал болыпты. Оның үш ұлы бар екен: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Бүгін біз бірінші ұлымен — біріккен сөзбен танысамыз.

Негізгі ереже

Екі немесе одан да көп түбірден құралған, бірге жазылатын сөздер біріккен сөз деп аталады.

IV. Бекіту жұмыстары (жаттығулар мен тапсырмалар)

Кітаппен жұмыс: 8-жаттығу

Гүл күлтелеріндегі бөліктерден біріккен сөздер құрастыру (жалқы есім, жалпы есім).

Айнабұлақ Нұрдәулет Бақдәулет Жандәулет Есдәулет Сасықкөл Алакөл Сексенкөл

Тақтамен жұмыс: 9-жаттығу

Сөздерді оқып, көшіріп жазу.

аққу бұзаубас Ақмарал шаңсорғыш балмұздақ егеуқұйрық Жетіқарақшы шекара

Ережені 2–3 оқушыға оқыту: екі не одан да көп түбірден құралған сөздер біріккен сөз деп аталады, бірігіп жазылады. Мысал: алабота, балқарағай.

Өз бетінше жұмыс: 10-жаттығу (жатқа жазу)

Кемпірқосақ

Күн күркіреп, себелеп,
Жаңбыр жауып басылды.
Көкжиекке керемет
Кемпірқосақ асылды.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

Дәптермен жұмыс: 11-жаттығу (сөйлем құрау)

Аққұтан

Аққұтан көл жағасында мекендейді.

Шекара

Ағам шекараны күзетті.

Еңбекақы

Менің анам ай сайын еңбекақысын алады.

Ойын: сөздерді сәйкестендіру

Екі түбірді қосып, біріккен сөз құрау.

мүйіз + тұмсық

мүйізтұмсық

суық + торғай

суықторғай

көл + бақа

көлбақа

жол + барыс

жолбарыс

алты + бақан

алтыбақан

жеті + қарақшы

Жетіқарақшы

бір + қазан

бірқазан

ақ + қу

аққу

Топпен жұмыс: 12-жаттығу (біріккен сөздерді топтау)

I топ — Аңдар

  • ақбөкен
  • қарақұйрық

II топ — Құстар

  • аққұтан
  • аққу
  • бұлбұл
  • бірқазан
  • күркетауық
  • кептер
  • бозторғай

III топ — Өсімдіктер

  • қазтабан
  • алабота
  • саңырауқұлақ
  • итмұрын
  • таңқурай
  • жолжелкен

Қосымша — Жер-су атаулары

Ақтөбе Ақтау Сарытоғай Сарыарқа Көкшетау

Қызығушылықты ояту: жаңа сөз құрастыру

1-топ

Гүл + жан, Гүл + жайна, Гүл + бақыт, Гүл + десте

2-топ

Күн + сұлу, Күн + бағыс, Күн + тізбе

3-топ

Ай + гүл, Ай + жан, Ай + сұлу

Оқушылар сөздерді топтау нәтижесіне сүйеніп, қорытынды ереже шығарады: екі түбірден жасалған сөз — біріккен сөз, ал түбірлер бірігіп жазылады.

Мысалдар: Ақмарал, денсаулық, Айнабұлақ, Қаратау, Алатау.

Тақырыпты өмірмен байланыстыру

Желтоқсан айында қандай мерекелер бар? Сыныппен талқылау.

Тілдік құндылық

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты пікір алмасу, құттықтау сөздер құрастыру.

Сурет бойынша әңгіме құрау

13-жаттығуды ауызша орындау: «Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбында әңгіме құрастыру.

V. Қорытынды

Бүгінгі сабақта біріккен сөздің жасалу жолын және бірге жазылу қағидасын меңгердік.

Рефлексиялық сұрақ: екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөзден құралған бала есімі сендердің сыныптарыңда бар ма?

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және жазба жұмыстары бойынша бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

Оқулық: 96–97-бет

Тапсырма: 14-жаттығу