Кенесары Қасымұлы кім

Сабақтың тақырыбы

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары

Білімділік

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының себептерін талдап, тарихи маңызын ашу. Кенесары, Исатай мен Махамбеттің тұлғалық қасиеттеріне сипаттама беруге бағыт-бағдар көрсету.

Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту, өзара пікір алмасуға үйрету. Ата-баба тарихына қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Батыр бабалар ерлігіне тағзым етіп, құрметтеуге тәрбиелеу; өз елін, жерін сүюге баулу. Адамгершілік құндылықтарды оқушы санасына сіңіру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • СТО
  • Кубизм тәсілі
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру арқылы ой қозғау
  • Көрсету, баяндау

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Буклеттер
  • Кітап көрмесі

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, оқушылардың назарын шоғырландыру, жұмыс қарқынын белгілеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) «Миға шабуыл»

Тақырыпқа қатысты жетекші сұрақтар қою арқылы білімді өзектендіру.

2) «Мен саған, сен маған»

Оқушыларды екі топқа бөліп, топтар бір-біріне сұрақтар қояды және жауап береді.

Жаңа сабақты түсіндіру

1) Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837–1847)

Көтеріліс отаршылдық қысымға қарсы бағытталып, қазақ жеріндегі саяси дербестікті сақтауды көздеді.

2) Бөкей Ордасындағы көтеріліс (1836–1838)

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қозғалыс халықтың әлеуметтік әділетсіздікке, биліктің озбырлығына қарсы наразылығын көрсетті.

3) Исатай Тайманұлы

Халықты соңына ерте білген, батырлығымен және ұйымдастырушылық қабілетімен танылған тарихи тұлға.

4) Махамбет Өтемісұлы

Күрескер ақын, жалынды сөз иесі. Оның өлеңдері халыққа рух беріп, азаттық идеясын күшейтті.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Кенесары Қасымұлы мен Абылай ханның қандай туыстық жақындығы бар?
  2. Ресей үкіметі қазақ жерін отарлауды қалай жүргізе бастады?
  3. Кенесары Қасымұлы кім?
  4. Кенесары Қасымұлының негізгі мақсаты қандай болды?
  5. Үш жүздің өкілдері Кенесарыны ақ киізге отырғызып, қай жерде хан көтерді?
  6. Исатай Тайманұлының сенімді серігі әрі досы кім?
  7. 1836–1838 жылдары Бөкей Ордасындағы көтерілістің басшылары кімдер?

Оқу тапсырмалары

1) Хронологиялық сөзжұмбақ

Тігінен

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылы басталды?
  2. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылы басталды?

Көлденең

  1. Кенесары Қасымұлы қай жылдан бастап ағасы Саржан бастаған күреске қатысты?
  2. Кенесары Қасымұлы қай жылы Алатау баурайында қаза тапты?
  3. Кенесары Қасымұлы қай жылы дүниеге келді?
  4. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қай жылы аяқталды?

2) «Адасқан әріптер»

  • Шекткаөу Көкшетау (Кенесарының туған жері)
  • Йалыба Абылай (Кенесарының атасы)
  • Асажнр Саржан (1825 жылдан бастап күрес бастаған ағасы)
  • Гржңіә Жәңгір (Бөкей Ордасының ханы)
  • Набатқа Ақтабан (Исатайдың тұлпары)
  • Тебмахам Махамбет (Исатайдың серігі әрі досы)
  • Сейре Ресей (отаршылдық саясат жүргізген мемлекет)

3) «Адаспай тап» (сәйкестендіру)

  • Атырау облысы, Исатай ауданы Исатай
  • Бөкей Ордасының ханы Жәңгір
  • Көкшетау өңірі Кенесары
  • Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Махамбет
  • Қасым Абылай

Бекіту және қорытындылау

VI. Бекіту

«Кубизм» тәсілі арқылы тақырыпты жан-жақты талдау және дәлелдеу.

VII. Қорытындылау: «Орнына қой»

Берілген сөздер: Көкшетау, Қасым, Саржан, Бөкей Ордасы, өлеңдері, Ақтабан

  1. Кенесары 1802 ж. Көкшетау өңірінде дүниеге келген.
  2. Кенесарының әкесі — Қасым, Абылай ханның ең мықты ұлдарының бірі.
  3. Кенесары 1825 жылдан бастап ағасы Саржан бастаған күреске қатысты.
  4. Орыс үкіметіне арқа сүйеген Жәңгір хан Бөкей Ордасының ханы болған.
  5. Махамбеттің жалынды өлеңдері халыққа рух беріп отырды.
  6. Исатайдың тұлпары Ақтабан — өте жүйрік ат болған.

VIII. Үйге тапсырма

Көтеріліс басшыларына сипаттама беріп, олардың тарихи рөлін қысқаша тұжырымдау.