Менің нағашым
Отбасы сыйластығы
Біздің отбасымыз үлкен әрі тату. Отбасымызда әжем, атам, әкем, анам, ағам, інім және сіңлім бар. Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста, олар — зейнеткерлер. Әкесі суретші, анасы дәрігер болып жұмыс істейді. Ағасы сегізінші сыныпта оқиды. Сіңлісі алты жаста, аты — Қарлығаш; ол балабақшаға барады және сурет салғанды жақсы көреді. Інісі кітап оқығанды ұнатады. Сәуле бесінші сыныпта оқиды, сабағы жақсы. Үйдің жанында бау-бақша бар, бақшада жеміс ағаштары көп.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: сіңлі, қарындас, қонақ, дәстүр, құрметті, зейнеткер, жеміс.
II деңгей
1) Диалогті толықтыр:
- — Бұл отбасы қандай? — …
- — Отбасында кімдер бар? — …
- — Кімдер құрметті демалыста? — …
- — Сәуленің ата-анасы қайда жұмыс істейді? — …
- — Ағасы мен інісі нешінші сыныпта оқиды? — …
- — Сіңлісі неше жаста, аты кім? — …
- — Інісі нені жақсы көреді? — …
- — Сәуле нешінші сыныпта оқиды? — …
- — Бақшада нелер өседі? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста.
- Анасы дәрігер болып жұмыс істейді.
- Інісі кітап оқығанды жақсы көреді.
- Сәуле бесінші сыныпта оқиды.
- Сабағы жақсы.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- Өз отбасың туралы эссе жаз.
Қазақ отбасы және «Жеті ата»
«Өткен өмірдің бәрі — сабақ». Қазақ отбасы үшін тарих пен ата-баба шежіресі ерекше маңызды. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген, үйреткен және жаттатқызған. Бұрын адамдар танысқанда руын, тегін сұрауы да осы дәстүрден шыққан; қазір де бұл үрдіс жалғасып келеді.
Жеті ата әкеден таратылады. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген даналық сөз соған дәлел. Әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің атын білуі керек. Жеті ата — бір кісіден тараған аталас қауым. Олар: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: қасиетті, парыз, ұрпақ, жеті ата, нағашы, немере, шөбере, отбасы.
II деңгей
1) Диалогті толықтыр:
- — Мәтінде не туралы айтылған? — …
- — Ұрпақ үшін не маңызды? — …
- — Халқымыз кейінгі ұрпаққа нені міндеттеген? — …
- — Қандай даналық сөз бар? — …
- — Әр адам нені білуі керек? — …
- — Адамдар танысқанда нені сұраған? — …
- — Жеті ата қалай таралады? — …
- — Жеті ата деген не? — …
- — Олар кімдер? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Өткен өмірдің бәрі — сабақ.
- Қазақ отбасы үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды.
- Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- Жеті атаңды жазып бер.
Отбасындағы дәстүрлер
Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу. Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастархан жаюға көмектесеміз, келген қонақты қарсы аламыз. Мерекені көңілді өткіземіз, үлкендер бата береді.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: дәстүр, үлкен, құрмет, қамқор, мейрам, наурыз көже, көмектесу.
II деңгей
1) Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер:
- — Отбасы қандай? — …
- — Отбасында қандай дәстүрлер көп? — …
- — Олар қандай дәстүрлер? — …
- — Наурыз мейрамында не пісіреді? — …
- — Біз неге көмектесеміз? — …
- — Кімдерді қарсы аламыз? — …
- — Мерекені қалай өткіземіз? — …
- — Үлкендер не береді? — …
- — Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталған? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Біздің отбасымыз өте тату.
- Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп.
- Мерекені көңілді өткіземіз.
- Үлкендер бата береді.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- «Менің отбасымдағы дәстүрлер» тақырыбына эссе жаз.
Туыстық қарым-қатынас: үш жұрт
Менің атым — Ғаби. Бұрын тек отбасы мүшелерімді және жақын туыстарымды ғана білетінмін. Жеті атамды білгім келген соң, әкемнен сұрадым. Әкем маған жеті атамды жазып беріп, туыстық қарым-қатынас туралы түсіндірді: әр қазақ отбасының үш жұрты бар — өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
Өз жұрты
Өз жұрты — әке жағынан туыс-бауырлары, ағайындары, бала-шағасы.
Нағашы жұрты
Нағашы жұрты — шеше жағынан туысқан адамдар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы сіңлі, нағашы қарындас.
Қайын жұрты
Қайын жұрт — отбасын құрғаннан кейін танып-білетін құдандалы туыстар.
Қазақта: «Жеті атасын білмеген — жетесіз», «Жеті атасын білген ер — жұрттың қамын жер» деген мақал-мәтелдер бар. Сондықтан әр қазақ баласы өз туыстарын танып-білуге ұмтылады.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: отбасы, мүшелер, қарым-қатынас, нағашы, жұрт, шеше, жағынан.
II деңгей
1) Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер:
- — Мәтін не туралы? — …
- — Ғаби әкесінен не туралы сұрады? — …
- — Әкесі баласына нені жазып берді? — …
- — Туыстық қарым-қатынасты қалай түсіндірді? — …
- — Өз жұрты деген кімдер? — …
- — Нағашы жұрты деген кімдер? — …
- — Жеті атаны не үшін білу керек? — …
- — Бұған қандай мақалдар дәлел? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Әкем маған жеті атамды жазып берді.
- Нағашы жұрты — шеше жағынан туысқан адамдар.
- Олар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы сіңлі, нағашы қарындас.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- «Менің туыстарым» тақырыбына эссе жаз.
Менің нағашым
Менің атым — Батыр. Менің нағашы атам, нағашы әжем және нағашы ағам бар. Нағашы атамның аты — Сейіт, ол 68 жаста. Атам өте ұстамды кісі: бізді адалдыққа, шындыққа, еңбекті сүюге тәрбиелейді. Нағашы ағам — тыным таппайтын адам, барсаң да бірдеңе істеп жүреді. Бір барғанымда ағаш жарып жатқан еді.
Атамның айтуынша, таза ауада серуендеу адам денсаулығына жақсы әсер етеді. Нағашы әжемнің аты — Жәмила, жасы 59-да. Ол мейірімді, ақжарқын жан. Мен нағашы әжемді жақсы көремін, өйткені барғанда тәтті, дәмді тағамдар дайындап, мені еркелетеді. Нағашы ағамның аты — Төленді. Нағашы атам денелі, ұзын бойлы, тік мінезді, іскер адам. Нағашыларым — өте жақсы адамдар.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: ұстамды, шындық, серуендеу, мейірімді, ақжарқын, еркелету, денелі.
II деңгей
Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер:
- — Мәтін не туралы? — …
- — Батырдың нағашы туыстары кімдер? — …
- — Нағашы атасының аты кім? — …
- — Нағашы атасы неше жаста? — …
- — Атасы неге тәрбиелейді? — …
- — Денсаулыққа не жақсы әсер етеді? — …
- — Нағашы әжесінің аты кім, жасы нешеде? — …
- — Нағашы ағасының аты кім? — …
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Атам өте ұстамды кісі.
- Ол бізді адалдыққа, шындыққа, еңбекті сүюге тәрбиелейді.
- Менің нағашы ағам тыным таппайтын адам.
- Қашан барсаң да бірдеңе істеп жатады.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- «Менің нағашым» тақырыбына эссе жаз.
Мен ата-анама көмектесемін
«Балам — болашағым». «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, жақсы-жаман әдеттерді бала ең алдымен отбасында үйренеді. Бала — ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. Әлпештеп өсірген ата-ананың тілейтіні — баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өсуі.
Ана баласының бойынан тәрбиелі, өнегелі, сабырлы, мейірімді, ақылды, парасатты қасиеттерді көргісі келеді. Баланы адамгершілікке баулуда өскен ортаның, құрбы-құрдастың, өнегелі адаммен жолдас болудың ықпалы ерекше. Бұған «Жақсының болмағы — жолдасынан» деген мақал дәлел.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: ұя, балапан, әдет, үміт, азамат, тәрбие, өнеге, адамгершілік, жолдас.
II деңгей
1) Диалогті толықтыр:
- — Бала алғашқы тәрбиені қай жерде, кімнен алады? — …
- — Неліктен баланы ата-ананың болашағы дейді? — …
- — Баланың тәрбиелі болып өсуіне кімдер ықпал етеді? — …
- — Ана баласының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келеді? — …
- — Сен қандай азамат болып өскің келеді? — …
- — Бала ненің жалғасы? — …
- — Адамгершілік қасиеттерге баулуда кімдердің әсері тиеді? — …
- — Бұған қандай мақал дәлел? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Бала — ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы.
- Ана баласының бойынан тәрбиелі, өнегелі, сабырлы, мейірімді, ақылды, парасатты болғанын тілейді.
- Себебі бала — өмірдің жалғасы.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- «Менің өмірбаяным» тақырыбына эссе жаз.
«Ана туралы жыр»
Өлең
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ —
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көгілдір көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнің —
Қолыма түспеді.
Тапсырмалар
I деңгей
- Өлеңді мәнерлеп оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: әлем, сыйлау, гүл, қанат, құшақ, сәби, сыр, байлық, көктем.
II деңгей
-
Диалогті толықтыр:
- — Өлең кімге арналған? — …
- — Әлемнің жарығын кім сыйлады? — …
- — Даладан нені жинап сыйлады? — …
- — Ана ненің қанатын берді? — …
- — Балалық құштарым кімге арналған? — …
- — Ана бізді қалай өсірді? — …
- — Борышын өтеуге нені іздеді? — …
- — Ана үшін нені сыйлар еді? — …
- Сөздерге морфологиялық талдау жаса: әлемнің, жарығын, құстардың, құштарым, байлығын.
III деңгей
- Өлеңнің мазмұнын айт.
- «Анашым — ардағым» тақырыбына эссе жаз.
Қазақстанның ірі қалалары
Астана
Астананың ежелгі аты — Ақмола. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Астана Торғай, Көкшетау, Павлодар, Жезқазған, Қарағанды облыстарымен көршілес. Мұнда 80 ұлттың өкілі тұрады.
Семей
Семей — Қазақстанның ірі, мәдениеті өркендеген қалаларының бірі. Қаланың ұзақ даму тарихы бар. Ежелгі аты — Доржинкит. «Тас мешіт» деген атаумен XVI ғасырдың басынан белгілі. Семейде Жеті шатыр сарайлары бар, олардың басты құндылығы — суреттер.
Алматы
Алматы — саяси, экономикалық және мәдени орталық. Халқы 1,6 миллионнан асады. Қаланың іргетасы Кіші Алматы өзенінің бойында 1854 жылы қаланған, бұрынғы аты — Верный. 1929 жылдан бастап Алматы Қазақстанның астанасы болды. 2011 жылы тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында метро ашылды.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: ежелгі, мәдениет, өркендеу, тарих, құнды, орталық, тәуелсіздік.
II деңгей
1) Диалогті толықтыр:
- — Астананың ежелгі аты қалай аталады? — …
- — Астана қай жерде орналасқан? — …
- — Қай облыстармен көршілес? — …
- — Қанша ұлттың өкілі тұрады? — …
- — Семей қаласының тарихы қандай? — …
- — Алматы қандай орталық? — …
- — Алматының бұрынғы аты қалай аталған? — …
- — Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық қарсаңында не ашылды? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Астананың ежелгі аты — Ақмола.
- Семей — Қазақстанның ірі, мәдениеті өркендеген қалаларының бірі.
- Алматы — саяси, экономикалық және мәдени орталық.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- «Менің қалам» тақырыбына эссе жаз.
Кең-байтақ Қазақстаным
Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы. Қазақстан — ірі мемлекеттердің бірі. Елімізде 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз. Қазақстан кең-байтақ: шекарасының ұзындығы 16,5 мың шақырым.
Шекарамыз батысында Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия республикаларымен және Каспий теңізімен шектеседі. Ол Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін, Тянь-Шань тауларынан Орал тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстанның жері бай: Қарағанды мен Екібастұзда көмір, Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, Балқашта мыс, Өскеменде мырыш өндіріледі. Қазақ халқы егемендік пен тәуелсіздік үшін ұзақ уақыт күресті. 25 қазан — Республика күні.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: ірі, мемлекеттер, ұлт, өкілдер, шекара, мырыш, өндіру, күрес.
II деңгей
1) Диалогті толықтыр:
- — Сенің Отаның қай мемлекет? — …
- — Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады? — …
- — Қазақстан қандай ел? — …
- — Шекарасының ұзындығы қанша шақырым? — …
- — Қазақстан қай елдермен шектеседі? — …
- — Еліміздің жер байлығы нелер? — …
- — Мұнай мен мырыш қай өңірлерде өндіріледі? — …
- — Қазақ халқы не үшін күресті? — …
- — Республика күні қай күн? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.
- Қазақстан кең-байтақ.
- Шекараның ұзындығы 16,5 мың шақырым.
- Қарағанды мен Екібастұзда көмір, Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, Балқашта мыс, Өскеменде мырыш өндіріледі.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- «Бірлігіміз жарасқан байтақ елім» тақырыбына эссе жаз.
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы — біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап XVI ғасырға дейін қолданылған сауда жолы. Қытай жібегі осы жолмен тасымалданғандықтан, ол «Жібек жолы» деп аталған. Жол Қытайдың орталығынан басталып, қазақтың кең даласын басып өтіп, Самарқанд пен Бағдат арқылы Жерорта теңізіне дейін созылған. Оның жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жеткен.
Ұлы Жібек жолы елдер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етті. Ол Қазақстанды Алтай, Моңғолия, Ресей, Орта Азия және Шығыс елдерімен байланыстырды. Қазір Жібек жолы өтетін елдер мен қалалар арасында сауда байланыстары қайта қалпына келтірілуде. Қазақстан Республикасы да оның дамуына елеулі үлес қосуда. Жібек жолы нарық экономикасы үшін маңызды сауда көзі болып табылады.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: дәуір, сауда жолы, орталық, мәдени, байланыстар, нарық, үлес.
II деңгей
1) Диалогті толықтыр:
- — Ұлы Жібек жолы ненің жолы? — …
- — Осы жолмен не тасымалданған? — …
- — Жол қай жерден басталған? — …
- — Ол қандай өңірлерді басып өткен? — …
- — Оның жалпы ұзындығы неше шақырым? — …
- — Жібек жолы қандай байланыстардың дамуына ықпал етті? — …
- — Қазіргі кезде сауда байланыстары не болып жатыр? — …
- — Жібек жолы не үшін сауда көзі болып саналады? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Ол Жібек жолы деп аталған.
- Қазір Ұлы Жібек жолы өтетін елдер мен қалалар арасында сауда байланыстары қайта қалпына келтірілуде.
- Қазақстан Республикасы Жібек жолының дамуына көп үлес қосуда.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- «Жібек жолы тарихынан» тақырыбына эссе жаз.
Қасиетті Түркістан қаласы
Қазақстанда ежелгі қалалар өте көп. Түркістан — қазақ халқының рухани астанасы. 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы аталып өтті. Түркістан Ұлы Жібек жолындағы үлкен сауда орталығы болған. Тарихшылардың айтуынша, қазіргі Түркістан қаласының орнында Шабғар деген қала тұрған. IX–X ғасырлардан бастап бұл қала Йасы деп аталған.
Қазақ хандары осы қалада елді басқарған. Олармен бірге атақты билер мен жыраулар өмір сүрген. Түркістан қаласы тарихи ескерткіштерімен танымал. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін атақты қолбасшы Ақсақ Темір салдырған. Қазіргі Түркістан саяхатшылар үшін маңызды мәдени орталыққа айналды.
I деңгей
- Мәтінді оқы.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: ежелгі қала, сауда орталығы, басқарған, ел, көсем, рухани.
II деңгей
1) Диалогті толықтыр:
- — Түркістан қандай қала? — …
- — Түркістан қай жол бойындағы орталық болған? — …
- — Бұл қала бұрын қалай аталған? — …
- — Қай ғасырлардан бастап қала Йасы деп аталды? — …
- — Түркістан қай кесенемен танымал? — …
- — Қожа Ахмет Йасауи кім? — …
- — Қазіргі Түркістан қандай қалаға айналды? — …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- Қазақстанда ежелгі қалалар өте көп.
- Түркістан — қазақ халқының рухани астанасы.
- 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойы болды.
- Түркістан Ұлы Жібек жолындағы үлкен сауда орталығы болған.
III деңгей
- Мәтіннің мазмұнын айт.
- «Түркістан — туристік қала» тақырыбына эссе жаз.
Астана қаласы, №3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі — Сыздықова Сәуле Серікқызы.