Дұрыс сөйлемді тауып, сөйлем мүшесіне талдау
Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Әйтеке би кенті
№266 мектеп-лицей
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы
Сабақ тақырыбы
Кең байтақ Қазақстаным
Сабақтың бағыты
Әдістері
Баяндау, сұрақ-жауап, талдау, пікір алмасу
Көрнекілігі
Электрондық оқулық, карта
Сабақтың міндеттері
- Оқушыларды пікір айтуға, қосымша материалдардан ізденуге және өзіндік көзқарас қалыптастыруға дағдыландыру.
- Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың тілдік қабілетін және сөздік қорын дамыту.
- Отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға және аялауға баулу.
Сабақ құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, сабақ мақсатын айқындау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар, қысқа талқылау.
3) Жаңа сабақ
Тақырып: «Кең байтақ Қазақстаным». Грамматика: анықтауыш.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
- 1 Қазақстан туралы қысқаша мағлұмат беру.
- 2 Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау.
- 3 Картадан Қазақстан өңірлерін көрсету.
II. Мағынаны тану
- 1 Мәтінмен жұмыс: мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
- 2 Сөздікпен жұмыс: түсініксіз сөздерді талдау.
- 3 Берілген сөз тіркестерін мәндес сөздермен түсіндіру.
III. Талдау — табыс кілті
Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтау.
Дұрыс сөйлемді таңдап, сөйлем мүшелеріне талдау жасау.
IV. Грамматика: анықтауыш
Анықтауышқа анықтама беру және тапсырмалар орындау: сөйлемдерден анықтауышты тауып, сұрақ қою.
Тапсырмаға арналған сөйлемдер
- Батыс Қазақстан — Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан.
- Сарыарқа — Ақмола мен Павлодар облыстарының бірқатар бөлігін қамтиды.
- Сарыарқа — Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы.
- Бұл өңірде әйгілі Марқакөл бар.
- Қазақстанның мұнай өндірісі осы өлкеде дамыған.
V. Суретпен жұмыс
Түрлі-түсті суреттер ұсынылады. Оқушылар суретке сүйеніп, сын есім болатын 10 сөз жазады.
VI. Ұлыдан — ұлағат
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу
- Отан отбасынан басталады.
- Ел — елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
- Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
Интерактивті тапсырма
Берілген сөздерді бос ұяшықтарға тышқанның көмегімен апарып орналастыру (drag-and-drop).
VII. Сабақты бекіту: дискуссиялық карта
Оқушылар «Иә / Жоқ» форматында жауап береді.
| Мәлімдеме | Иә | Жоқ |
|---|---|---|
| 1) Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. | □ | □ |
| 2) Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орында? | □ | □ |
| 3) Қазақстанда 14 облыс, 45 қала бар. | □ | □ |
| 4) Қазақстан Қытай және Иран мемлекеттерімен шектеседі. | □ | □ |
| 5) Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды. | □ | □ |
| 6) Қазақстанның жер көлемі — 2,7 млн шаршы шақырым. | □ | □ |
VIII. Бағалау
Оқушылардың мәтінмен жұмысы, талдау дағдысы, пікір айтуы және тапсырмаларды орындау белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.
IX. Үй тапсырмасы
«Менің елім» тақырыбына шығарма жазу.