Таңбалары бірдей сандарды азайту ережесі

Сабақтар топтамасы

  • 1) Қайталау

    Рационал сандарды қосу мен азайтуға арналған жаттығулар.

  • 2) Ондық бөлшектер

    Ондық бөлшектер тақырыбын меңгерту және бекіту.

  • 3) Көбейту есептері

    Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.

  • 4) Алгебра

    Көпмүшені бірмүшеге көбейту дағдысын қалыптастыру.

Сабақ үлгісі (6-сынып, математика)

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды қосу мен азайтуды қайталауға арналған жаттығулар.

Сабақ мақсаттары

Білімдік

Рационал сандарды қосу және азайту амалдарын орындауға жаттықтыру.

Дамытушылық

Іскерлікті, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. «Хан» ойыны

Қайталау және сұрақ-жауап

Ұйымдастыру тәртібі

  • Ойынға 5 оқушы қатысады.
  • Әрқайсысы асық иіреді: алшы түскен оқушы — хан, тәйке бірінші түскен оқушы — уәзір.
  • Уәзір сыныпқа сұрақ қояды, хан жауаптарды бағалайды.

Өткен тарау бойынша сұрақтар

  1. 1. Таңбалары бірдей сандарды қосу ережесін айт және мысал келтір.

  2. 2. Таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесін айт және мысал келтір.

  3. 3. Алгебралық қосынды деп қандай сандардың қосындысын айтамыз?

  4. 4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

  5. 5. Таңбалары әртүрлі сандарды азайту ережесін түсіндір.

  6. 6. Таңбалары бірдей сандарды азайту ережесін түсіндір.

  7. 7. Рационал сандар қалай азайтылады?

II. «Теңге алу» ойыны

Тақтамен жұмыс және жарыс

Орындау

Әр қатардан 3 оқушы тақтаға шығып есеп шығарады.

Бағалау

Дұрыс шығарған оқушыға «теңге» беріледі.

Нәтиже

Қай қатардың теңгесі көп болса, сол қатар жеңіске жетеді.

III. «Аңшылар» ойыны

Сыныптық белсенді жұмыс

Рөлдер

Екі оқушы өз еркімен аңшы болады, қалғандары — «үйректер».

Ереже

«Үйректер» аңшыларға есеп ұсынады. Аңшылар есепті дұрыс шығарса, «үйректі атып алды» деп есептеледі. Аңшылар кезекпен ауыстырылып отырады.

IV. «Аламан бәйге» ойыны

Жылдамдық және дәлдік

Әр қатарға есептері бар 3 парақ таратылады. Қатардағы оқушылар кезекпен бір есептен шығарады және өз ретіне қарай нөмірленеді.

Уақыт

5–6 минут беріледі.

Қорытынды

Соңында бірінші болған және тапсырмаларды дұрыс орындаған қатар анықталады.

V. «Орамал тастау» ойыны

Тізбекті орындау

Бір оқушы тақтада бастайды. Әрбір таңбадан кейін борды келесі оқушыға береді. Тапсырма кезектесу арқылы орындалады.

VI. Қорытынды

Бағалау және кері байланыс

Сабақ қорытындыланып, оқушылардың жұмысы бағаланады.