Тізбектеп оқыту

Сабақтың тақырыбы

С. Сейфуллин — «Ақсақ киік».

Сабақтың мақсаты

  • Ақын туралы бар білімді тыңдай отырып, жаңа деректерді ашуға жағдай жасау.
  • Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
  • Авторлық шеберлікті танытып, көркемдік-теориялық талдау жасай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • С. Сейфуллин туралы жаңа мәлімет алады.
  • Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсінеді.
  • Автор шеберлігін танып, өлеңге теориялық талдау жасай алады.

Сабақтың құрылымы

Сабақ кезеңдері оқушының эмоциялық дайындығынан бастап, мәтінді қабылдау, талдау және қорытынды ой түюге дейін жүйелі түрде құрылады. Негізгі өзек — табиғатқа жанашырлық пен адамгершілік құндылықтарды поэзия тілі арқылы ұғындыру.

Білу: психологиялық дайындық

Мұғалімнің сұрақтары

  • «Әрбір адам?»
  • «Әрбір сабақ?»
  • «Әрбір ісің?»
  • «Әрбір сөзің?»

Оқушылардың жауаптары (хормен)

  • Туысым, досым, жұрағат.
  • Үйрену, ұғу, ұлағат.
  • Тірлік, тірек, адамдық.
  • Шындық, бірлік, адалдық.

Ой тастау

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Сұрақ: «Біз қай бөліммен оқып танысып жатырмыз?»
Жауап: «Табиғат — менің өз үйім».

Топқа бөлу: табиғат ұғымдары

Оқушылар табиғатқа байланысты үш топқа бөлінеді: Ауа, Су, Жер.

Ауа

Дем алу үшін.

Су

Ішу үшін.

Жер

Өмір сүру үшін.

Топтардың өзін таныстыруы

  • I топ (Ауа): Ауаны тазартудың ең тиімді жолы — көгалдандыру.
  • II топ (Су): Сусыз жер — нусыз жер.
  • III топ (Жер): Жері байдың — елі бай.

Үй тапсырмасын тексеру: «Галереяға шолу»

Оқушылар жұмыстарын (суреттерін) іліп, сынып болып «галереяны» аралап көреді. Кейін әр оқушы өз жұмысын таныстырады. Қосымша тапсырма: «Көкшенің…» деп басталатын жерден бастап өлеңді мәнерлеп оқу.

Түсіну: жаңа сабаққа кіріспе

Сұрақтар:
Еліміздің табиғаты қандай? Қазақстанда мекендейтін қандай аңдарды білесіңдер?
Ал киік туралы не білеміз?

Жаңа тақырып: Бүгін біз С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз.

  • С. Сейфуллин туралы қысқаша мәлімет беру («Үш бәйтерек» тақырыбымен байланыстыра отырып).
  • Киік туралы слайд арқылы тың деректер ұсыну.
  • Өлеңді бейнематериалдан тыңдату.
  • Оқыту: тізбектей оқу, теріп оқу, әр шумаққа ат қою.
  • Сөздік жұмысы (тақтадағы тірек сөздермен).

Дәптермен жұмыс

Күні мен тақырыпты жазу. Табиғатты қорғауға қатысты тыйым сөздерді көшіріп жазу.

  • Малды теппе.
  • Құстың ұясын бұзба.
  • Малды, ыдысты, тамақты теппе.

Қолдану: топтық жұмыс

I топ

Аңшының әрекеті туралы өз ойларыңды айтыңдар. Киікті атқан адамға деген көзқарастарыңды білдіріңдер.

II топ

Киікті сипаттаған тұсты тауып оқыңдар да, сол ойды жалғастырып қысқаша жазып көріңдер.

III топ

Таулы, орманды, жазық және шөлді аймақтарды мекендейтін жануарларды тізіп жазыңдар.

Сергіту сәті

«Жез киік» әніне қысқа қимыл-қозғалыс жасап, сергіп алу.

Талдау және жинақтау

Сурет бойынша жұмыс

  • Суретте не бейнеленген?
  • Киіктің хәлі туралы не айтар едің?
  • Сурет сенде қандай көңіл күй тудырды?

Жинақтау сұрағы

Киіктің сұлулығын және оқ тиген сәттен кейінгі ауыр халін ақын қандай көркемдік тәсілдер арқылы бейнелейді?

Бағалау және жазылым

Бағалау сұрағы: Киікті атқан адамға қандай баға берер едіңдер? Неге?

Эссе: «Мен — табиғат қорғаушысымын!»

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Қазақ халқының табиғатты қорғауға қатысты тыйым сөздерін жинақтау.