Дәйек сөздің мағынасынтүсіндіру

Сабақ туралы мәлімет

Пәні

Өзін-өзі тану

Тақырыбы

Обал мен сауап

Құндылық

Ақиқат, қиянат жасамау

Қасиеттері

  • Мейірімділік
  • Қайырымдылық
  • Ізгілік
  • Таза ниет
  • Адал еңбек

Сабақ мақсаты

Мейірімділікті адамгершілік құндылық ретінде түсіндіруді тереңдету, оқушылардың түсінігін кеңейту.

Міндеттері

  • Обал мен сауап ұғымдары туралы түсінік беру.
  • Халықтың дәстүрлі игі әдет-ғұрыптарына қызығушылықты арттыру.
  • Мейірімділікке, үнемшілдікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар

  • Тақырыпқа арналған суреттер
  • Оқулық
  • Дәптер
  • Көрнекі құралдар

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар ыңғайланып отырады.
  • Жайлы әуен тыңдайды.
  • Қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қояды.
  • Аяқтарын айқастырмайды, арқаларын тік ұстайды.

2) Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Рефлексия

Жер бетіндегі барлық жылылық күннен тарайды. Елестетіңіз: жүрегіңізден шыққан күннің жылуындай нұр сәулесі алдымен екі қолыңызға жетті. Қолдарыңыз тек жақсы, әдемі, жұмсақ, нәзік дүниелерді ұстайды.

Нұр сәулесі екі аяғыңызға да жетті. Сіз аяғыңызбен тек жанға жайлы, әсем жерлермен жүріп келесіз.

Нұр сәулесі бойыңызға тарап, аузыңызға келді. Сіз тек жақсы сөздер мен ізгі тілектер айтасыз.

Нұр сәулесі құлағыңызға келді: сіз тек жақсы жаңалықтар естисіз. Ол құлағыңыздан өтіп, көзіңізге жетті: көзіңізбен тек жақсылықты, бақытты өмірді көресіз.

Нұр сәулесі жүйкеңізге қуат берді. Ол отбасыңызға, сыныбыңызға тарап, Құлсары ауылын аралап, тәуелсіз еліміздің түкпір-түкпіріне жетті. Барған жеріне жақсылық пен қуаныш сыйлап, қайтадан жүрегіңізге орнықты. Жүрегіңіз жақсылық пен жылылыққа толды.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тапсырмаларды қысқаша шолу жасап, оқушылардың жауаптарын тыңдау.

4) Дәйексөз

«Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің».
Халық даналығы

Бұл нақыл сөздің мәні терең. Үлкендер «обал болады» деп, жасқа жасауға болмайтын қылықтарды ескертіп, балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. Ал «сауабын аласың» деп, жақсы істерге жетелейді.

«Сауабын аласың» деген ой — жақсылық жасаған адам жақсылыққа жолығады, алғысқа бөленеді дегенді білдіреді. Сондықтан үлкендердің «обал болады», «сауабын аласың» деген сөзін тыңдау — ізгі әрекеттерге бастайтын бағдар.

Айтылым жұмысы

  • Дәйексөзді хормен айту.
  • Ұл балаларға айтқызу.
  • Қыз балаларға айтқызу.

5) Әңгімелесу

Сұрақтар

  • «Обал» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • «Обал болады», «сауап болады» деген сөздер қай жағдайда айтылады?
  • Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?

Түсіндірме

Обал мен сауап — мағынасы жағынан бір-біріне жақын ұғымдар.

Обал — жақсы нәрсенің қадірін біл; әйтпесе, кейін оның зардабын тартасың деген ескерту.

Сауап — адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқор болу, ізгі іс істеу.

6) Мәтінмен жұмыс

Талқылау сұрақтары

  • Обал деген не?
  • Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?
  • Нанды неге жерге тастауға болмайды?
  • Балаларға обал туралы қандай кеңес айтар едіңдер?

7) Мұғалім сыйы

Өлең

Шыр-шыры еткен торғайды,

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Әңгімелесу (сұрақ-жауап)

  • Өлеңнің негізгі ойы қандай?
  • Табиғатқа қамқор болу неге сауап?
  • Құстың ұясын бұзу неліктен обал?

Мұғалім мәтінді оқып, мағынасын түсіндіреді; обал мен сауап туралы қысқаша қорытынды жасайды.

8) Шығармашылық жұмыс: ойын-жаттығу «Обал мен сауап»

Топпен жұмыс: берілген әрекеттердің қайсысы «обал», қайсысы «сауап» екенін ажыратып, дәлелдеу.

«Обал болады» мысалдары

  • Көк шөпті жұлма — обал болады.
  • Құмырсқаның илеуін таптама — обал болады.
  • Сүтті төкпе — обал болады.
  • Ұяны бұзба — обал болады.

«Сауап болады» мысалдары

  • Қарияның жүгін көтеріс — сауап болады.
  • Торға түскен құсты босат — сауап болады.

Топтық ойын

Әр топ өз мысалдарын ұсынады: сынып болып тыңдап, «обал» мен «сауап» тұрғысынан талқылайды.

9) Топпен ән айту

А. Естенов — «Көк алма»

Ән мәтіні

Жас түйнек көк алма

Түсіп қапты көгалға.

Көктей жұлған оларды

Сотқар бала оңар ма?

Сауап пен обал да

Көкейіне қонар ма?

Мәуе берер ал күзде,

Қайдағы алма оларға?

Соны неге білмейді,

Құлағына ілмейді.

Күтіп-баптап неге ертең

Тәтті алма жеп жүрмейді?

10) Үй тапсырмасы

Сурет бойынша әңгіме құрастыру: суретке қарап шағын мәтін жазу, ойды жүйелі жеткізу.

11) Соңғы тыныштық

Жай әуен тыңдап, көзді жұмып бүгінгі сабақты елестету. «Сабақ ұнады ма? Не түйдің?» деген сұрақтар арқылы қысқаша қорытынды жасау.