Зерек тобы

Сабақтың мақсаты

Бұл сайыс сабақ оқушыларды сәлемдесу мәдениетімен таныстырып, әдептілік пен адамгершілік құндылықтарын күнделікті өмірде қолдануға бағыттайды.

Білімділік

Сәлемдесудің түрлерін меңгертіп, оның инабаттылық, әдептілік және адамгершілік белгісі екенін түсіндіру; білімдерін бекіту.

Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымды және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Сабаққа назар аударту және сайыс ережелерімен таныстыру.
  • Екі топтың құрамы: әр топта 10 оқушы.

I топ: Зерек тобы

Ұраны:

«Кішіден ізет, үлкеннен парасат»

Біздің де тобымызда өнерлі көп,
Көрермен өнерліге сүйсінер кеп.
«Зерек» деген тобымызға,
Жақсы баға берсін деп тіледік көп.

II топ: Ұлағат тобы

Ұраны:

«Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат»

Тобымыз «Ұлағат» атына сай,
Өнерлі балаларымыз — бәріміз де.
Бәйгеден озып келген жүйрік аттай.

II айналым: Сәлемдесу рәсімдері

Әр топ әр елдегі сәлемдесу дәстүрлерімен таныстырады. Амандасудың кең тараған түрлері:

  • Қол беріп амандасу
  • Төс қағыстырып амандасу
  • Қолды сүйіп амандасу
  • Маңдайдан сүйіп амандасу
  • Көзден сүйіп амандасу

III айналым: Әдептілік қағидалары

Әр топ жағдаяттық сұрақтарға жауап береді. Мақсат — дұрыс шешім қабылдау, мейірім мен жауапкершілікті көрсету.

  1. Қолында екі ауыр сөмкесі бар әжей базардан қайтып келе жатады. Алдынан ойнап жүрген екі бала шығып, әжейді байқамай қағып кетеді. Әжей құлап, заттары шашылады, ал балалар артына қарамай кетіп қалады. Егер сіз сол балалардың орнында болсаңыз, не істер едіңіз?
  2. Екі оқушы мектепке келе жатып, қарт кісіге кездеседі. Ол мектепке дейін жол сұрайды. Оқушылар асығыстығын айтып, кетіп қалады. Осындай жағдайда сіз қалай әрекет етер едіңіз?
  3. Қоғамдық көлікте отырсыз. Бір аялдамадан балалы әйел мінді. Мұндай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?
  4. Көшеде жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау керек?

IV айналым: Әдептілікке байланысты тыйым сөздер

Бұл айналымда оқушылар әдептілікке қатысты тыйым сөздерді айтып, олардың мәнін талқылайды.

  • 1 Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма.
  • 2 Үлкен кісімен сәлемдескенде қолыңды бұрын ұсынба.
  • 3 Бас киімді теппе, аяқасты тастама.
  • 4 Мүмкіндігі шектеулі адамға күлме.

V айналым: Әдептілік туралы мақал-мәтелдер

Бұл кезеңде оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табады және мағынасын түсіндіреді.

Мақал 1

«Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені»

Мақал 2

«Әдептілік, ар-ұят — амандықтың белгісі»

Мақал 3

«Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала»

VI айналым: «Ұшқыр ойдан — ұтымды жауап»

Бұл кезеңде топ басшылары білім бәйгесіне түседі: сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап береді.

Зерек тобының сұрақтары

  1. Әдептілік дегеніміз не?
  2. Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
  3. Қонақ келгенде не істейсің?
  4. Мектепте, сыныпта өзін қалай ұстау керек?
  5. «Бес асыл істі» атаңыз.
  6. Жағымсыз әдеттерді атаңыз.
  7. Нені ұнамсыз деп санайсыз?
  8. Әдепті бала қандай болады?

Ұлағат тобының сұрақтары

  1. Әдепті бала әдептілікті қайдан үйренеді?
  2. Қонаққа барғанда өзіңді қалай ұстау керек?
  3. «Сіз» бен «сенді» шатастырған кезің болды ма?
  4. «Бес дұшпанды» атаңыз.
  5. Қайырымдылық дегеніміз не?
  6. Досыңның қандай қасиеттері саған ұнайды?
  7. Удан ащы не бар?
  8. Әдепсіз бала қандай болады?

VII айналым: Қорытынды

Қорытынды кезең «Сиқырлы таяқша» ойынымен аяқталады: балалар шеңберге отырып, таяқшаны бір-біріне ұсынып, кезекпен сол оқушының жақсы қасиеттерін атайды.

Ж — жігерлі
А — адал
Қ — қайырымды
С — сыпайы
Ы — ынтымақты

Оқушылардың алты айналымнан жинаған фишкалары есептеліп, нәтижелер шығарылады. Топтар марапатталады, ал ең жоғары ұпай алған топ сайыстың жеңімпазы атанады.