Атом құрылысы. Сабақтың мақсаты

Сабақ туралы мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, А. Навои атындағы №13 жалпы орта мектебі. Химия пәні мұғалімі — Абдикаюмова Нодира Абдирахимовна.

Сабақ тақырыбы

Атом құрылысы. Изотоп.

Жаңа білім беру сабағы

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап, интерактив

Көрнекілік

Оқу құралдары, периодтық жүйе

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың өз бетінше элемент атомдарының құрылымдық жазылуын құрастыруына, электрон, протон және нейтрон сандарын анықтауына, сондай-ақ электрондық формула арқылы элементті тануына қол жеткізу.

Білімділік

Атом құрылысы және изотоптар туралы негізгі мәліметтерді беру.

Дамытушылық

Еркін пікір алмасу, логикалық ойлау, зерттеу және қорытынды шығару қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Элементтердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы химия пәніне қызығушылықты арттыру.

Оқу ресурстары

Цифрлық білім беру ресурсы

Электрондық оқулық: «Неорганическая химия» (МарГТУ, 2008). Мультимедиа лабораториясы. Ресурс сайты: eor.edu.ru.

Модуль

«Атомная гипотеза. Основные сведения о строении атомов»

Тренажер

«Состав атомных ядер» (1-нұсқа)

Тренажер

«Состав атомного ядра» (2-нұсқа)

Бейнематериалдар

«Атом құрылысының ашылу тарихы. Резерфорд тәжірибелері»; «Атом құрылысы»

Жаңа ұғымдар

Элементар бөлшектер Нуклондар Электрон Протон Нейтрон Электрон қабаттары Электрон бұлттары Изотоптар Электрондық деңгейшелер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут
  • Сәлемдесу
  • Зейін аудару жаттығуы
  • Түгендеу
  • Сабаққа дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру

7 минут

Тексеру форматы: сұрақ-жауап және карточкалар арқылы. Деңгейлік тапсырмаларды бағалау критерийлері алдын ала таныстырылады.

III. Ой қозғау кезеңі

Проблемалық сұрақ

«Атом» сөзінің мағынасы қандай? Егер атом «бөлінбейтін» болса, онда электрон, протон және нейтрон қандай бөлшектер?

Осы сұрақтарға сабақ барысында бірге жауап іздейміз. Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстырылады.

IV. Жаңа сабақты меңгерту

Атом құрылысының ашылу тарихы

3 минут

«Атомная гипотеза. Основные сведения о строении атомов» модулі арқылы қысқаша түсіндіріледі, қызығушылық оятылады.

Резерфорд моделі және ядро

2 минут

Резерфордтің тәжірибелері негізінде атомның планетарлық моделі жасалғаны түсіндіріледі. «Атом және ядро құрылысы» бейнематериалы көрсетіледі.

  • Ядро: оң зарядталған протондар және зарядсыз нейтрондар.
  • Ядроны айнала: теріс зарядталған электрондар электрон қабаттарында орналасады.

Атом құрылысы (схемамен жұмыс)

15 минут

Слайд-схема көрсетіледі. Оқушылар дәптерлеріне атом құрылымының сызбасын түсіріп, бөлшектердің орналасуын және зарядтарын белгілейді.

Изотоптар туралы түсінік

Реттік нөмірі (протон саны) бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі болатын бір элемент атомдары изотоптар деп аталады.