Отанға деген сүйіспеншілікті шығарма жүзінде ашып көрсету
Мақсат пен міндет
- Мақсаты
- Қазақстанды — Отаным ретінде дәріптеу, Тәуелсіздігімізді қастерлеу, «Отан» сөзінің мән-мағынасына тоқталу.
- Міндеті
- Отанға деген сүйіспеншілікті шығарма арқылы ашып көрсету.
Менің Отаным — Қазақстаным
Біз әліппені оқып бітірдік. Әр әріпті оқи отырып, сөздер мен сөйлемдер құрауды үйрендік. Мысалы, «О» әрпіне келгенде көптеген сөздерді іздедік: Отан, отбасы, оқу, оқымысты, отағасы, от, отау және тағы басқа.
Күнделікті еститін сөздер
Біз теледидардан да «Нұр Отан», «Отау ТВ» сияқты атауларды жиі естиміз. Мұғаліміміз еліміз туралы көп түсіндіріп, әр сөздің мағынасын ұғындыруға көмектеседі. Біз көп нәрсені үй ішіндегі үлкендерден де үйренеміз.
Мен білетін Қазақстан
- Қазақстан — өз алдына жеке мемлекет.
- Оның жері, байлығы және өз Туы бар.
- Әнұран да «Менің Қазақстаным» деп аталады.
Өзіме жақын, таныс адамдарды — сыныптастарымды да, айналамдағы жандарды да — ойласам, бәріміздің Отанымыз бір екенін түсінемін: Отанымыз — Қазақстан.
Мектеп дәлізінде Тудың суреті ілулі тұр, сондай-ақ біз қызығатын әртүрлі суреттер де бар. Менің айналамдағы адамдардың барлығы бір елде өмір сүреді. Әрқайсымыз бір Отанның мүшесі саналамыз.
Сүйіспеншілік отбасыдан басталады
Мен ата-анамды, ата-әжемді, туған бауырларымды және туған-туыстарымды жақсы көремін. Сыныптастарым да маған ұнайды. Мұғалімім де, жақындарым да жиі айтатын ой бар:
«Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады».
Ал ең үлкен Отанымыз — Қазақстан. Біз «туған жер», «туған ел», «туған өлке» деген сөздердің де мағынасын үйрендік. Бұл — жүрекке жақын, түсінікті ұғымдар.
Мен тұратын жер
Жезқазған — менің қалам
«Қай жерде тудың?», «Қай жерден келдің?», «Қайда тұрасың?» — деген сұрақтарды жиі естиміз. Менің тұратын жерім — Жезқазған.
Мен Жезқазған қаласының Қарағанды облысына қарайтынын білдім. Ал Қарағанды қаласы — облыс орталығы. Ол бізден алыс: оған пойыз да қатынайды, ұшақ та ұшады.
Жол әсері
Елдің көбі пойызбен жүргенді жақсы көреді. Мен де жазда пойызбен қыдырып келдім. Сонда бір нәрсені анық байқадым: қай жаққа қарасаң да, көз жетпес кең дала созылып жатады.