Мақал - мәтелдердің сыңарын жалғстыру
Тақырып
«1001 мақал, 101 жұмбақ» (слайдпен)
Пішім: тіл білгірлер сайысы • 4 тур • 8-сыныптар арасында
Мақсаты
- Қазақ халқының сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлейтін халық екенін түсіндіру.
- Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
- Ойлау қабілетін, есте сақтау дағдысын жетілдіру.
Көрнекіліктер
Слайдтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар.
Қатысушылар
8 «Ә» — Қожабаева Мөлдір
8 «Б» — Хайтбаев Сауран
8 «В» — Жанбаева Ақмарал
Жүргізуші сөзі: тілдің қадірі
Жанның жайын жарыққа шығару, ішкі сырды сыртқа білдіру үшін адамда екі құрал бар: бірі — мимика, бірі — сөз. Мимика — жан дүниенің дене арқылы көрінуі (күлу, жылау). Ал ым-ишара ішкі сезімді аңғартқанымен, ойды толық жеткізе алмайды.
Ойдың тілі — сөз. Тіл болмаса, жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер мен жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, көмескі күйде қалар еді. Адам тіл арқылы жан сырын сыртқа шығарып, өзгенің де жанын ұғынады. Сондықтан ұлт болып ұйысудың ең басты шартының бірі — тіл.
Өлең жолдары
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Таралған балаларын бауырыңа Ақ қолыңмен тараларсың сен, тілім.
«Мақал — сөздің мәйегі. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді» деген қанатты сөзді негізге алып, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысты бастаймыз.
Ұйымдастыру кезеңі
Сайыс 8 «Ә», 8 «Б», 8 «В» сыныптары арасында өтеді. Ойын 4 турдан тұрады, әр турдың өзіндік шарттары бар.
Іске сәт!
I тур: Жұмбақты шеш те, мақал тап
Шарты: берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ мәтінінен бір сөзді алып, сол сөзге қатысты мақал-мәтел айту.
1)
Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ.
Жауабы: Тіл
2)
Бір ғажап бар — тілі жоқ,
Сөйлесем десең — міні жоқ.
Жауабы: Кітап
3)
Күміс қазықтың асы алтын.
Жауабы: Тіл мен сөз
4)
Жаңалықты үн-түнсіз таратады,
Барша жұртты бір өзіне қаратады.
Жауабы: Газет
5)
Үсті шарбақ,
Асты шарбақ,
Ортасында тұрар сарнап,
Жалғыз бармақ.
Жауабы: Тіс пен тіл
6)
Жел соқса жайқалып толқиды,
Ел оқыса тұла бойың балқиды.
Жауабы: Өлең
Ән-көрініс
«Мектебім» әні. Орындайтын: Оразалиев Мұқасан.
II тур: Мақал-мәтелдің сыңарын жалғастыр
Шарты: берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айту.
- 1. Жалақ кісі тілден жазар, таз кісі қолынан жазар.
- 2. Тіл — буынсыз, ой — түпсіз.
- 3. Тіл — шекер, бала кетер, байлық бекер.
- 4. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.
- 5. Қымбат дүние қолға түсе бермейді, қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
- 6. Тіземнен сүріндірсең — сүріндір, тілімнен сүріндірме.
Күй/шығарма
«Адай» (би). Орындайтын: Дүйсенова Ақтолқын.
III тур: Түркі мақалдарының мағынасын аш
Шарты: М. Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндіріп беру.
Баланың ісі іс болмас, лақтың мүйізі сап болмас.
Кең тігілген тон тозбас, кеңесілген іс бұзылмас.
Бір-бірлеп мың болар, тама-тама көл болар.
Далада бөрі ұлыса, үйдегі иттің бауыры солқылдар.
Қас батыр өкініші жаңбырдай, білімі мірдің оғындай.
Ән-көрініс
«Ұстазым» әні. Орындайтын: Оразалиев Мұқасан.
IV тур: Сандардың сыры
Шарты: көп нүктенің орнына қажетті сандарды қойып, сол санға байланысты мән-мағынасын түсіндіру.
- 1. Анасын үш арқалап барса да, қарызын өтей алмайды.
- 2. Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.
- 3. Жеті атасын білмеген — жетесіз.
- 4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
- 5. Қыздың қырық жаны бар.
- 6. Жігіттің үш жұрты болады: ата жұрты — күншіл, ана жұрты — сыншыл, қайын жұрты — міншіл.
Би
«Брек» биі. Орындайтындар: _______________________________
Қорытынды
Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.