Аяз ата кел, кел

Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі

Бұл мәтін — балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік қойылымның ретімен берілген сценариі: жүргізуші сөзі, әндер, тақпақтар, жұмбақтар, кейіпкерлердің келуі және қорытынды құттықтау.

Формат: ән • тақпақ • жұмбақ • көрініс

Кіріспе

Жүргізуші балалар мен қонақтарды қарсы алып, Жаңа жылдың келуін жариялайды. Мерекеге сәнді шырша шақырып, ән айтып, би билеуге үндейді.

Жүргізуші

Даламызға да, қаламызға да Жаңа жыл кіріп келеді. Қарттарға да, балаларға да жалынды сәлем жолдайды. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар: сәнді шырша шақырады — шырша жырын жырлаңыздар! Келіңіздер, келіңіздер, би де билеп беріңіздер. Қызығы мол Жаңа жылдың тамашасын көріңіздер!

Хор

«Орманда шырша туыпты»

Шыршаны жағу

Жүргізуші балаларға шыршаның көңілсіз тұрғанын айтып, бәрін бірге шамдарын жағуға шақырады.

Жүргізуші

Балалар, жаңа жылдық шыршамыз көңілсіз болып тұрған сияқты. Кәне, бәріміз бірге жағайық:

Қуантып бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет)

Ән

«Қошақаным» (орындайтындар: Дамира, Айзере, Альбина)

Тақпақтар (I бөлім)

Балалар шырша, қыс, береке мен Аяз ата туралы өлеңдерін кезекпен айтады.

Айзере

Тамаша, тамаша, шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы — көз тоймайды қараса.

Ердиас

Боранымен белді буып, Жаңа жылым тағы келді.
Берекесін ала келсін, нұрға бөлеп біздің елді.

Бақытнұр

Келді тағы Жаңа жыл, қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш — құттықтаймыз сіздерді!

Әлішер

Жаңа жыл, Жаңа жыл, сені күттім елеңдеп.
Өзіңменен ілесіп, Аяз ата келер деп.

Еркеназ

Келеді деп Жаңа жыл, қоян-қасқыр досым бар.
Жиналыпты осында: кел, кел, Жаңа жыл!

Темірұлан

Қызыл ала шапаны — сағындым Аяз атаны.
Жылдамырақ келсе екен, бізге сыйлық берсе екен.

Әділет (Н.)

Аппақ тонға оранып, базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан — Аяз ата оралып.

Олжас

Келді, келді Жаңа жыл — қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын алайық айтып жаңа жыр.

Сахналық белгі

Тақпақтар аяқталған соң есік қағылады — Ақшақар келеді.

Ақшақар және жұмбақтар

Ақшақар амандасып, Аяз атаның сәлемін жеткізеді. Балаларға жұмбақ жасырып, мерекелік көңіл күйді жалғайды.

Ақшақар

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен Ақшақармын — Аяз атаның немересімін. Мен сонау қар патшалығынан келдім. Орманда күн суық, даланы қар басқан. Сендерге келе жатқанымда Аяз ата сәлем айтып жіберді. Көп кешікпей өзі де келіп қалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Аяз ата келгенше ән салып, би билейміз. Қане, балалар, мені мұқият тыңдаңдар — жұмбақ жасырамын, сендер шешуін айтыңдар.

Жұмбақ 1

Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы-жазы тау жақта.

Жауабы: Қар

Жұмбақ 2

Жасыл ине киімім,
Жайлайтын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін — үйіңнің.

Жауабы: Шырша

Жүргізуші

Балалар, бәріміз қол ұстасып, шыршаны айналып, әнімізді айтайық!

Хор: «Зырлайды шанамыз»

Сахналық белгі

Осы кезде есік тағы қағылады.

Аққала, Қоян және ортақ ойын

Ақшақар жаңа жұмбақ арқылы қонақты таныстырады. Аққала қоянды шақырып, балаларды ойынға, биге жұмылдырады.

Ақшақардың жұмбағы

Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны.

Жауабы: Аққала

Аққала

Қыста — ақ, жазда — сұр.

Жауабы: Қоян

Қоян

Балалар, мен сендерден көмек сұрайын деп келдім. Мені бұл мерекеге жібермеймін дейді сұр қасқыр. Содан қашып, қорқып келемін.

Ақшақар

Қояндар, қорықпаңдар! Бірлік түбі — тірлік, тірлік түбі — мереке. Мерекемізді жалғастырайық. Қане, қояндар, өз өнерлеріңді көрсетіңдер!

Би

«Қояндар биі»

Хор

«Аппақ, аппақ жапалақтап…»

Ән

«Анашым» (орындайтын: Бақытнұр)

Тақпақтар (II бөлім)

Бұл бөлімде Жаңа жылға арналған құттықтаулар, шыршаға арналған өлеңдер және ортақ тілек сөздер айтылады.

Әли

Төрлет, қане, Жаңа жыл, үлестір құт-береке.
Көп қуаныш ала жүр, көп болсыншы мереке.

Әбубәкір

Жаңа жыл, Жаңа жыл — Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында билеп барлық бала жүр.

Нұршат

Өлең де әзір, ән де әзір, ойын да әзір — бәрі де әзір.
Кел, Жаңа жыл, біздерге! Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Альбина

Жаңа жылым мол болсын, басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле, Жаңа жыл — бізге құтты жыл болсын!

Бейбарыс

Жасыл шырша, қош келіпсің, сені аңсап жүрдік біз.
Өлеңмен Жаңа жылды қарсы алуға келдік біз.

Олжас

Жасыл шырша жанында ойнап-күліп қайтамыз.
Жасыл шырша жанында өлеңді де айтамыз.

Әділет (Қ.)

Жасыл желек жамылған, асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз — көптен күтіп сағынған.

Нұрали

Тілеймін мен бар адамға — жаңа бақыт, жаңа нұр.
Ата-әже, әке-ана, құтты болсын Жаңа жыл!

Аяз атаны шақыру

Ақшақар: Қонақтарымыз жиналды, шыршамыз дайын, ал Аяз атамыз әлі жоқ…
Жүргізуші: Мұңаймаңыз, бәріміз бірге шақырайық: «Аяз ата, кел, кел!»

Аяз атаның келуі

Аяз ата мен «қой жылы» кейіпкері келеді. Балалар амандасып, өнерлерін көрсетеді: ән, би, тақпақ.

Жүргізуші

Армысыздар, халайық, әсем әнге салайық!
Айтпас бұрын ән-жырды, Аяз атамен амандасып алайық.

Барлығы (хормен):

Амансың ба, Аяз ата! Хош келдіңіз ортамызға!

Аяз ата

Балаларым, балғындарым, өмір гүлім — шалғыным.
Тілегенім жыл бойы — сендердің денсаулықтарың.

Құтты болсын Жаңа жыл, айналайын балалар! Қалтам толы сыйлыққа, базарлығым тағы бар.
Ән салып, би билегенге әкелген көп сыйым бар.

Би

«Ұлпа қарлар биі»

Ақшақар және кішкентай сіңлілері орындайды.

Хор

«Аяз ата»

Тақпақтар

Ілияс

Оралдың өлкеме, Жаңа жыл, армысың.
Оранды ақ көрпеге асқартау, қарлы шың.

Мұстафа

Жаңа жылым жол болсын, басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет, Жаңа жыл — бізге құтты жыл болсын!

Зейнеп

Жүзімізде күлкі ойнап, қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап, шаттанамыз бәріміз.

Меруерт

Аппақ тонға оранып, базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан — Аяз ата оралып.

Жандос

Ақ қырауға малынған сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған — сәлем берді жұртына.

Айым

Ақ қырауға малынған сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған — сәлем берді жұртына.

Темірұлан (Т.)

Аяз ата келіп тұр, бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай, кесіп алсам шіркін-ай.

Би

«Сайқымазақтар биі»

Ертегі көрінісі: «Жеті лақ»

Мерекелік кеш ертегі әлеміне ұласады. Балалар «Жеті лақ» көрінісін ойнап, диалогтар арқылы оқиғаны көрсетеді.

Жүргізуші

Жаңа жылдық кеште көтереміз көңілді біз. Ертегілер елін де еске түсірейік. Міне, балалар, ертегілер әлеміне келіп қалдық — «Жеті лақ» ертегісін тамашалайық.

Лақтардың диалогтары (үзінді)

Олжас: Апатай-ау, апатай, таяп қалды Жаңа жыл. Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә!

Бақытнұр: Сен орманға барсаңшы, сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!

Ілияс: Біз баламыз әркез сақ, әкел бізге көп моншақ, мә-мә!

Әділет (Н.): Ақ моншақты тағайын, сауық-сайран салайын, мә-мә!

Айзере: Апатай-ау, апатай, біз ақылды баламыз, айтқан тілді аламыз, мә-мә!

Темірұлан: Келіп қалды Аяз ата, би билеп, ән салайық, мә-мә!

Әбубәкір: Жаңа жылға қатысып, сыйлық алғым келеді. Орманға тез барсаңшы, Аяз атаны алып келсеңші, мә-мә!

Ешкі

Лақтарым, шырақтарым, орманға мен барайын. Сыйлық таңдап алайын. Сақ болыңдар әркез тек: қасқыр келіп қалмасын, тойдың шырқын алмасын.

Лақтар (бәрі бірге)

Біз ешкімге есік ашпаймыз!

Көріністің жалғасы

Ешкі орманға шыққанда Ақшақарды кездестіреді. Қасқыр айла жасап, лақтарды алдамақ болады. Ақшақар қасқырды татулыққа шақырып, мерекеге бірге қосылуға көндіреді.

Хор

«Көрікті шыршамыз»

Аңдар шеруі

Орман аңдары да мерекеге қатысып, Аяз атаға өнер көрсетеді: арыстан, аю, қасқыр, түлкі сипаттамалы тақпақтарын айтады.

Жүргізуші

Бүгінгі Жаңа жыл мерекемізге ормандағы аңдар түгел келіпті. Олар да Аяз атаға өз өнерлерін көрсетіп, құттықтауға келді.

Арыстан (Бекнұр)

Мен мықты арыстан — аңдардың патшасы.
Жауыммен алыссам, күл болады қаңқасы.

Аю (Әділет Қ.)

Мен балқұмар қорбаңдаймын, тәтті ұрлауға қорланбаймын.
Омартаны аралаймын, аяқ-қолды жаралаймын — балға тоймай оралмаймын.

Қасқыр (Бақдәулет)

Мен көкжал қасқырмын, малшыны састырдым.
Аш болсам ұлимын, ауылды торимын.
Аңшыдан қорқамын, сайлармен жортамын.

Түлкі (Дамира)

Мен түлкімін, күлкінің қоймасымын.
Ашық ауыз аңқауды күлкіменен арбаймын.
Мықтымсыған мақауды қулығыммен алдаймын.

Тақпақтар (қорытынды топ)

Кәусәр

Бақша іші — мереке, ойын-күлкі, асқақ ән.
Жақсы әкелер Жаңа жыл — мерекені бастаған.

Ұлықпек

Жылдың әнін бастайын, Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың, көтере алмай көп қарды.

Жанбота

Кел, достар, бастайық — бастайық жыл басын.
Қызықтан бос қалып, кей бала қалмасын.

Қорытынды және тілек

Аяз ата басқа балаларға баруға дайындалады. Жүргізуші алғыс айтып, барлық бала хормен тілек білдіреді. Мереке қоштасу әнімен аяқталады.

Аяз ата

Ал, балалар, мені сағынып алыс жерлерде тағы да басқа балаларым күтіп отыр. Қызым екеуміз соларға қарай аттанайық.

Жүргізуші

Ата, көп-көп рақмет сізге! Біз сізге ризамыз. Келесі жылға дейін балаларды ренжітпейміз және өздеріңізді асыға күтеміз.

Барлық балалар (хормен)

Біз тілейміз — Жаңа жылдық шаттықты!

Біз тілейміз — Жаңа жылдық бақытты!

Қоштасу

Сау болыңыз, Аяз ата, Ақшақар! Жолдарыңыз болсын! Келе жатқан 2015 жыл денсаулық, елімізге тыныштық, тоқшылық әкелсін, қуанышты да табысты жыл болсын!

Енді балалар, қой жылымен бірге шыршаны айналып, «Жаңа жыл» әнімен бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.

Ресми аяқталуы

Құрметті қонақтар, ата-аналар! Осымен шағын орталық тобының Жаңа жылға арналған ертеңгілігі аяқталды. Келер жылда кездескенше аман-сау болыңыздар!

Шалқар қаласы №5 мектептің шағын орталық тобы. Тәрбиеші: Сатаева Бағдат Алексейқызы.

Ескертпе: Мәтін редакцияланып, грамматикасы түзетілді; құрылымы оқуға жеңіл болуы үшін бөлімдерге бөлінді.