Дыбыс пен әріп

Тақырыбы: Дыбыс пен әріп. Сөз

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер

  • Кестелер
  • Суреттер
  • Қималы карточкалар

Әдіс-тәсілдер

  • Жұптық жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Өзіндік жұмыс

Пәнаралық байланыс

Музыка, ана тілі.

Мақсаты мен міндеттері

Негізгі мақсат: 4-сыныпта өткенді қайталау және жүйелеу.

1) Білімділік

  • Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
  • Сөз және оның түрлері туралы түсініктерді пысықтау.

2) Дамытушылық

  • Сөзді талдау қабілетін дамыту.
  • Сөз мағынасын ұғыну және белсенділікті арттыру.

3) Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Ұйымшылдыққа баулу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық (әуенмен):

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді.
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты, сабақты.

2) Топтастыру

Дыбыстар

  • Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке.
  • Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді.

Мақсат

Дыбыс пен әріптің айырмашылығын нақтылап, сөздің құрылымы мен мағынасына назар аудару.

Жаңа тапсырмаларды меңгерту

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу минуты:

Әріптер

ВВФФ ццхх цуцу веух

Ааа Оооо Ууу

Сөздер

лава, конвейер, экватор

Сөздердің мағынасын түсіндіріп көрейік.

Жаттығулар (жұптық және өзіндік жұмыс)

12-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой:

Күрект..р, Талдық...ған, қауынд..р, қобызш..,
балал..р, к..гершін, т...йе, қ..дық, өр..к, қ..с.

13-жаттығу

Жатқа жаз. Өзара тексеріп, бағала.

14-жаттығу

Берілген сөздермен сөйлем құрастыр:

  • Шекара
  • Теңізші
  • Торы ат

Сызба бойынша жұмыс

Сөздің түрлері

  • Қысқарған сөз
  • Біріккен сөз
  • Қос сөз

Мағынасына қарай

  • Мағынасы жуық сөздер
  • Қарама-қарсы мәндес сөздер

Қолдану және бекіту

20-жаттығу

Берілген сөздерді екі мағынада қолданып сөйлем құрастыр:

  • Алма
  • Қой
  • Өкпе
  • Аула

25-жаттығу

Сөздерді топтарға бөліп жаз:

Айнабұлақ, мая-мая, асық жілік

26-жаттығу

Шашылған буындардан адам аттарын теріп жаз.

Сергіту сәті және ойын

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.

Ойын: «Сиқырлы тізбек»

Ауызша жұмыс: сөздерді тізбектей айтып, дыбыс пен әріп ерекшеліктерін дәлелдеу.