Жеке әдістемелік тақырыбым

Күнтізбелік-сабақ жоспары (қазақ тілі)

Бұл жоспар 6-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағын ұйымдастыруға бағытталған. Материал мазмұны оқу мақсаттарын нақтылап, жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдерді жүйелейді.

Мектептің әдістемелік тақырыбы

Қазіргі сабақ — басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта.

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы

Мектеп моделінің тақырыбына сай шығармашылығы дамыған және білім деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жеке әдістемелік тақырып

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Қазақ тілі

Сынып

6-сынып

Тақырып

Ұлттық тағамдар

Өтілетін күні

Көрсетілмеген

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Ұлттық тағамдар туралы түсінік беру.
  • Ұлттық тағам түрлерімен таныстыру.
  • Грамматика бойынша етістік, зат есім, есімдіктерді ажырата білуге дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл байлығын және шығармашылығын жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Қазақ халқының салт-дәстүрін білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

Өзіндік ізденіс Топтық жұмыс Мәнерлеп оқу Сұрақ-жауап Деңгейлік тапсырмалар Шығармашылық жұмыс Жекелей жұмыс Жұптық жұмыс Әңгімелеу

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Амандасу және қатысымды тексеру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.

Кезекшімен әңгіме (сұрақтар)

  • Қай жыл мезгілі?
  • Ауа райы қандай?
  • Бүгін нешесі?
  • Аптаның қай күні?

2) Фонетикалық жаттығу

Тән дыбыстарды қайталау: қ, ә, і, ң, ғ, ү, ұ, ө, һ.

А) Буын түрлерін жасау

Ашық, тұйық, бітеу буын құрастыру (мысалы: қо, ға, ғу, ақ, оң, ағ, қақ, сақ).

Ә) Буындардан сөз құрастыру

қа... → қалам, қағаз, қара, қалың;
ға... → ғалым, ғарыш.

Б) Жаңылтпаш

  • Тары ақта, қапқа қақта.
  • Шеше неше кесе сынды кеше?

II. Үй жұмысын тексеру

1) Тәуелсіздік жетістіктері және батыр қыздар

Биыл Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Бейбіт өмірдің қадірін қорғаған батырларымызды құрметтеу — парыз. Солардың ішінде Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерекше орын алады.

Оқушылар алдын ала дайындаған презентациялар арқылы: олардың кім екенін және қандай ерліктер жасағанын әңгімелейді.

2) Өлең оқу

Әлия мен Мәншүкке арнап қазақ ақын-жазушылары көптеген өлеңдер жазған. Оқушылар өлеңді жатқа айтады.

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе

1) Тақырыппен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар».

2) Сабақ мақсаттарын нақтылау

Білуіміз керек

  • Ұлттық тағамдар туралы мәлімет.
  • Еттің адам денсаулығына пайдасы.
  • Мәтіннің мазмұны.
  • Сөз таптары.
  • Етістіктің райлары.

Игеруіміз керек

  • Сұрақтарға толық жауап беру.
  • Қазақ тілінен орыс тіліне аудару.
  • Өз ойын еркін жеткізу.
  • Сөз таптарын ажырату.

3) Тамақтану туралы сұхбат және проблемалық сұрақ

Оқушылар оқулықтағы диалогты толықтырып, өзара сөйлеседі. Содан кейін проблемалық сұрақ қойылады:

Проблемалық сұрақ

Деніміз сау болу үшін қалай тамақтануымыз керек?

Оқушылар сабақ бойындағы тапсырмалар арқылы ой қорытып, соңында осы сұраққа дәлелді жауап береді.

IV. Өткенді қайталау

Әр халықтың өзіне тән ұлттық тағамдары болады. Қазақ халқы ұлттық тағамдарының алуан түрлілігімен және бай мұрасымен танымал.

Сұрақ

Ұлттық тағамдардың қандай түрлерін білесіңдер?

Жауап: кластер (топтастыру) тәсілі арқылы толтырылады.