Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім
Пәні
Математика
Мұғалім
Арғынбекова Жамал Мешитбаевна
Бүгінгі сайыстың ұраны: «Ешкімнен сен қалыспа. Білімі кімнің көп болса — сол озады сайыста». Осы ұранмен «Таңғажайып математика» сайысын бастаймыз.
Сайыстың мақсаты
Білімділік
- Алған білімдерін оқушы санасына бекіту.
- Өткен тақырыптар бойынша әртүрлі есептер шығара білу.
- Ойын элементтері арқылы білімді жүйелеу және жалпылау.
Дамытушылық
- Іскерліктерін және ойлау қабілеттерін арттыру.
- Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Есеп шығаруда шыдамдылыққа тәрбиелеу.
- Пәнге қызығушылықты арттыру және логикаға ынта қалыптастыру.
Ұйымдастыру бөлімі
Әділқазылар алқасы
Шын жүйрік шабысынан танылады, нақты білім мен терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда — сіздерге құрметпен қол соғылады.
Сайыс ұраны
«2030-дың біз барысымыз.
Болашаққа бастайды әр ісіміз.
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу — парызымыз.»
Н. Ә. Назарбаев
Өту жоспары
- Математика жайлы әңгімелер
- Логикалық есептер
- Мақал-мәтелдер сайысы
- «Есепке кім жүйрік?»
- «Кім көп біледі?»
- Қорытынды
Ұлылардың нақыл сөздері
«Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы.»
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек.»
«Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.»
1) Математика жайлы әңгімелер
- Оқушылар математика туралы дайындаған қысқаша әңгімелерін айтады.
- Үй тапсырмасын талқылау.
2) Логикалық есептер
Кіріспе
Қиындықтан ешқашан қашпаймыз, алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз. Қиялға самғап ұшқан құстай болып, жеңіске ұмтыламыз.
Ереже
Әркім өзіне сәйкес нөмірдегі есепті шығарады.
Есептер
-
7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?
Жауабы: 100 т
-
1 т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?
Жауабы: тең
-
4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шығады?
Жауабы: 21
-
Сандар қатарындағы келесі санды тап: 20, 21, 23, 24, 26, 27, …
Жауабы: 29
-
Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Мектепте осындай 7 үстелді жалғап, бір қатарға қойып ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?
Жауабы: 16
-
Түйе, бота маң басқан, төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, қос лақпен қос ешкі. Төрт қозылы екі қой — бәрін бірге санап қой.
Жауабы: 17
3) Мақал-мәтелдер сайысы
Ал, балалар, мақал-мәтел айтайық. Қиындыққа қайыспай, асулардан өтейік.
Ер 1 рет өледі, қорқақ 1000 рет өледі.
7 рет өлшеп, 1 рет кес.
2 құзғын таласса, 1 қарғаға жем болар.
1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
Жақсыны 7 жыл жетелесең — адам болар, жаманды 7 жыл жетелесең — надан болар.
30 тістен шыққан сөз 30 рулы елге тарайды.
Білгенің бір 9, білмегенің 99.
4) «Есепке кім жүйрік?»
Тақырыптық шумақ
Өмірде ойлап тұрсаң — бәрі де есеп. Ауырсаң, ішетін дәрі де — есеп. Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ақ, дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Берілген тапсырмалар
1) Көбейту тапсырмасы
Жұлдызшаның орнына сан қойып, көбейтуді орында.
* 2 * 2 7 3 6 * 8 * * * * * * * * * * * * *
2) Төрт таңбалы сандар
0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы: 3201 және т.б. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын табыңдар.
Жауабы: 3210 − 1023 = 2187
3) «Сақиналар» есебі
Әрбір сақинадағы сандардың қосындысы 55-ке тең болса, A қаншаға тең?
Берілгені: A
Қосымша логикалық есептер
-
3 әртүрлі санды алдымен қосты, одан кейін көбейтті. Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды. Бұл қандай сандар?
Жауабы: 1, 2, 3
-
Студент кешкі сағат 10:00-де ұйықтауға жатар алдында, шырылдайтын сағатын келесі күні 12:00-де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдағанша ол неше сағат ұйықтайды?
Жауабы: 2 сағат
-
Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
Жауабы: 50
-
Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды?
Жауабы: ит — 20 жыл, түйе — 30 жыл
-
Дүкенде 16 кг, 17 кг және 40 кг қораптарға кәмпиттер салынған. Қораптарды ашпай-ақ Аяз Ата балаларға 50 кг кәмпит сатып ала ала ма?
Жауабы: 16 + 17 + 17 = 50
-
Қатар: 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, ... Келесі санды тап.
Жауабы: 10
-
Бір сан ойладық. Сол санды 2 есе арттырып, шыққан нәтижені 3-ке бөлгенде 80 шықты. Ойланған санды тап.
Жауабы: 120
5) «Кім көп біледі?»
Шарт
Әр оқушыға 8 сұрақтан қойылады. Кімнің тез әрі дұрыс жауап бергені және жауап беру уақыты ескеріледі.
Уақыт зымырап өтіп жатыр — бұл сайыста шапшаңдық та маңызды.
Мерей
- Санауда қолданылатын сандар?Натурал
- Санның ең үлкен бөлгіші неге тең?Өзіне
- 2-ге бөлінбейтін сандар қалай аталады?Тақ сандар
- Қандай сандар 5-ке бөлінеді?0 немесе 5-пен аяқталады
- Жай сандар кестесін жасаған грек ғалымы кім?Эратосфен
- 1/2-ге кері сан?2
- Ғасырдың жартысы неше жыл?50 жыл
Алуа
- Неше цифр бар?10
- Кез келген натурал санның бөлгіші?1
- 2-ге бөлінетін сандар қалай аталады?Жұп сандар
- Қандай сандар 10-ға бөлінеді?0-ге аяқталады
- Ең кіші натурал сан?1
- Санды қандай санға бөлуге болмайды?0-ге
- 3-ке кері сан?1/3
Рүстемәли
- Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?Диаметр
- Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең?1
- Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан?0
- 9-ға қарама-қарсы сан?−9
- −99, 9 және 1 ішінен қайсысы үлкен?9
- 0-ден үлкен сандар?Оң сандар
- Таңбалары әртүрлі сандардың көбейтіндісі?Теріс сан
Тоқтар
- Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?0
- Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?0
- Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді?Радиус
- |−10| мен 1 қайсысы үлкен?|−10|
- Екі санның қатынасы қалай аталады?Пропорция
- 0-ден кіші сандар?Теріс сандар
- Ең үлкен уақыт өлшемі?Ғасыр
6) Қорытынды
Қорытынды сөз
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Енді әділқазылар алқасына сөз беріледі: олар сайыс жеңімпазын анықтап, қатысушыларды мадақтап, мақтау қағаздарын тапсырады.
Еске салу
Білім мен логика — тұрақты жаттығуды қажет ететін дағды. Әр есеп — жаңа мүмкіндік.