Ғылыми жобаның міндеттері
Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары
Бұл ғылыми жоба Жезқазған аймағындағы экологиялық ахуалды жан-жақты талдауға және туындаған мәселелердің алдын алу мен шешу жолдарын тәжірибеде қолдануға бағытталған.
Ғылыми жобаның мақсаты
Жезқазған аймағының экологиялық жағдайын терең түсінуге мүмкіндік беру; тек теориялық біліммен шектелмей, экологиялық проблемаларды іс жүзінде анықтап, талдап, шешуге үйрету.
Ғылыми жобаның міндеттері
- Негізгі және қосымша материалдармен жүйелі жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Оқу-танымдық әрекетке дұрыс бағыт-бағдар беріп, зерттеу мәдениетін қалыптастыру.
- Дәйектерді, деректерді және мәтіндерді талдап, салыстырып, ой елегінен өткізуге үйрету.
Ғылыми жобаның өзектілігі
Қазіргі кезеңде экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Жезқазған өңірінде орын алып отырған экологиялық проблемалардың алдын алу және олардың салдарын азайту қажеттілігі артып отыр.
Ғылыми жобаның болжамы
Егер оқушы Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары тақырыбында ғылыми-шығармашылық жұмыспен жүйелі түрде айналысса, онда ол өз өлкесінің тарихи-географиялық ерекшеліктерін терең меңгерген, туған жеріне жанашыр азамат ретінде қалыптасады. Сонымен қатар болашақ эколог-өлкетанушы маман ретінде кәсіби бағдарын айқындай алады.