Абай өлеңдері жинағы, Тарихи тұлғалар

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебі

Пән / Сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті, 7-сынып

Мұғалім

Жүнісбаева Жадыра

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбаев — «Жиырма тоғызыншы сөз»

Сілтемелер мен ресурстар

  • 7-сынып оқулығы
  • Абай өлеңдері жинағы
  • «Тарихи тұлғалар» материалдары
  • Электронды оқулық
  • АКТ және интернет ресурстары

Жалпы мақсат

Абайдың қара сөз жазудағы мақсатын түсіну, мақал-мәтелдердің мағынасын ашу және идеялық өзегін талдап, меңгеру.

Түйінді ой

Кез келген құбылысқа сын көзбен қарауға, өзіне қажетті ақпаратты танып, талдап үйренуге жетелейді.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Абайдың қара сөздерді жазудағы негізгі мақсатын және прозалық мұрасының мәнін.

Түсінеді

Мақал-мәтелдердің мағынасын және мәтіндегі ой желісін.

Қолданады

«Оның ойы және менің ойымша» тәсілі арқылы пікірін дәлелдеп айту дағдысын.

Талдайды

Венн диаграммасы, сатылай талдау және диалог арқылы негізгі идеяны ашуды.

Әдістер, бағалау және көрнекілік

Оқыту әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • Диалогтік оқыту
  • «Оның ойы — менің ойымша»
  • «Өрмекші торы»

Бағалау тәсілдері

  • Мадақтау арқылы бағалау
  • Өзін-өзі бағалау парағы
  • «1 жұлдыз, 1 ұсыныс» кері байланысы
  • «2 жұлдыз, 1 ұсыныс»
  • Алма-стикер арқылы бағалау

Көрнекіліктер

  • Постер, маркер
  • Проектор, электронды тақта
  • Алма (стикер)

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, алгебра, тарих, ағылшын тілі.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • «Еңбек», «Отбасы», «Имандылық», «Туған жер» тақырыптары бойынша төрт топқа бөлу.
  • Әр оқушыға өзін-өзі бағалау парағын ұсыну.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Алманы алып — тапсырмаға жауап бер» әдісі.

  1. Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
  2. Өлең мазмұны бойынша сурет салу.
  3. «Болмасаң да ұқсап бақ» тақырыбында өлең жазу.
  4. Өлең алғаш қандай атпен жарияланғанын айту.
  5. Абайды «қазақтың бас ақыны» деп атаған адамның есімін көрсету.

Бағалау

Алма-стикер арқылы.

3) Жаңа сабақ

Білу

Сұрақ: Абай прозалық жанрда қандай шығарма жазды?

Бұл сабақта Абайдың философиялық ойлары көрініс тапқан қара сөздерімен, соның ішінде «Жиырма тоғызыншы сөзбен» танысамыз.

Тарихи-әдеби анықтама

  • Қазақ әдебиеті тарихында Ы. Алтынсарин — жазба әдебиетінің іргетасын қалаған тұлғалардың бірі.
  • Абайдың ғақлиялық, даналық сөздері — ой-толғамға құрылған прозалық мұра.
  • Қара сөздер алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарияланған.

Қара сөз жазудағы Абайдың мақсаты электронды оқулық арқылы оқылып, талқыланады.

Түсіну

Оқушылар жеке, жұппен және топпен жұмыс жасайды.

Бағалау

Мадақтау арқылы.

Қолдану

Тапсырма: «Оның ойы — менің ойымша» әдісі арқылы пікір айту және дәлелдеу.

Топтық бағалау

Әр топ жауаптары ұнаған бір топқа гүл ұсынады.

Талдау

Тапсырмалар

  • Венн диаграммасы әдісі.
  • Қара сөзді сатылай талдау.

Сатылай талдау үлгісі

Шығарманың аты:
«Жиырма тоғызыншы сөз»
Авторы:
Абай Құнанбаев
Түйінді ойы:
Мәтіндегі негізгі идеяны анықтау және түсіндіру.
Көркемдегіш құралдар:
Мәтіннен табылып, мысалдармен дәлелденеді.

«Өрмекші торы» және диалог

Диалог жүргізу реті: 1–2, 2–3, 3–4, 4–1 топтар.

Кері байланыс

Әр топ өзара «1 жұлдыз, 1 ұсыныс» айтады.

Дарынды оқушыға

Қосымша, кеңейтілген тапсырма ұсынылады.

Қолдауды қажет ететін оқушыға

Тапсырма: «Үш дана, үш тәттіні ата» (стикерді орындықтың артына жапсыру арқылы).

Бағалау: «2 жұлдыз, 1 ұсыныс».

Жинақтау

Сұрақ: Абай насихаты қандай?

Кері байланыс

Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.

Үй тапсырмасы

Оқу

«Жиырма тоғызыншы сөзді» оқу.

Жазылым

«Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбында ойтолғау жазу.

Ескерту: Сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеу бөлімі көрсетілімге байланысты беріледі.