Бала Мәншүктің мінезі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (4-сынып, әдебиеттік оқу)

Сабақтың тақырыбы

«Бала Мәншүк»

Сілтемелер

4-сыныпқа арналған оқулық, әдістемелік құралдар.

Ресурстар

  • Сызба
  • Суреттер

Сабақтың жалпы мақсаты

  • Мәриям Хакімжанованың өмірі мен еңбектерімен танысу.
  • «Бала Мәншүк» мәтінінің мазмұнын меңгеру, негізгі ойды ашу.
  • Мәншүк Мәметованы үлгі тұтып, Отанға деген патриоттық сезімді ояту.

Оқу нәтижелері

  • Мәтін мазмұнын түсініп, жүйелі баяндайды.
  • Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алады.
  • Мәтінді талдап, негізгі ойды анықтайды және дәлелдеп айтады.

Негізгі идея

Ежелгі грек философы Демокрит: «Жақсы адам болып қалыптасуда жаратылыстан гөрі, жаттығудың рөлі зор» деген. «Бала Мәншүк» мәтінінде Мәншүктің жастайынан табандылығы мен еңбекқорлығы көрінеді.

Оқыту әдістері мен жұмыс формалары

Сабақ барысында оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін заманауи тәсілдер қолданылады.

СТО ЖИГСО Блум таксономиясы INSERT

Дереккөздер

  • Суретпен жұмыс
  • Оқулық мәтіні

Тапсырмалар

  • Топтық жұмыс
  • Жеке жұмыс
  • Дәптермен жұмыс

Бағалау және кері байланыс

  • Топ басшылары арқылы өзара бағалау
  • Кері байланыс: «Түсінгенім/түсінбегенім», «Ұнағаны/ұнамағаны»

Сабақ барысы (Блум таксономиясы бойынша)

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Топқа бөліну (мақал-мәтелдер арқылы)

  • 1) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  • 2) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  • 3) Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
I топ — Алау
II топ — Жалын
III топ — Найзағай

II. Білу

Үй тапсырмасын тексеру

Әр топтан бір оқушы шығып, «Шығыс шынары» мәтінінің мазмұнын айтып береді.

Ойын: «Жұлдыздар жұмбағы»

  1. Әлия қандай гүлдерді өсірген?
  2. Әлия қандай үйірмелерге қатысқан?
  3. Ол Василий Петровичке не үшін «Бірақ...» деп күмілжіді?

III. Түсіну

Жаңа тақырып

Бүгінгі сабақта Мәриям Хакімжанованың «Бала Мәншүк» атты әңгімесімен танысамыз. Мәншүк туралы өз білетіндерімізді ортаға салып, мәтіннің негізгі ойын анықтаймыз.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Мәншүк Мәметова кім?
  • Мәншүк Мәметова қай өңірдің тумасы?
  • Бұл есімді естігенде көз алдыңызға не елестейді?

Автор туралы мәлімет

Мәриям Хакімжанова (1906 ж. 16 қараша) Қостанай облысының Қызылшоқ ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика институты жанындағы рабфакта оқып, «Әйел теңдігі» журналында жауапты хатшы қызметін атқарған.

Отбасы жағдайына байланысты 1934 жылы Орынбор облысына қоныс аударып, бірнеше жыл аудандық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Соғыс жылдары ақын Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өшпес ерлігін жырға қосып, «Мәншүк» поэмасы арқылы шығармашылық биігін айқындады.

Ақынның өлеңдеріндегі негізгі арқау — аналық сезім. Мәриям апамыз Қазақстанның халық жазушысы атағына ие болып, орден-медальдармен марапатталған.

IV. Талдау

ЖИГСО әдісі

  • №1: мәтінді оқу.
  • №2: мәтінді талдау.
  • Әр топқа бөлімдер бойынша тапсырма беріліп, топ ішінде талқыланып, бір-біріне түсіндіріліп айтылады.

Сөздік жұмыс (INSERT)

Оқушылар түсініксіз сөздерді белгілеп отырады. Алдымен өз ойларын айтып, кейін мағынасы нақтылап түсіндіріледі.

Дерлік
Түгел, бәрі, айтарлықтай.
Әсте қыңыр
Мінезі өзгеше, біртүрлі; көп келісе бермейді, өз пікірінде қалады.
Домбығып
Ісіну, томпаю.

V. Қолдану

Алау тобы

I бөлім: «Ауылдан келген қазақ қызы» — негізгі ойды анықтау.

Жалын тобы

II бөлім: «Бала Мәншүктің мінезі» — мінез ерекшеліктерін дәлелмен көрсету.

Найзағай тобы

III бөлім: «Балабақшадан келген Мәншүк» — оқиғаларды жүйелеу.

Қосымша жұмыс

  • Рөлге бөліп оқу.
  • Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.

VI. Жинақтау

Ой ширату

Мәтінге сүйене отырып, Мәнсияға мінездеме жазу.

«Мен не түйдім?» сұрақтары

  1. Автор мәтінде не айтқысы келді?
  2. Мәншүктің бойынан қандай ерекше қасиеттерді байқадың?
  3. Ол туралы айналасындағылардың пікірі қандай?

VII. Қорытынды, үй тапсырмасы және кері байланыс

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
  • Батырлық пен ерлік туралы мақал-мәтел жаттау.
  • «Қазақтың батыр қызы» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау

Топ басшылары топ мүшелерінің жұмысын критерий бойынша бағалайды.

Кері байланыс

  • Менің түсінгенім / түсінбегенім.
  • Маған ұнағаны / ұнамағаны.