Оқушылар назарын аударту

Оқу мақсаттары және күтілетін нәтижелер

Оқу мақсаттары

  • 5Т/А.5 — Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе жөнінде пікір білдіру; тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау.
  • 5.ӘТН — Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сай дұрыс айту.

Тілдік мақсат

Оқушылар ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес сөздерді дұрыс айта алады.

Сабақ мақсаттары (деңгей бойынша)

Барлық оқушылар орындай алады:

Тыңдалған мәтін мазмұнын айтып береді, тірек сөздерді жазады, жабық сұрақ қояды және жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтінге сай ашық сұрақтар құрастырады, пікірін білдіреді; уақыттың құндылығы туралы тереңірек ойланып, өткен уақытты қайтаруға болмайтынын түсінуге қадам жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көтерілген мәселені жан-жақты талдап, нақты мысалдармен дәлелдеп, ойын терең жеткізеді.

Пәнге қатысты сөздік қор

уақыт өлшеулі құны өлшеусіз уақыт қадірі босқа өткен уақыт уақыт қордаланбайды қас қағым сәт бір тәулік шай қайнатым уақыт ет асым

Тыңдалым мәтіні: «Уақыт»

Уақыт өмірімізден бөлек емес. Уақыт пен өмірдің байланысы күн мен оның сәулесінің, ағаш пен жемісінің, көз бен көрудің байланысындай өте тығыз. Демек, уақыт дегеніміз — біздің өміріміз.

Уақытты босқа өткізу — мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өмірімізді рәсуа ету. Бізге бұл өмір бір-ақ рет берілген мүмкіндік әрі мәңгілік ғұмырдың кілті де осы өмірде. Сондықтан уақыттың қадірін біліп, оны қалай пайдалануды үйрену маңызды.

Өткен күн — тарих, келешек — көмескі. Уақыт — адамға берілген нағыз сый. Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар. «Мен болмасам — кім, қазір болмаса — қашан?» демеуге шарамыз жоқ.

Уақыт — адам баласының ең көп мұқтаж болатын қазынасы. Барлығында тәулігіне жиырма төрт сағат бар, бірақ бәрі бірдей оны ұтымды қолдана бермейді. Уақыт қордаланып жиналмайды, кері қайтарылмайды. Қарызға алуға да, беруге де болмайды. Сыйға тартылмайды, мирас болып та қалмайды. Уақыт деген — біздің өміріміз.

Бейнежазба

timba.kz — Toktar мен Beybit «Уақыт»

Аудиожазба

Тыңдалым мәтіні бойынша

Сабақ барысы

Басы

Шамамен 9 минут

  • Оқушыларды ондық және жүздік топтарға бөлу.
  • Назар аударту: ширату жаттығуы.
  • Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлиеваның орындауындағы «Уақыт» әнін тыңдау (бейнематериал).
  • Тыңдалым: «Уақыт» мәтінін тыңдау.

Ортасы

Шамамен 30 минут

Жұптық жұмыс: диалог және сұрақ-жауап

  • Диалогты оқу.
  • Сұрақ-жауап әдісі: 1-оқушы сұрақ қояды, 2-оқушы жауап береді, 3-оқушы жауапты жазып отырады.

Жеке жұмыс: «Қос жазба күнделігі»

Сөздер

арам, адал, қалың, қоңыр, сары

Тапсырма

Мағынасын жазу және мәтіндегі қолданысына мысал келтіру.

Тірек ойлар

  • «Дүниеде уақыттан жасы үлкен ешкім де, ештеңе де жоқ.»
  • «Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.»

Пікірталас: «Сана саяжолы» стратегиясы

Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Уақытты бағалаймын» және «Уақытпен санаспаймын». Әр топ өз ұстанымын дәлелдейді.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Уақытты шынымен бағалап жүрміз бе?
  • Уақыттың маңыздылығы неде?
  • Неліктен уақытты үнемдеп, ұқыпты пайдалану керек деп ойлайсың?

Кестемен жұмыс: күрделі сөздерді ажырату

1-топ

Біріккен сөздер, қос сөздер

Мәтіннен теріп жазу.

2-топ

Тіркескен сөздер, қысқарған сөздер

Мәтіннен теріп жазу.

Ишара

Дене қимылымен жауап беру, қол көтеру, орнынан тұру.

Қолданылатын құрал

Интербелсенді тақта

Құжат

Дәптер

Әдіс

Ішкі және сыртқы шеңбер

Соңы

Шамамен 8 минут

Шығармашылық жұмыс: «Бір минут»

Таныстарың немесе өзің ойнайтын ұлттық ойындар туралы шағын әңгіме жаз. Әңгімеде біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен сөздерді қолданып жаз.

Дереккөз

С. Кенжеахметов, «Жеті қазына»

Қосымша: ғаламтор, қосымша әдебиеттер.

Саралау

  • Барынша қолдау:

    Жеке және топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

  • Орташа қолдау:

    Сын тұрғысынан ойлауды және АКТ дағдыларын дамыту.

  • Қолдауы аз:

    Білімді шығармашылық тұрғыда қолдану дағдысын жетілдіру.

Бағалау

Ұпай бойынша

  • 8 ұпай Өте жақсы
  • 5–7 ұпай Жақсы
  • 3–4 ұпай Қанағаттанарлық
  • 0–2 ұпай Төмен

Бағалау нысаны

Тыңдалым бойынша жауап беру, тапсырмаларға қатысу белсенділігі, пікірін дәлелдей алу, тілдік нормаларды сақтау.

Рефлексия

Өзіңізге арналған сұрақтар

  • Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
  • Оқушылар бүгін нені үйренді?
  • Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
  • Жоспарланған саралау тиімді болды ма?
  • Уақытты қалай пайдаландым? Қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Аяқталмаған сөйлемдер

Бүгін мен үшін ең маңыздысы — …

Мен түсінгенім — …

Келесі сабақта жақсартқым келетіні — …

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

Сабақты жақсартуға ықпал ететін екі нәрсе:

Келесі сабаққа қажет болуы мүмкін ақпарат:

Алдыңғы оқу

«Бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыбы бойынша білім мен тәжірибені еске түсіру, жаңа тақырыппен байланыстыру.

Диалогқа арналған үлгі сұрақтар

Жабық сұрақтар

  • Сен спортты жақсы көресің бе?
  • Бос уақытыңда спортпен айналысасың ба?

Ашық сұрақтар

  • Бос уақытында спортпен айналысатын кімдерді білесің?
  • Неліктен уақытты үнемдеп, ұқыпты пайдалану керек деп ойлайсың?
  • Не себепті … деп ойлайсың?