Гүл қайда болса көбелек сонда

Экологиялық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты бағала, бар күшіңмен аяла!»

Бұл тәрбие сағаты оқушыларға табиғатты қорғау — әр адамның азаматтық міндеті екенін ұғындыруға бағытталған. Сонымен бірге қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік құндылықтарын тереңдетеді.

Мақсаты

  • Табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру.
  • Қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Форматы мен құралдары

Көрнекіліктер: табиғат туралы сөздер, тақырыптық суреттер, бейнеролик, мақал-мәтелдер.

Әдістер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер арқылы талдау.

Сабақтың барысы

I бөлім

Ұйымдастыру

Топтық жұмыс

Сәлемдесу жүргізіледі. Түрлі түсті қағаздар арқылы сынып 4 топқа бөлінеді:

1-топ: Ауа

Таза ауа, тыныс, атмосфера.

2-топ: Күн

Жарық, жылу, энергия.

3-топ: Жер

Топырақ, өсімдік, мекен.

4-топ: Су

Тіршілік көзі, тазалық, үнем.

II бөлім

Қызығушылықты ояту

Бейнеролик + диалог

Табиғат туралы бейнеролик көрсетіліп, тәрбие сағатының негізгі тақырыбы ашылады. Оқушылармен сұрақ-жауап арқылы «Табиғат дегеніміз не?» деген ұғым нақтыланады.

Оқушылардың жауаптары

Ауа, су, өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар және табиғаттағы өзге де тіршілік иелері мен құбылыстар.

Мақал-мәтелдер сайысы

Жан-жануар, гүл және табиғат туралы мақал-мәтел айту арқылы оқушылар ой бөліседі.

  1. 1.Жер – семіз, от – арық.
  2. 2.Жаман өзен сай қуалай ағады.
  3. 3.Ағын суда арамдық жоқ.
  4. 4.Алма ағашынан алыс түспейді.
  5. 5.Бір гүл толып ашылады, бір гүл солып ашылады.
  6. 6.Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
  7. 7.Гүлді гүл деме, егер сабағы болмаса.
  8. 8.Гүл қайда болса, көбелек сонда.
  9. 9.Гүл өссе – елдің көркі, қыз өссе – елдің көркі.
  10. 10.Бір тал жұлсаң – он тал ек.
  11. 11.Сиырдың сүті – тілінде.
  12. 12.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

III бөлім

Мағынаны тану

Экология

Табиғаттың ластануы туралы бейнеролик көрсетіліп, мәселе өз өлкенің табиғатымен байланыстырылып талқыланады. Оқушылар ластанудың себептері мен салдарына назар аударып, күнделікті өмірдегі мысалдарды келтіреді.

IV бөлім

Ой толғау

Сұрақ-жауап

Берілген сұрақтар арқылы оқушылар өз өлкесінің табиғатын қорғауға арналған ұсыныстарын ортаға салады. Талқылау Сайын Шапағатов ауылының табиғи ортасына негізделеді.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Біздің өлкеміз, Сайын Шапағатов ауылы, экологиялық тұрғыдан таза аймаққа жата ма?
  • Мұндай жағдайлар күнделікті өмірде кездесе ме?
  • Алдағы уақытта бұл проблемалардан құтылуға бола ма?
  • Ауылда осындай жағдайлардың алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
  • Ауылымызды көріктендіру үшін қандай ұсыныстарың бар?

«Табиғат біздің қолымызда» ойыны

Оқушылар табиғатты қорғаудың нақты әрекеттерін атап, әрқайсысының жеке үлесі маңызды екенін түсінеді.

Практикалық әрекет: гүл отырғызу

Гүл отырғызу арқылы оқушылар табиғатты аялауға өз үлестерін қосады. Сыныптағы гүлдердің саны артады. Одан әрі «Гүл көбейсе, не көбейеді?» деген сұрақ арқылы қамқорлық, әсемдік, тазалық және жауапкершілік ұғымдары бекітіледі.

«Тілек шамы»

Оқушылар табиғатқа арналған ізгі тілектерін жазып қалдырады:

  • Күніміз сөнбесін!
  • Суымыз тұнық болсын!
  • Гүліміз жайқала берсін!
  • Ауамыз таза болсын!
  • Аспанымыз ашық болсын!
  • Ұлан-байтақ жеріміз көркейе берсін!
  • Ауылымыз гүлдене берсін!
  • Жасыл желектер мен көшеттер көбейсін!

Қорытынды

Табиғатты сүю — парыз

Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетінде тұру – парыз!