Түзулер қиылысқанда шыққан барлық бұрыштарды белгіленуі бойынша атандар
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №18 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебаева Аида Бақытжановна
Тақырып
Перпендикуляр және параллель түзулер
Сабақ түрі
Саяхат сабағы, топтық жұмыс
Әдістер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Өздік жұмыс
- Есептеу, салыстыру
Көрнекіліктер
Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, слайд материалдары.
Психологиялық дайындық (хормен)
Сабағымыз басталды — балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа даярлық, амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
II. Топқа бөліну және сергіту тапсырмасы
Математика пәні шапшаңдық пен жылдамдықты талап етеді. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар, өз тобыңның атауы шығады. Ол үшін берілген әріптерден тез әрі дұрыс сөз құрастыру керек.
Топтардың атауы
I топ
Перпендикуляр
II топ
Параллель
III топ
Түзулер
Талқылау сұрақтары
- Осы атауларға байланысты қандай ой айта аласыңдар?
- Қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
Әр топ өз бақылаушысын сайлайды. Бақылаушы топ ережесін еске салып, бағалау парағын жүргізіп отырады.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын топ басшылары тексеріп шығады.
Саяхат идеясы: «Қазақстандық Лапландия»
Бұл кешен 2012 жылғы 21 желтоқсанда Елбасының қатысуымен ашылды. Ұланғайыр кешенді құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған.
Кешеннің даңқы күн санап артып келеді. Қазақстандық Лапландияға баруға ниеттілер көп, себебі көптен күткен Жаңа жылдың бас кейіпкері мекендейтін ортаға еніп, ертегі әлемін сезінуге бәрі де құштар.
Бурабайдың теңдессіз табиғаты мен Қазақстандық Лапландия бір-бірін толықтырып, шын мәнінде сиқырлы әсер қалдырады. Балалар Санта Клаустың резиденциясына барып, «Ертегі дәлізін», «Әлемнің жеті кереметін», бірегей сағаттарды, эльфтер мектебін көре алады. Сонымен қатар шамандар ауылына да баруға мүмкіндік бар.
Жегілген бұғылармен және иттермен серуендеу ұмытылмастай әсер сыйлайды. Санта Клаустың поштасына келген әр оқушы өз тілегін жолдайды. Көңілді сапар тауда сырғанаумен аяқталады.
Саяхатымызды бастаймыз
Санта Клаустың резиденциясына бағыт алған саяхатымыз әр кезеңде қысқа тапсырмалармен жалғасады.
IV. Дәптермен жұмыс
Күні
22 желтоқсан. Сынып жұмысы.
Танымдық мәлімет
- 22 маусым — ең ұзақ күн (жазғы күн тоқырауы).
- 22 желтоқсан — ең қысқа күн (қысқы күн тоқырауы).
Көркем жазу
«2016» санын көркем жазып шығыңдар. Бұл санның алыну себебін талқылаймыз.
V. Жаңа сабақ
Қазақстандық Лапландиядағы ең әсерлі орындардың бірі — «Әлемнің жеті кереметі» деп аталатын ертегі дәлізі. Бүгінгі тапсырмалар сол «кереметтер» бекеттерімен байланыстырылып беріледі.
1-бекет: «Египет»
Бұл бөлімде Мысыр пирамидаларын тамашалаймыз. Ал бізге бірнеше тапсырма дайындапты: оларды дұрыс орындасақ, сабағымыз әрі қарай жалғасады.
1-тапсырма (А)
Суреттегі қай түзулердің ортақ нүктесі бар? Қай түзулердің ортақ нүктесі жоқ?
CD және AB түзулерінің ортақ O нүктесі бар.
EK және OT түзулерінің ортақ N нүктесі бар.
1-тапсырма (Ә)
Түзулер қиылысқанда пайда болған барлық бұрыштарды белгіленуі бойынша атаңдар. Сүйір, доғал, тік бұрыштарды анықтаңдар.
Бұл сызбада сүйір және доғал бұрыштар жоқ; тек тік бұрыштар берілген.
Ереже: Перпендикуляр түзулер
Егер екі түзу қиылысқанда төрт тік бұрыш пайда болса, онда бұл түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады.
Суреттен перпендикуляр түзулерді тауып, атаңдар.
Ереже: Параллель түзулер
Егер дәптердің немесе тақтаның бетіне сызылған екі түзудің ортақ нүктесі болмаса, онда олар параллель түзулер деп аталады.
Суреттегі параллель түзулер: BC және DA; TK және OE.
2-бекет: «Лондон»
Бұл бөлімде Букингем сарайын және Биг-Бен сағатын «тамашалаймыз». Енді тапсырманы топпен орындаймыз.
Топтық жұмыс: №2 — «Жазуды жалғастыр»
DK кесіндісі
- DK кесіндісіне тиісті нүктелер — …
- DK кесіндісіне тиісті емес нүктелер — …
OD сәулесі
- OD сәулесіне тиісті нүктелер — …
- OD сәулесіне тиісті емес нүктелер — …
EK түзуі
EK түзуіне тиісті нүктелер — …
EK түзуіне тиісті емес нүктелер — …
Ескерту: Нүктелер сызбаға қарай анықталады.