Бос жынысқа

Сабақтың тақырыбы

Топырақтың ерекшелігі

Сабақтың мақсаты

  • Топырақ туралы түсінікті кеңейту, оның ерекшелігі мен құрамы жөнінде мәлімет беру.
  • Есте сақтау қабілетін, мәдениетті сөйлеуді және ой-өрісті дамыту; сөздік қорды молайтып, ойды жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
  • Байқағыштыққа, қоршаған ортаны бақылауға, табиғатты қорғауға және сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта.

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру: психологиялық дайындық, топқа бөліну.
  2. II. Өткенді қорытындылау: тест.
  3. III. Ой ашар: жаңа сабақ, тәжірибе.
  4. IV. Ой қозғау: оқулықпен жұмыс, түртіп алу жүйесі.
  5. V. Ой толғаныс: қорытындылау, бекіту, үй тапсырмасы.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық (1 минут)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Көңіл күйді көтеру үшін қысқа бейнематериал (қаңқалар туралы видео) көрсетіледі. Осы көтеріңкі көңіл күймен оқушылар топтарға бөлінеді.

II. Өткенді қорытындылау: тест (5 минут)

Мақсаты: оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін анықтау және бағалау.

  1. Пайдалы қазбаларға не жатады?

    • а) темір кенінен алынған металл
    • ә) тау жынысы
    • б) техника бөлшектері
    • в) жер қыртысының қатты бөлігі
  2. Құмтас деп нені айтамыз?

    • а) құм аралас тас
    • ә) қайралған тас
    • б) құрылыс материалдары
    • в) қатты тас
  3. Бос жынысқа не жатады?

    • а) құм және цемент
    • ә) мұнай, газ
    • б) гранит
    • в) құм және саз
  4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:

    • а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз
    • ә) жанғыш, кенді, кен емес
    • б) бағалы, құнсыз, жанатын
    • в) металл, тау жынысы, қара алтын
  5. Кен орны деп нені айтамыз?

    • а) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін
    • ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістерін
    • б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жерді
    • в) тау жыныстарының қосындысын

Дұрыс жауаптар

1
Ә
2
В
3
В
4
Ә
5
А

Бағалау

  • 5 сұраққа жауап берсе 5 балл
  • 4 сұраққа жауап берсе 4 балл
  • 3 сұраққа жауап берсе 3 балл
  • 2 немесе 1 сұраққа жауап берсе 2 балл

III. Ой ашар: жаңа сабақ және тәжірибе

Топырақ дегеніміз не?

Оқушылар «топырақ — өсімдік өсетін жер, қара жер, жер бетіндегі шаң» сияқты жауаптар айтуы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, топырақ — жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты. Өсімдіктің өсуі топырақтың болуына байланысты.

Бұл сабақта топырақтың құрамы мен ерекшеліктерімен танысамыз.

Сөзжұмбақ (дайындық тапсырмасы)

  1. Жүректен тарайтын қан тамырлары қалай аталады? (артерия)
  2. Жарақат үлкен болғанда кімге көріну керек? (дәрігер)
  3. Көкірек қуысының сол жағында не орналасқан? (жүрек)
  4. Қай кезде алақанмен ысқылаймыз? (үсігенде)
  5. Көздің қорғанышы не? (кірпік)
  6. Жүйке жүйесінің негізгі мүшесі? (ми)
  7. Қандай бұлттан жауын-шашын жаумайды? (шарбы)
  8. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атаймыз? (жел)

Сарамандық жұмыс: топырақты бақылау

Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, мұқият қарап көрейік. Топырақтан өсімдіктің ұсақ қалдықтарын және шіріген жәндіктердің қалдықтарын байқауға болады. Енді тәжірибе арқылы құрамын нақтылаймыз.

1-тәжірибе: ауа

Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқаймыз? Көпіршіктер шығады. Бұл — ауа. Демек, топырақ құрамында ауа бар.

2-тәжірибе: су

Бір уыс топырақты шыны түтікшеге салып, қыздырайық. Түтікше қабырғасында су тамшылары пайда болады. Бұл топырақта су бар екенін көрсетеді.

3-тәжірибе: қарашірік

Топырақты қыздыруды жалғастырсақ, біраздан кейін көкшіл түтін шығады. Бұл — топырақтағы жанатын заттар, яғни түрлі қалдықтар мен шірінділер. Оны қарашірік деп атаймыз.

4-тәжірибе: құм

Қарашірігі жанып біткен топырақты суға салып араластырып, лайланған суды тұндырайық. Біраздан кейін тұнбаның астында құм пайда болады.

5-тәжірибе: саз

Тұндыруды жалғастырсақ, құмның үстіне саз шөгеді. Қорытынды: топырақ құрамында ауа, су, қарашірік, құм және саз сияқты бөліктер болады.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

IV. Ой қозғау

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар мәтінді оқып, топырақтың құрамы мен ерекшеліктеріне қатысты негізгі тұжырымдарды анықтайды.

«Түртіп алу» жүйесі

Оқу барысында маңызды ақпараттар белгіленеді: жаңа ұғымдар, дәлелдер, тәжірибе нәтижелері және қорытынды.

V. Ой толғаныс: қорытындылау және бекіту

«Орнын тап» ойыны

Топырақ арасында тіршілік ететін жануарлар бар. Оларды өз орнына орналастыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап берейік.

Құрт

Топырақ дегеніміз не?

Тышқан

Топырақтың тау жыныстарынан басты ерекшелігі неде?

Борсық

Топырақтың құрамында не бар?

Қоңыз

Қарашірік қайдан пайда болады?

Құмырсқа

Топырақтың қандай пайдасы бар?

Үй тапсырмасы

«Топырақ. Топырақтың ерекшелігі» тақырыбын оқу: 77–78-беттер.