Абыздар Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Ежелгі Египет» тақырыбы бойынша алған білімдерін еске түсіру, пысықтау және жинақтау.
Дамытушылық
Әртүрлі әдістер арқылы тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды белсенділікке, шапшаңдыққа және зеректікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі
Топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
- Түзу отыруды ескерту.
- Сабаққа назар аударту.
II. Сабақтың негізгі кезеңі
Кіріспе сөз
Балалар, бүгінгі сабағымыз әдеттегіден ерекше: бізге қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтармен тағы бір рет сәлемдесейік.
Оқушылар орнынан тұрып:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
Бүгін біз «Ежелгі Египет» тарауы бойынша ашық сабақ өткіземіз.
Топқа бөлу
- 1 Перғауындар тобы
- 2 Абыздар тобы
Сабақ жоспары
- Блиц-турнир (сұрақтар)
- Сөзжұмбақ шешу
- Домино ойыны (қиылған сөздерден сөйлем құрау, сипаттама беру)
- «Кім зерек?» (ежелгі сандық таңбаларды, иероглифтерді жазу)
- «Египет» (сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау)
I. Тапсырма: Блиц-турнир
Әр топқа қысқа әрі нақты сұрақтар ұсынылады. Мақсат — жылдам жауап беру және білімді жүйелеу.
1-топ: Перғауындар
Блиц- Египетті ежелгі заманда қалай атаған?
- Египеттіктер үшін Ніл тасқынының маңызы қандай болды?
- Египетті алғаш біріктірген патша кім?
- Атырау мен аңғардың түйіскен жеріне салынған бекініс қалай аталған?
2-топ: Абыздар
Блиц- Біртұтас Египеттің патшалары қалай аталады?
- Ең алғашқы діни наным-сенімдер кімге табынудан басталды?
- Египет кедейлерінің ауыр тұрмысын бейнелейтін ән қалай аталады?
- Египеттіктер аспан әлемі туралы білімдеріне сүйене отырып, алғаш рет нені жасады?