Балалардың Абайдың мына сөзіне қарайықшы

Сабақ тақырыбы

Буын түрлері (5-сынып)

Білімділік

Сөздерді буынға бөлу, оның маңызын түсіндіру және буын түрлерінің жасалу жолдарын үйрету.

Дамытушылық

Жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның жасалу жолы мен қызметін меңгерту; буын түрлерін ажырата білуге дағдыландыру; сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері мен құралдары

Әдістер

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Ойын түрлері

Көрнекілік

  • Сызба-кестелер
  • Үлестірме қағаздар
  • Интербелсенді тақта
  • Суретті карточкалар

Жаңа сабақ: буын түрлері

Өткен сабақта буынмен таныстық. Бүгін буынның түрлерін үйренеміз. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:

Ашық буын

Дауысты дыбысқа аяқталады.

а-ға ба-ла қа-ла а-та а-па а-ла

Тұйық буын

Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталады.

ақ ат аз ал өрт ұл ант оқ ұқ өз

Бітеу буын

Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады.

тал нан бар жаз кең тар қант төрт

Есте сақтайтын тірек ұғымдар

Буын түрлері

Ашық, тұйық, бітеу

Аралас буын

Жуан және жіңішке буындардың аралас келуі

Тасымал

Сөзді буынға сүйеніп жолға бөлу

Екпін

Сөз ішіндегі буынның күшті айтылуы

Буын үндестігі

Сөз буындарының жуан-жіңішке үйлесімі

Дыбыс үндестігі

Дыбыстардың өзара ықпалдасуы

Дауысты дыбыстар және буын

Қазақ тіліндегі 12 дауысты дыбыс әрқашан буын құрай алады. Алайда у дыбысы байырғы қазақ сөздерінің құрамында (дауыстыдан кейін немесе екі дауыстының арасында) келгенде буын құрай алмайды.

Мысал

а-уа — буынға бөлінеді, бірақ а-у-а деп бөлуге болмайды.

Аралас буынды сөз

кі-тап — аралас буынды сөз (ашық + бітеу).

Жаттығулар арқылы бекіту

302-жаттығу

  1. 1 Мәнерлеп оқу.
  2. 2 Екінші шумақты буынға бөліп талдау.

Мәтін

Ел қон-ба-са, жер же-тім,

Құс қон-ба-са, көл же-тім.

Кем-пі-рі жоқ шал же-тім,

Ие-сі жоқ мал же-тім.

303-жаттығу: «Күй құдіреті»

Бір оқушыға оқытып, буын жігін қайталау. Ереже: тұйық буынға жалаң буын қосылса, буын жігі өзгеруі мүмкін.

Мысалдар

  • оқоғы
  • қыпшаққыпшығымен
  • қамыққамығып
  • шықшығып
  • таптаба

Мәтіндегі кейіпкер

Әл-Фараби туралы қысқаша мәлімет:

Әбу Насыр әл-Фараби Отырар қаласында туған. 16 жасында білім іздеп Бағдатқа келеді. Араб, парсы, грек тілдерін меңгеріп, ғылыммен терең айналысады. Ол шамамен жүз елуге жуық ғылыми еңбек жазып қалдырған. Музыка, математика, логика, философия, астрономия және әдебиеттану салаларында зерттеу жүргізген. Шығыс ғалымдары оны Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» деп атаған.

304-жаттығу: Абай сөзімен жұмыс

Бір оқушыға мәтінді оқыту. Абайдың төмендегі сөзін оқып, мағынасын талқылау және сөйлемді буын жігіне ажырату:

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі — еріншектік, үшіншісі — зұлымдық».

Әдебиеттен жаман әдет пен жақсы әдет туралы Абайдың қай өлеңінен білесіңдер? «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Сабақты қорытындылау

Ойын және тіл дамыту

  • «Ойлан да ойна» ойыны.
  • «Кім көп сөз ойлап жаза алады?»
  • Тіл дамыту: суретпен жұмыс.

Үй тапсырмасы

306-жаттығу

Қалаған үш сөзді буынға бөліп жазу.

307-жаттығу

Аралас буынды сөздерді теріп жазу.