XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫОйынның мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру

Ойынның мақсаты

«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынының мақсаты — ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру және білімін тереңдету.

Барысы (жоспар)

  • 1-тур — Бәйге

    Жылдам сұрақ-жауап арқылы ұпай жинау.

  • 2-тур — Жұмбақ сандық

    20/30/40 ұпайлық сұрақтарды таңдау.

  • 3-тур — Жеті жұрттың тілін біл…

    Қазақша, орысша, ағылшынша айту және сауатты жазу.

  • 4-тур — Ақтық мәре

    Мақал-мәтел жалғастыру және логикалық тапсырма.

  • 5-тур — Көшбасшы

    Жеңімпазды анықтайтын қорытынды кезең.

Қатысушыларға үндеу

Армысыздар, құрметті қонақтар, ағайын мен халайық!

Көпшіл болған ер — дана,
Достары көп — ер бала.

Өнерліден үлгі алып, сәнді мол қамал тұрғыз.
Өнерлімен дос болсаң, қиялыңды қорғайды.

Ендеше, «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз!

Әділқазылар алқасы

Әділқазылар сайланып, таныстырылады. Әр кезең соңында ұпай есептеліп, ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

I бөлім — Бәйге

Ойын шарты

  • Сұрақты мұқият тыңдап, қол көтеру арқылы жауап бересіз.
  • Бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.
  • Жауап қате болса, келесі ойыншы жауап беруге құқылы.
  • Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Сұрақтар мен жауаптар

  1. Сиырдың пірі

    Зеңгі баба

  2. Жылдан құр қалған жануар

    Түйе

  3. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген бейнесі

    Карта

  4. Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға

    Президент

  5. Ұя салмайтын құс

    Көкек

  6. Білім министрі

    Бақытжан Жұмағұлов

  7. «Оян, қазақ!» өлеңінің авторы

    Ахмет Байтұрсынұлы

  8. Біржанмен айтысқан ақын қыз

    Сара

  9. Заттың қимылын білдіретін сөз табы

    Етістік

  10. Ең үлкен уақыт өлшемі

    Ғасыр

Әділқазыларға сөз беріледі. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

II бөлім — Жұмбақ сандық

Ойын шарты

Ойыншылар өздері таңдаған сұраққа жауап береді. Сұрақтар күрделілігіне қарай ұпаймен бағаланады: 20 — жеңіл, 30 — орташа, 40 — күрделі. Ұпайы аз ойыншы бірінші болып бастайды.

Сұрақтар банкі

40 ұпай

Қазақ тілі (сол жақ)

  • 3 жұрт: өз жұртың, нағашы жұртың, қайын жұртың.
  • 3 арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ.
  • 3 қуат: ақыл, жүрек, тіл.

40 ұпай

Қазақстан тарихы (ортасы)

Қобыланды батыр қай ханның билік құрған тұсында өмір сүрген? Әбілхайыр хан.

40 ұпай

Математика (оң жақ)

Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Ұзындығын еніне көбейтеміз.

30 ұпай

География (сол жақ)

Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал: компас.

30 ұпай

Қазақ әдебиеті (ортасы)

«Менің атым Қожа» повесінің авторы: Бердібек Соқпақбаев.

30 ұпай

Қазақ тілі (оң жақ)

Жалаң сөйлем дегеніміз қандай сөйлем? Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

20 ұпай

Қазақ әдебиеті (сол жақ)

Абай Құнанбайұлының әжесі: Зере.

20 ұпай

Биология (ортасы)

Дәм сезу мүшесі: тіл.

20 ұпай

Арнайы тапсырма (оң жақ)

Сөз: «Олжа».

Әділқазылар ұпай санын хабарлайды. Ұпайы төмен ойыншымен қоштасамыз.

III тур — Жеті жұрттың тілін біл

Ережесі

Бұл кезеңде ойыншылар қазақша, орысша, ағылшынша сөздерді дұрыс айтуымен қатар, қатесіз жазуы бойынша да бағаланады. Жазылымды тексеретін жауапты маман белгіленеді. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

Тапсырмалар

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі

    Көктем — весна — spring

  2. Мұрты бар, иегінде сақал жоқ. Тоны бар, киетін шапаны жоқ. Пайдасы үй ішінен табылған соң, далаға кіріп-шығар сапары жоқ.

    Мысық — кот — cat

  3. Футболшының алаңдағы ойын заты

    Доп — мяч — ball

  4. Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы

    Ит — собака — dog

  5. Әр адамның шағын отаны

    Жанұя — семья — family

  6. Қалқиып ұзын құлағы, елеңдеп қорқып тұрады

    Қоян — заяц — rabbit

  7. Ер қанаты

    Ат — конь — horse

  8. Ердің екі сөйлегені — өлгені

    Екі — два — two

Ұпай саны анықталып, ұпайы ең аз екі оқушы ойыннан шығады.

IV тур — Ақтық мәре

Мақал-мәтел сайысы

Екі оқушы бір-біріне мақалдың жалғасын жасырады, ал қарсыласы жалғасын табады. Әр ойыншыға 5 мақалдан беріледі. Бұл кезең нағыз көшбасшыны айқындайды.

Логикалық тапсырма

Қосымша логикалық тапсырма ұсынылады. Жауаптардың дәлдігі мен жылдамдығы ескеріледі.

Қорытынды

Әділқазылар алқасы қорытынды ұпайды шығарып, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздар марапатталып, ойын қорытындыланады.