Қазақ хандығының алғашқы хандары кімдер
Сабақтың тақырыбы
Қазақ хандары, билері және батырлары.
Білімділік
Хан басқарған мемлекеттік жүйенің ерекшеліктерін, ханның қызметі мен өкілеттігін, Қазақ хандығының қоғамдық-саяси құрылымын түсіндіру. Қазақтың сот төрелігі мен билік айту дәстүрін таныстыру, билердің тарихтағы орны мен қызметін ашу. Сонымен бірге жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған қазақ батырлары туралы кең мәлімет беру.
Дамытушылық
Қазіргі басқару жүйесімен тарихи басқару тәжірибесін салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Өткен ғасырлардағы төрелік айту мәдениетін түсіндіріп, қазақ батырларына тарихи тұрғыдан баға беруге үйрету.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу; батырлардың ерлігін үлгі ету. «Қара қылды қақ жарған» әділдікке баулу, қазақ жүздері басшыларының жауапкершілігі мен қызметін жастар бойына сіңіру.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ.
Көрнекіліктер
- Билердің суреттері
- Қазақстан картасы
- Тапсырмалар мен сұрақтар топтамасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
- Сәлемдесу.
- Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
- Сынып тазалығына назар аудару.
- Сабаққа сәттілік тілеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау (10 минут)
Тақырып: Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы.
Жылдам сұрақтар (үлгі)
- Ертеде қазақ жерінде өмір сүрген сақ тайпаларының бет-бейнесі қандай нәсілге ұқсайды?
- Еуропалық.
- Кімдердің жаулап алуы кезінде жергілікті ру-тайпалардың бет-бейнесі монғолдық нәсілге айналды?
- Моңғолдардың.
- «Халық» ұғымына анықтама беріңдер.
- Тілі, тұрмысы, рухани мәдениеті ортақ, бір аумақта мекендейтін қоғам.
- «Қазақ» атауы көне түркі тілінде қандай мағына береді?
- Еркін адамдар.
- Қазақ жері неше жүзге бөлінеді? Атап беріңдер.
- Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
- Үш жүздің аумағын сипаттаңдар.
- Ұлы жүз — Оңтүстік Қазақстан; Орта жүз — Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан; Кіші жүз — Каспий маңы, Ырғыз және Тобыл өңірлері.
- Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
- 1465 жылы.
Үй тапсырмасын қорытындылау: 3 минут. Тақырыпқа кіріспе ретінде Қазақ хандығы туралы қысқа видеофильм көрсету: 5 минут.
Жаңа сабақ
Хан: билік иесі және мемлекеттік басқару
Хан — қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Билік, негізінен, әкеден балаға мұра ретінде беріліп отырған.
Ханның негізгі қызметтері
- Саяси және экономикалық мәселелерді шешу.
- Өз атынан жарлық, бұйрық шығару.
- Ел басқаруда кеңесшілерге сүйену.
- Жаугершілік заманда қол бастап, соғыс ісін басқару.
Аңызға айналған және тарихта қалған хандар
Алаша хан, Оғыз хан, Бұрындық хан, Хақназар хан, Тәуке хан және т.б.
Билер: әділдік пен шешендік мектебі
Қазақ қоғамындағы билер сот төрелігін жүзеге асырып, дауды әділ шешуге, ел бірлігін сақтауға қызмет етті. Халық билерді ақыл-парасаты, шешендігі, әділдігі арқылы таныды.
Үш би
- Төле би
- Қазыбек би
- Әйтеке би
Қазыбек би туралы
Қазыбек би — Қазақ хандығының көрнекті мемлекет қайраткері, мәмілегер әрі Орта жүздің бас биі. «Жеті жарғыны» жасауға атсалысқан. Жастайынан шешендігімен танылып, 1740 жылдары Малайсары және өзге де билермен бірге Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып алуға ықпал еткен. Шешендігі үшін жоңғар ханы оған «Қаз дауысты Қазыбек» деген атақ берген.
Батырлар: ел қорғаны
Жоңғарларға қарсы күресте қазақ батырларының орны ерекше. Олар қол бастап, ерлігімен танылып, елді қорғауда сардарлық қызмет атқарды.
Негізгі батырлар
- Бөгенбай батыр
- Қабанбай батыр
- Наурызбай батыр
- Баян батыр
Талқылау бағыты
Батырлардың тарихи тұлғасын бағалау: ерлік, қолбасшылық, ел бірлігін қорғаудағы рөлі.
Сайыс тапсырмалары: «Тілші сұрақтары»
Оқушылар топтарға бөлініп, тақырыпқа сай сұрақтарды «тілші» форматында қояды. Уақыты: 10 минут.
Хандар туралы
- Хан дегеніміз кім?
- Хандар қандай қызмет атқарды?
- Хандықтың басшысы кім болды?
- Қазақ хандығының алғашқы хандары кімдер?
- Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім деп ойлайсыңдар?
- Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
Билер туралы
- Билер деп кімдерді айтамыз?
- Билер қоғамда қандай қызмет атқарды?
- Қазақтың әйгілі билерін атаңдар.
- Билер халық арасында қалай танылды?
- «Жеті жарғы» заңдар жинағы кімнің тұсында қалыптасты?
Батырлар туралы
- Қазақтың атақты батырларын атаңдар.
- Батырлар қандай қызмет атқарды?
- «Дарабоз» атанған батырды білесіңдер ме?
- Жоңғарларға қарсы күрестегі батырлардың рөлі қандай?
Қосымша тапсырма: шешендік сөздің авторын тап
«Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін. Батыр болсаң, жауға найзаң тисін».
«Жаңбыр жаумаса жер жетім, басшы болмаса ел жетім. Ұқпасқа айтқан сөз жетім, көре алмаған көз жетім».
«Үй жанында биік төбең болса — ерттеулі аттан кем емес. Отбасыңда білгір қартың болса — жазылған хаттан кем емес. Біз, қазақтар, керіспейік, ренжісу бізге жөн емес».
Қорытынды бөлім
Сабақты бекіту
- Бүгінгі сабақта нені меңгердік?
- Қойған мақсат пен міндеттерді орындай алдық па?
- Алған білімнің маңызы қандай?
- Тәуелсіздікке жетуге кімдер үлес қосты? (батырлар, билер, хандар)
Ой түйін
Қазақстан бүгін әлем елдерімен достық байланыс орнатқан, халықаралық деңгейде танылған мемлекет. Ел дамуын жалғастыру, бейбітшілікті нығайту және мемлекетті одан әрі өркендету — жас ұрпақтың қолындағы жауапкершілік.
Сергіту сәті
Терме (қысқа сергіту).
Бағалау
Оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
«Қазақ хандары, билері және батырлары» тақырыбын оқу.
Сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- Ғ. Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
- Пән мұғалімі
- Ануарбекова А. А.
- Сынып
- 5 «А» сынып