Таза азот

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға фосфордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі және маңызды өнеркәсіптік кендері туралы жан-жақты білім беру.

Тәрбиелік

Фосфордың физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жөніндегі білімді қалыптастыра отырып, оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа және өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл күйін, тілін, жадын, ынтасын, қиялы мен қабылдауын дамыту.

Көрнекіліктер

  • Д. И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі
  • Интерактивті тақта
  • Эпиграф
  • Сіріңке
  • Электрондық оқулық

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақ құрылымы

  1. I Ұйымдастыру
  2. II Үй тапсырмасын тексеру
  3. III Жаңа сабақты меңгерту
  4. IV Сабақты қорыту және бекіту
  5. V Үйге тапсырма беру
  6. VI Бағалау
  7. VII Қорытынды

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын және сабаққа қатысуын тексеру. Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттап, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Азот және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша тапсырмалар орындалады (оқушыларға тапсырмалар жазылған парақтар таратылады).

№1 тапсырма. Графикалық тест

  1. Азот II периодтың V тобының негізгі топшасында орналасқан.
  2. Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде 7 электрон бар.
  3. Бос күйіндегі азот ауаның 78,1%-ын құрайды.
  4. Азот сутекпен әрекеттесіп, аммиак түзеді.
  5. Аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.
  6. Азот қышқылының тұздары сульфаттар деп аталады.
  7. Азот (IV) оксиді — негіздік оксид.
  8. Азот қышқылы түссіз, өзіне тән иісі бар газ.
  9. Азот қосылыстарда −3, +3 және +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді.
  10. Нитраттар көбінесе азот тыңайтқыштары ретінде қолданылады.

№2 тапсырма. Толықтыру тесті

  1. Таза азот — -------, иіссіз --------.
  2. ------- өткір иісті тұншықтырғыш газ.
  3. Азот (IV) оксиді өткір иісті тұншықтырғыш, ------------ түсті, ------- газ.
  4. Азот қышқылы түссіз, өзіне тән иісі бар -------------.
  5. Азот (II) оксиді түссіз, ---------- өте аз еритін --------.

Керекті сөздер

газ, улы, аммиак, газ, сұйықтық, суда, қоңыр, түссіз

№3 тапсырма. Сәйкестендіру тесті

Сол жақ

  1. 1) Аммиак — ----------------------
  2. 2) Азот (IV) оксиді — ------------
  3. 3) Азот қышқылы — -------------
  4. 4) Аммоний гидроксиді — --------
  5. 5) Натрий нитраты — --------------
  6. 6) Аммоний хлориді — ------------

Оң жақ

  1. а) HNO3
  2. ә) NH4Cl
  3. б) NaNO3
  4. в) NH3
  5. г) NH4OH
  6. д) NO2

III. Жаңа сабақ: Фосфор

Фосфор химиялық элементтердің периодтық жүйесінде III периодта, V топтың негізгі топшасында орналасқан. Оның салыстырмалы атомдық массасы 31, реттік нөмірі (ядро заряды) 15.

Атом құрылысы

Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында 5 электрон бар, оның үшеуі жұптаспаған.

Электрондардың қабаттар бойынша орналасуы

+15P: 2e⁻ | 8e⁻ | 5e⁻

Электрондық формуласы

1s² 2s² 2p⁶ 3s² 3p³

Тотығу дәрежелері

Фосфор қосылыстарында −3, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Ұшқыш сутекті қосылыстары

Фосфин мен аммиак молекулаларының пішіні ұқсас болғанымен, фосфин молекуласы берік емес: ол улы, тұрақсыз газ және тез тотығады.

Ескерту

Зертханалық жағдайда улы газдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.

Ашылу тарихы

Фосфорды 1669 жылы неміс алхимигі Х. Бранд ашқан.

Табиғатта кездесуі

Табиғатта фосфор бос күйінде емес, тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Негізгі минералдары: фосфорит және апатит. Оларда фосфор көбіне кальций фосфаты түрінде болады.

Қазақстандағы кен орындары

Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфориттің мол қоры 1935 жылдан бері белгілі. Қазіргі уақытта Қаратау бассейні негізінде Жаңатас байыту комбинаты жұмыс істейді.

Ақтөбе облысында фосфорит кен орындарын (Шилісай және т.б.) игеру жоспарлануда. Осы кендер негізінде фосфорды өңдейтін зауыттар Таразда, Шымкентте және Ақтөбеде орналасқан.

Тірі ағзадағы рөлі

Азот сияқты фосфор да өсімдік пен жануар нәруызының маңызды құрамдас бөлігі. Фосфор өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында кездеседі.

Сүйекте

Ересек адамның сүйегінде шамамен 600 г фосфор болады.

Ет ұлпасында

Ет ұлпасында шамамен 56 г фосфор болады.

Жүйке жүйесінде

Жүйке жүйесінде 5 г-ға дейін фосфор кездеседі.

Барлық сүтқоректілердің сүйек құрамында фосфор фосфат түрінде болады. Фосфаттар қаңқаға беріктік береді. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады.

Алынуы

Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи фосфаттарды электр пеште кремний(IV) оксиді және көмірмен қыздырады. Бөлінген фосфор буын су астында ақ фосфор (P4) түрінде жинайды.

Реакция теңдеуі

2Ca3(PO4)2 + 6SiO2 + 10C → P4 + 6CaSiO3 + 10CO↑

Физикалық қасиеттері және аллотропиясы

Фосфор жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгеріс түзеді. Ең маңыздылары — ақ және қызыл фосфор.

Ақ фосфор

Улы және тез тұтанғыш. Буын жұтуға болмайды. Ақ фосфорды су астында, шыны ыдыста сақтап, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырады.

Айналуы

Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор сирек кездеседі.