Сұйық бейметалл
Сабақтың тақырыбы
IV A топша элементтеріне сипаттама.
Сабақтың мақсаттары
Білімдік мақсат
Көміртек топшасына жататын элементтерге сипаттама беру; көміртек пен кремний қосылыстарының қасиеттерімен таныстыра отырып жаңа білім қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат
Көміртек топшасының қосылыстары мен аллотропия туралы білім мен білікті, ой-өрісті дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, ұқыптылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың типі
- Жаңа материалды түсіндіру.
- Сабақтың әдістері
- Сөздік және көрнекілік әдістер.
- Сабақтың түрі
- Жарыс сабақ.
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, бейнефильм, слайдтар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сабақ екі топ болып, жарыс түрінде өтеді: «Көміртек» және «Кремний».
- Бағалау: қарсы топтар бір-бірін бағалайды. Әр топта есепші сайланып, жауап берген оқушыларға балл қойып отырады.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Тақырып: бейметалдарға сипаттама
Екінші топ өздері дайындаған сұрақтарын бір-біріне қояды. Формат: «Менен сұрақ — сіздерден жылдам жауап».
Жылдам сұрақтар
- Сутек пероксидінің формуласы қандай?
- Органогендік элементтерге қай элементтер жатады?
- Сіріңке өндірісінде қолданылатын элемент қайсы?
- Ауаның құрамындағы азоттың үлесі неше пайыз?
- 109 элементтің нешеуі бейметалл?
- Сұйық күйдегі бейметалл қайсы?
- Галогендер қай топта орналасқан?
- Инертті газдарды атаңыз.
- Ең күшті тотықтырғыш галоген қайсы?
- Қалқанша бездің құрамына кіретін элемент қайсы?
- Тері ауруына қарсы дәрі жасауға қолданылатын бейметалл қайсы?
- Ең жеңіл элементтің оксидінен тұратын табиғи физикалық дене қандай?
- Бейметалдардың сыртқы электрондар саны қанша?
- Бейметалдар s, p, d, f элементтеріне жата ма?
- Байланыстың қандай түрлері болады?
- Кристалдық торлардың түрлері қандай?
- Топ бойынша және период бойынша қасиеттер қалай өзгереді?
- Топтар мен периодтарда электртерістілік және тотықтырғыш қасиеттер қалай өзгереді?