Мақал - мәтелдер сайысы

Интеллектуалды сайыс: «Үздік биолог»

Бұл сыныптан тыс интеллектуалды сайыс оқушылардың биология пәні бойынша білімін жүйелеуге, шығармашылық ойлауын дамытуға және өз ойын биологиялық тілде нақты, еркін жеткізуіне мүмкіндік береді.

Мақсаты

  • Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.
  • Әртүрлі сұрақтар арқылы пәндік білімін, шығармашылық қабілетін және дүниетанымын дамыту.
  • Шапшаңдыққа, тез ойлануға, өз ойын толық әрі еркін жеткізуге және биологиялық терминдерді дұрыс қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Сыныптан тыс сабақ (интеллектуалды ойын форматы).

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Қызықты сұрақтар салынған конверттер

Сабақтың жүру барысы

Сайысқа қатысатын оқушылар мен әділқазы алқасымен таныстырудан басталады. Ойынға 8 ойыншы қатысады.

Әр белестен кейін 2 ойыншы ойыннан шығып қалып отырады. Соңында қалған 2 ойыншы финалда бақ сынап, жеңімпаз «Үздік биолог» атағына ие болады.

Сайыс кезеңдері

  1. I Бәйге
  2. II Мақал-мәтелдер сайысы
  3. III Ізденген жетер мұратқа
  4. IV Шешендік
  5. V Жанды сұрақтар

I белес — Бәйге

Әр дұрыс жауап: 10 ұпай

Сұрақ-жауап түрінде өтеді. Жылдамдық пен дәлдік маңызды.

Сұрақ Жауабы
1 Мүктің тамыр қызметін атқаратын мүшесі Ризоид
2 Жіп тәрізді, көпжасушалы жасыл балдыр Спирогира
3 Шымтезек мүгінің латынша атауы Сфагнум
4 Қарағайлы орманда жиі кездесетін споралы өсімдік Плаун
5 Көбелектің дернәсілі Жұлдызқұрт
6 Қолға үйретілген бунақдене Бал арасы
7 «Жер жаңғағы» деп аталатын өсімдік Арахис
8 «Дүние жүзінің негізгі наны» деп аталатын өсімдік Бидай
9 Жемісі ең үлкен өсімдік Асқабақ
10 Ең ірі жылан Анаконда (6–10 м)
11 Дәрі алынатын бактерия Пенициллин
12 Жарықта түзілетін органикалық зат Крахмал
13 Ең кішкентай құс Колибри
14 Көздерімен әр жаққа қарай алатын жануар Хамелеон
15 Шөлде ең ұзақ ұйықтайтын жануар Тасбақа
16 Өсімдіктерді зерттейтін ғылым Ботаника
17 Жануарларды зерттейтін ғылым Зоология
18 Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы бөлігі Цитоплазма
19 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен алғаш қараған ағылшын ғалымы Роберт Гук
20 Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? Кіндік тамыр және шашақ тамыр

II белес — Мақал-мәтелдер сайысы

Әр дұрыс жауап: 10 ұпай

Ойыншы басталған мақал-мәтелдің жалғасын табады. Дұрыс жауап ұпай әкеледі.

  • Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

  • Сулы жер — нулы жер.

  • Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті.

  • Қораңда малың болсын, көшеңде талың болсын.

  • Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады.

  • Дала көркі — мал, өзен көркі — тал.

  • Ағаш ексең аялап, басыңда болар саябақ.

  • Ағаш көркі — жапырақ, адам көркі — шүберек.

  • Құты кеткен жердің, құсы кетер.

III белес — Ізденген жетер мұратқа

Тақтада 20, 30, 40 ұпайлық тапсырмалар жасырылған 9 шаршы ілінеді. Ойыншы таңдаған ұпайына сай сұраққа жауап беріп, дұрыс болған жағдайда сол ұпайды алады.

20 ұпай

  • Оң: Қызыл, сары түсті пластид түрі — хромопласт.

  • Орта: Өсімдік тәрізді қоректенетін жәндік — эвглена.

  • Сол: «Күн гүлі» деп аталатын өсімдік — күнбағыс.

30 ұпай

  • Оң: Құстар ұшқанда қан өкпеде оттекке екі рет (тыныс алғанда және тыныс шығарғанда) қанығады. Бұл ерекшелік — қосарлы тыныс алу.

  • Орта: Адамның шығу тегі, тарихи даму кезеңдері және нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым — антропология.

  • Сол: Түнде ұшатын құс — үкі.

40 ұпай

  • Оң: Құстардың қауырсынын майлайтын без — құймышақ безі.

  • Орта: Жаңа Зеландияда кездесетін, салмағы шамамен 2–3 кг болатын, түйеқұстардың ең кіші түрі — киви (қанатсыз түйеқұс).

  • Сол: Екі ағзаның өзара пайдалы селбесуі — симбиоз.

IV белес — Шешендік

Тақтаға 1–5 сандары бар 5 шаршы ілінеді. Әр шаршының артында тақырып жасырылған. Оқушы санды таңдап, тақырыпқа байланысты өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Ең жоғары ұпай — 50, ең төменгі ұпай — 30.

Тақырыптар

  1. 1 Гүл — адам өмірінің сәні.
  2. 2 Темекі — денсаулық дұшпаны.
  3. 3 Қымыз — шипалы сусын.
  4. 4 Пияз — ауруға қарсы мың да бір ем.
  5. 5 Өсімдік — өмір тірегі.

Бағалау өлшемдері

  • Ойдың нақтылығы мен құрылымы
  • Дәлел келтіру және өмірмен байланыстыру
  • Терминдерді дұрыс қолдану және сөйлеу мәдениеті

V белес — Жанды сұрақтар

Қосымша: 10 ұпай

Бұл кезеңде ойыншылар қатысып отырған мұғалімдердің әртүрлі сұрақтарына жауап беру арқылы қосымша ұпай жинайды. Ойын соңында ұпай саны есептеліп, жеңімпаз анықталады және мақтау қағазымен марапатталады.

Жанды сұрақтарға ықтимал тақырыптар

  • Гүл — адам өмірінің сәні.
  • Темекі — денсаулық дұшпаны.
  • Қымыз — шипалы сусын.
  • Пияз — ауруға қарсы мың да бір ем.
  • Өсімдік — өмір тірегі.