Басаяқты ұлулардың өкілдері
Биология • 7-сынып
Сабақ жоспары
Өзен шаяны: тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдылары
Бұл сабақта өзен шаянының тіршілік ортасы, қоректенуі және сыртқы құрылысының негізгі ерекшеліктері қарастырылады. Материал оқушылардың бақылау дағдысын дамытып, биологияға қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаттары
-
Білімділік
Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысы мен олардың қызметтерін таныстыру.
-
Дамытушылық
Оқытудың жаңа элементтерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін, ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын және тіл байлығын дамыту.
-
Тәрбиелік
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге және белсенді әрекет етуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекіліктер
- Тірек-сызбалар
- Суреттер
- Электронды оқулық
Әдістер
- «Суретті сөйлету» әдісі
- Сұрақ-жауап
- «Нақты сандар» бөлімі
- Топпен жұмыс
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақ барысы
Уақыт бөлінісі жоспарды нақты сақтауға және оқу әрекеттерін бірқалыпты ұйымдастыруға көмектеседі.
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
3 минутСыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу мақсаты мен күтілетін нәтижелерді қысқаша таныстыру.
-
II. Үй тапсырмасын сұрау
8 минутСұрақ-жауап
-
Неліктен «бауыраяқтылар» деп аталады?
Тоспаұлудың аяғы дененің бауыр жағында орналасады.
-
Басаяқты ұлулардың өкілдері қандай?
Кальмар, каракатица, сегізаяқ.
-
Қай ұлу жауынан сиялы сұйықтық шашып құтылады?
Сегізаяқ.
-
Неліктен «басаяқты» деп аталады?
Аяғы (қармалауыштары) бас бөлігінде орналасқандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатады.
-
Сегізаяқ туралы қызықты дерек қандай?
Сегізаяқты белгілі бір тәсілмен уақытша қимылсыз күйге келтіруге болады: аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса жеткілікті.
«Нақты сандар» бөлімі
Ұлулар типінің әр класы түрлер саны бойынша айқын ажыратылады.
- Бауыраяқты ұлулар
- 80 000
- Қосжақтаулы ұлулар
- 20 000
- Басаяқты ұлулар
- ≈ 800
- Ұлулар типі
- 3 класс
Қосымша әдіс: «Суретті сөйлету» — сурет бойынша сипаттау, терминдерді нақтылау, қорытынды жасау.
-
-
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
15 минутШаянтәрізділер класының нағыз өкілі — өзен шаяны. Салыстыру үшін: өрмекшітәрізділер класының өкілі — кресті өрмекші.
Тіршілік ортасы
Өзен шаяны тұщы суларда тіршілік етеді: өзендерде, жылғаларда және көлдерде кездеседі.
Қоректенуі және мінез-құлқы
Өзен шаяндары жем талғамайды. Олар жемнің иісін жақсы сезеді, әсіресе өлген бақа, балық немесе басқа жәндіктердің өлексесі бұзыла бастағанда иісті алыстан-ақ анықтайды.
Сыртқы құрылысы және қорғаныш бейімделуі
-
Денесінің сыртында хитинді жамылғы болады — бұл қорғаныш қабат. Түсі көбіне қоңырқай жасыл, ол су түбіндегі ала көлеңкелі ортада байқалмауына көмектеседі.
-
Жамылғыдағы бояу заты пісірген кезде жойылады, сондықтан түсі өзгеріп кетеді.
-
Қысқа және ұзын мұртшалары — сипап сезу және иіс сезу мүшелері.
Аяқтары, құрсағы және қозғалысы
-
Көкірегінде 5 жұп бунақты аяқ болады.
-
Алдыңғы жұп аяқтары өте ірі: қорғануға, жеміне бас салуға және қармауға бейімделген.
-
Құрсағы бір-бірімен қозғалмалы жалғасқан 6 бунақтан тұрады және соңында жүзу қанатымен аяқталады.
Көбеюі және жыныстық айырмашылығы
Өзен шаянының аналығы сыртқы белгілері бойынша аталығынан өзгешелеу болады.
Аталығының құрсағы баскөкірекке қарағанда жіңішкелеу келеді.
Аналығы қыс соңында уылдырық шашып, оларды құрсақ аяқтарына жабыстырады. Уылдырық сол жерде дамып, жетіледі.
-
-
IV. Бекіту
15 минутДеңгейлік тапсырмалар
-
1-топ — Баяндаушылар
Мәтінді оқып, өзен шаянының суретін салып, мазмұнын түсіндіріп баяндау.
-
2-топ — Сілтеме табушылар
Мәтіннен жаңа ұғымдарды тауып, анықтамаларын оқып беру.
Қорытынды әрекеттер
Бағалау: 2 минут.
Үй тапсырмасы: 2 минут — өзен шаянының құрылысын оқып келу.
-
Қолданылған әдебиеттер
Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева. Биология. Алматы: Атамұра, 2007.