Амебаның қозғалу мүшесін ата
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Жануарлар туралы алған білімдерін жинақтау, қайталау және тереңдету.
- Дүниетанымды кеңейту, табиғат құбылыстарын жүйелі түсіндіруге бағыттау.
- Біржасушалылардың табиғатта таралған түрлерінің құрылысы мен тіршілігіндегі ортақ белгілерін және негізгі айырмашылықтарын түсіндіру.
2) Дамытушылық
- Оқушылардың байқампаздығын, іскерлігін, ізденісін және шығармашылық қабілетін дамыту.
- Электронды оқыту дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушы әрекетіне негізделген қызығушылықты арттыру.
- Ақпараттық технологияларды қолдану мәдениетін дамыту.
3) Тәрбиелік
- Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға және аялауға тәрбиелеу.
- Экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, электрондық оқулық
- Сабақ типі
- Аралас сабақ
- Әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, топтық жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- География, орыс тілі, информатика, бейнелеу өнері
Сабақтың құрылымы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
амандасу • түгендеуОқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру үшін жауап беру сапасына қарай белгішелер қолданылады:
- Алма Тапсырмаға толық жауап бергенде көрсетіледі.
- Гүл Тапсырмаға толық емес жауап бергенде көрсетіледі.
- Жапырақ Тапсырмаға дайын болмаған жағдайда көрсетіледі.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардан үй тапсырмасына берілген жұмыс түрлері сұралады және қысқаша шолу жасалады.
-
III. Жаңа сабақ
- І кезең: тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.
- ІІ кезең: электрондық оқулық арқылы біржасушалылардың құрылысы мен қозғалысын көрсету.
- ІІІ кезең: тест тапсырмаларын орындау.
-
IV. Бағалау
Жинақтаушы бағалау жауап сапасы, белсенділік және тапсырмаларды орындау деңгейі бойынша жүргізіледі.
-
V. Үйге тапсырма
§32 оқу. Сонымен қатар төмендегі сөздерді қолданып эссе жазу: табиғат, қарапайымдар, су, ауа, күн, микроскоп, ғалымдар, қорғау, зерттеу.
Үй тапсырмасы: кесте толтыру
Төмендегі жануарлар бойынша тіршілік ерекшеліктерін кестеге түсіріңіз: мекені, қозғалысы, қорегі, көбеюі және қауіпті жауы.
| № | Жануар түрлері | Мекені | Қозғалуы | Қорегі | Көбеюі | Қауіпті жауы |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Аққу | |||||
| 2 | Көбелек | |||||
| 3 | Құрбақа | |||||
| 4 | Сазан | |||||
| 5 | Тышқан | |||||
| 6 | Қоңыз | |||||
| 7 | Шыбын | |||||
| 8 | Қоян | |||||
| 9 | Жылан | |||||
| 10 | Шегіртке |
Жұмбақтармен жұмыс
Жұмбақтардың шешімін табыңыз, орыс тіліне аударыңыз және тіршілік ортасын атаңыз. Жауаптар интерактивті тақтадағы суреттер арқылы тексеріледі.
1) Өрмекші
Ұзын-ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгесіп,
Ұзартып қойған мұнардай.
2) Қоңыз
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көріңіз,
Шешуін кім табады.
3) Қораз
Басы тарақ, арты орақ.
4) Үкі
Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.
5) Жылан
Орманнан шығар,
Сырты шұбар.
Ала түрлі,
Кілтең сырлы.
6) Тасбақа
Асты тас,
Үсті тас.
Ортасында шандыр бас.
7) Бақа
Тарпаң, тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.
8) Шортан
Өзі шұбар.
Тамағына таққаны —
Екі тұмар.
9) Қасқыр
Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады.
10) Қоян
Жол үстінде қу қазық,
Мергеншіге жол азық.
Талқылау сұрағы
Интерактивті тақтадан ағаш, жануарлар мен жәндіктер, сондай-ақ табиғат көріністері көрсетіледі. Ағаш пен жануарлардың арасында қандай байланыс бар? Мысал келтіріңіз.
Тест: Қарапайымдар
Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңыз.
1) Қазіргі кезде қарапайымдардың қанша түрі бар?
- а) 50 000
- б) 40 000
- в) 70 000
- г) 20 000
2) Жарықта түсі жасыл болатын жәндікті ата.
- а) Амеба
- б) Эвглена
- в) Вольвокс
- г) Арцелла
3) Шоғыр болып тіршілік етуге бейімделген ағзаны ата.
- а) Вольвокс
- б) Арцелла
- в) Амеба
- г) Эвглена
4) Дене тұрқы 0,5 мм болатын қарапайымды ата.
- а) Эвглена
- б) Амеба
- в) Кебісше
- г) Вольвокс
5) Тамыраяқтылар тобына жататын ағзаны ата.
- а) Эвглена
- б) Арцелла
- в) Вольвокс
- г) Кебісше
6) Дене пішіні тұрақты, дене тұрқы 0,2 мм; алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір ағзаны ата.
- а) Эвглена
- б) Арцелла
- в) Кебісше
- г) Амеба
7) Амебаның қозғалу мүшесін ата.
- а) Кірпікше
- б) Талшық
- в) Жалғанаяқ
- г) Вакуоль
8) Эвгленаның қозғалу мүшесін ата.
- а) Вакуоль
- б) Кірпікше
- в) Талшық
- г) Жалғанаяқ
9) Тұрақсыз құрылымдар қарапайымдардың қай бөлігінде болады?
- а) Ядро
- б) Цитоплазма
- в) Вакуоль
- г) Жасуша мембранасы
10) Тітіркенгіштік дегеніміз:
- а) Қозғалу
- б) Әртүрлі әсерге жауап беру
- в) Қоректену
- г) Плазмолемма