Әдептілікті ұстаздан үйрен
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының жоспары
Тақырыбы: мұғалім, оқушы және әдептілік ұғымдарына байланысты.
Мақсаты
- Оқушылардың сөздік қорын және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Білім деңгейін көтеріп, ой-өрісін жан-жақты дамытуға тәрбиелеу.
- Педагогикалық іскерліктерге баулу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Ойынның барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Армысыздар, ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер!
«Біле бер, қанша білсең тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле».
Бүгінгі 3а және 3ә сыныптары арасында өтетін «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ойын-сайысымызды ашық деп жариялаймын. Баршаңызға қош келдіңіздер!
Ойынымыз жарыс түрінде өтетіндіктен, оның шарттары мен қатысушылары таныстырылады. Әр сыныптан үш-үш оқушы қатысады (қатысушылар жеке-жеке таныстырылады).
I айналым: Мақал-мәтел
Ұпай: 1Үш ойыншы шығады. Жүргізуші мақал-мәтелдің басын айтып береді, ал ойыншылар жалғастырады.
Кім бірінші болып жауап беріп, дұрыс айтса, 1 ұпай алады. Ұпайы көп ойыншы жеңімпаз атанады.
II айналым: Жұмбақ
Жеңімпаз: көп шешкенКелесі үш ойыншыға жұмбақтар жасырылады. Ойыншылар дұрыс жауабын табады.
Кім көп жұмбақ шешсе, сол жеңімпаз болады.
III айналым: Финал
ДуэльМақалшылар жеңімпазы мен жұмбақшылар жеңімпазы жарысады.
Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ жасырады. Жұмбақ шешілсе, мақалшы сол тақырыпқа сәйкес мақал айтады. Кім айта алмай қалса, сол жеңіледі. Бір ойыншы жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасы
Енді бүгінгі сайысымыздың әділқазыларымен таныстырып өтейік (әділқазы мүшелері таныстырылады).
Қорытынды сөз:
Барша қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық!
Тапсырмалар
I айналымға арналған мақал-мәтелдер
-
Жаздың бір күні… Мақалды жалғастыр
Қыстың мың күнін асырайды.
-
Оқу — білім бұлағы… Мақалды жалғастыр
Білім — өмір шырағы.
-
Ақыл — тозбайтын тон… Мақалды жалғастыр
Білім — таусылмайтын кен.
-
Білімдіге дүние жарық… Мақалды жалғастыр
Білімсіздің күні кәріп.
-
Қына тасқа бітеді… Мақалды жалғастыр
Білім басқа бітеді.
-
Бірлігі жоқ ел тозады… Мақалды жалғастыр
Бірлігі күшті ел озады.
-
Әдепті бала — арлы бала… Мақалды жалғастыр
Әдепсіз бала — сорлы бала.
-
Ашу — дұшпан, ақыл — дос… Мақалды жалғастыр
Ақылыңа ақыл қос.
-
Ырыс алды… Мақалды жалғастыр
Ынтымақ.
-
Өзін-өзі мақтаған… Мақалды жалғастыр
Өліммен тең.
-
Әдептілікті… Мақалды жалғастыр
Ұстаздан үйрен.
-
Шәкіртсіз ұстаз… Мақалды жалғастыр
Тұл.
-
Адам деген… Мақалды жалғастыр
Ардақты ат.
-
Ер жігіт ел үшін туады… Мақалды жалғастыр
Ел үшін өледі.
-
Мұғалім үшін ең маңызды нәрсе… Ой түйіні
Оқушыны алдамау.
II айналымға арналған жұмбақтар
Түйіскенді түйреген, киімі бар инеден.
Жолбарысқа ұқсайды, тышқанды ғана ұстайды.
Тарағым бар — тарамаймын.
Орағым бар — ора алмаймын.
Сақалым бар, ал бірақ,
Мен ақсақал бола алмаймын.
Білімнің жолбасшысы, шәкірттің қолбасшысы.
Ат міндім қарама аяң қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып.
Төрт қырлы, өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ.
Шәкіртке жанашыр, мейірман кім, жаны асыл?
Түк білмей барасың, тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де, қарыз боп қаласың.
Жаны жоқ болса да, ақылды адам ісін істейді.
Жер көрдім қаласы бар, үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім, сулары жоқ тереңдейтін.
Қорытынды және көрермендерге тапсырма
Міне, II айналым да аяқталды. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Келесі айналымды бастамас бұрын, көрермендермен бірге сөзжұмбақ шешеміз (көрнекілік құралдары арқылы ұйымдастырылады).