Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы
Сабақтың тақырыбы
Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы. Күн мен түннің ауысуы.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы туралы түсінік беру. Ойлау қабілетін және сабаққа қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге ерекше мән беруге үйрету.
2) Дамытушылық
Іскерлік пен біліктілік дағдыларын жетілдіру арқылы ойлау, қабылдау және меңгеру қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, картамен жұмыс жасауға машықтандыру.
3) Тәрбиелік
Туған елге және жерге сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Рухани байлықты дамыту, тапқырлық пен ізденімпаздықты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге дағдыландыру. Қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу.
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ–жауап, СТО элементтері
Көрнекілігі
Үлестірмелі қағаздар, карта, глобус, оқулық, слайд
Пәнаралық байланыс
Тарих
Сабақтың барысы
I) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
- Сыныптың тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
II) Үй тапсырмасын тексеру
Төмендегі сұрақтар арқылы өткен материалды қайталау:
- Жердің пішінін неге шар тәрізді деп атайды?
- Глобустың пішіні қандай?
- Ерте кезеңдерде Жердің пішіні туралы қандай көзқарастар болған?
- Масштаб дегеніміз не?
- Масштабтың неше түрі бар?
- Географиялық карта дегеніміз не?
III) Жаңа сабақ
1) Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы
Жердің айналу түрлері мен олардың уақыт өлшемдеріне әсері.
2) Күн мен түннің ауысуы
Жердің тәуліктік айналуынан туындайтын табиғи құбылыс.
3) Жазғы және қысқы тоқырау
Күн сәулесінің түсу бұрышы мен күн ұзақтығының өзгеруі.
4) Поляр күні және поляр түні
Жоғары ендіктердегі жарық режимінің ерекшеліктері.
Жаңа сабақты бекіту
Географиялық диктант
Бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз (жауаптары жақша ішінде берілген).
-
1. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт _____ сағатқа тең. (24)
-
2. Жердің өз осінен айналуының нәтижесінде _____ мен _____ ауысады. (күн, түн)
-
3. Уақыт _____ меридианынан есептеледі. (Гринвич немесе бас меридиан)
-
4. Алғаш 21–22 маусымда _____ болады. (жазғы тоқырау)
-
5. 23 қыркүйек күні _____ — күн мен түннің теңелуі байқалады. (күзгі теңелу)
-
6. Оңтүстік жарты шарда ең ұзақ күн _____ деп аталады. (поляр күні)
-
7. Солтүстік жарты шарда ең ұзақ түн _____ деп аталады. (поляр түні)
-
8. Жердің Күнді межелеген уақытта толық айналып өтуі _____ деп аталады. (жыл)
Тест жұмысы
Дұрыс жауабын таңдаңыз.
-
1. Темірқазық жұлдызына қарап қай бағытты анықтауға болады?
- A) Оңтүстік
- Ә) Солтүстік
- Б) Батыс
- В) Шығыс
-
2. Жер бетіндегі адамзат неше нәсілге бөлінеді?
- A) 2
- Ә) 1
- Б) 3
- В) 4
-
3. Жер шарын айналып шыққан саяхатшы кім?
- A) Ф. Магеллан
- Ә) Х. Колумб
- Б) Ш. Уәлиханов
- В) Қ. Сәтбаев
-
4. «Күнді тоқтатып, Жерді айналдырады» деген мазмұндағы сөздер жазылған ғалымның аты?
- A) Әл-Фараби
- Ә) Николай Коперник
- Б) Ш. Уәлиханов
- В) Герард Меркатор
-
5. Күннің төңірегінде неше планета бар?
- A) 10
- Ә) 8
- Б) 9
- В) 7
-
6. Күнді айнала қозғалатын ғаламшар жолы қалай аталады?
- A) Комета
- Ә) Метеор
- Б) Орбита
- В) Астероид
-
7. Жер өз осінен қанша уақытта 1 рет айналады?
- A) 30 сағат
- Ә) 25 сағат
- Б) 24 сағат
- В) 23 сағат
-
8. Жер Күнді қанша уақытта бір рет айналып өтеді?
- A) 1 жылда
- Ә) 2 жылда
- Б) 3 жылда
- В) 4 жылда
-
9. Жер бетінің жалпы ауданы қанша?
- A) 510 млн км²
- Ә) 500 млн км²
- Б) 450 км²
- В) 350 млн км²
-
10. Жер экваторының ұзындығы қанша?
- A) 39 000 км
- Ә) 41 000 км
- Б) 40 000 км
- В) 35 000 км
Бағалау
V) Оқушы білімін бағалау: сабақ барысында жауап беру белсенділігі, диктант пен тест нәтижелері негізінде бағаланады.
Үй тапсырмасы
VI) §11. Картамен жұмыс: 32-беттегі тапсырмаларды орындау.