Оқушылар назарын сабаққа аударту
Сабақтың тақырыбы
Хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Интернет арқылы электрондық хабарлармен жұмыс істеуді үйрету.
- Оқушыларды жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру.
Дамытушылық
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
- Логикалық ойлауын және басқару қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Оқушыларды дербес өмір сүруге баулу.
- Еңбекқорлыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Техникалық-материалдық құралдар мен көрнекіліктер
- Компьютерлік жабдықтар
- Сабақ презентациясы
- Плакаттар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Журнал бойынша түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Кіріспе нұсқау
- Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу.
- Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабаққа нұсқау
XXI ғасыр — телекоммуникация ғасыры екені сөзсіз. Байланыс түрлерінің ішінде электрондық поштаның орны ерекше: оны қолданушылар саны күн сайын артып келеді.
Электрондық пошта арқылы тіркелген пошта жәшігі бар кез келген адамға хат жіберуге болады. Хабар жіберілгеннен кейін бірнеше секунд ішінде серверге түседі. Алушы басқа елде болса да, интернетке қосылу мүмкіндігі болса, хатты бірден қабылдай алады.
Қазіргі уақытта ұялы телефондар, смартфондар және өзге де байланыс құралдары арқылы электрондық хат жіберу мен қабылдау қолжетімді.
Серверлердің рөлі
Интернетте электрондық пошта жұмысы әдетте екі сервердің көмегімен іске асады: шығатын хабарлар сервері және келіп түсетін хабарлар сервері. Келіп түсетін хабарлар сервері көбіне “пошта жәшігі” деп аталады.
Негізгі хаттамалар
- SMTP — Simple Mail Transfer Protocol: пошта хабарларын жіберуге арналған хаттама.
- POP3 — Post Office Protocol 3: келіп түскен хабарларды қабылдауға арналған хаттама.
Электрондық хаттың құрылымы
Электрондық поштадағы хабар екі бөліктен тұрады: тақырып және негізгі бөлім. Тақырып әдетте келесі өрістерді қамтиды:
- Кімге
- Адресаттың аты (электрондық мекенжайы).
- Көшірмесі
- Хаттың көшірмесі жіберілетін қосымша адресаттар.
- Тақырып
- Хабар мазмұнын қысқаша сипаттайтын атау.
IV. Кіріспе нұсқауды бекіту
Жаңа материалдың қаншалықты меңгерілгенін анықтау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- Электрондық пошта дегеніміз не?
- Электрондық пошта қызметтері қандай?
- Электрондық адрес құрылымын атаңыз.
V. Жаттығу жұмыстарын көрсету
- Компьютерлік жабдықтарды қолдана отырып, интернет желісімен жұмыс істеуді меңгерту.
- Интернет арқылы электрондық поштамен жұмыс жасау тәсілдерімен таныстыру.
VI. Ағымдық нұсқау
Интернет тақырыбы бойынша білімді бекіту және жетілдіру үшін зертханалық жұмыс орындау тапсырмасы беріледі.
VII. Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау
- Бірінші тексеру: жұмыс орнын бақылау (оқушы қауіпсіздігі мен тәртібіне мән беру).
- Екінші тексеру: жұмыс амалдарын бақылау (әрекеттердің дұрыс орындалуын қадағалау).
- Үшінші тексеру: өзін-өзі ұстауын бақылау (ұқыптылық, жауапкершілік).
- Төртінші тексеру: техникалық құралдарды дұрыс қолдануын бақылау (жабдықты дұрыс пайдалану).
VIII. Қорытынды нұсқау
- Сабақ бойынша қорытынды жасау.
- Әрбір оқушының сабаққа қатысу белсенділігін бағалау.