Сапқа тұрғызу
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сынып
8-сынып
Ұйымдастыру әдісі
Топтық жұмыс
Құрал-жабдықтар
- Волейбол добы
- Ысқырық
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Волейболдағы ең негізгі әдістерді үйрету және шеберлікті жетілдіру.
Дамытушылық
Ептілік, икемділік және шапшаңдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Волейбол ойынына қызығушылықты арттыру, ұқыптылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Кіріспе: 10–12 минут
Негізгі: 20–25 минут
Қорытынды: 5 минут
Кіріспе дайындық бөлімі (10–12 минут)
Ұйымдастыру
- Сыныпты қабылдап алу.
- Оқушыларды сапқа тұрғызу.
- Сәлемдесу және оқушыларды түгендеу.
- Сабақ алдында техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру; өкшемен жүру; аяқтың сыртқы және ішкі қырымен жүру.
- Жылдам жүгіру.
- Екі қолды белге қойып, аяқты алға түзу тастап жүгіру.
- Екі қол белде, жартылай отырып жүру.
- Сапта баяу жүріп, бастапқы қалыпқа келу; тыныс алу жаттығулары (демді ішке алу және шығару).
Әдістемелік нұсқаулар
- Оқушылардың спорт киіміне, тәртібіне және командалардың орындалуына назар аудару.
- Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Негізгі бөлім (20–25 минут)
Теория және ұйымдастыру
- Волейбол ойынының негізгі ережелерімен таныстыру.
- Ойыншылардың алаңда орналасу тәртібін түсіндіру.
Практикалық дағдылар
Ойыншыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып, алақандарын біріктіріп ұстау арқылы допты төменнен қабылдау әдісін көрсету. Әдісті оқушыларға бірнеше рет қайталатып, қозғалыстың дәлдігіне мән беру.
Допты төменнен қабылдау жаттығулары
- 1. Еденге жақын келген допты астынан қабылдау.
- 2. Допты төменнен қабылдап, артқа беру.
- 3. Қауіпті жағдайларда допты төменнен қабылдау.
- 4. Допты төменнен қабылдап, жанға қарай бұрылу (айналу) арқылы шығу.
Қорытынды бөлім (5 минут)
- Оқушыларды сапқа тұрғызу.
- Сабақты қорытындылау.
- Оқушыларды бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.