Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
Бастауыш сынып
Мұғалім: Актоты Исмагулова
Сабақтың мақсаты
- 1 Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру: екі түбірдің бірігуі арқылы тұтас бір ұғым жасалатынын, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру.
- 2 Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- 3 Сауаттылыққа, көркем жазуға және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ, саяхат-сабақ.
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта.
Негізгі тақырып
Біріккен сөздер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа бағыттау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Өткен тақырып бойынша жауаптарды тыңдау және түзету.
III. Мақсат қою кезеңі
- Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
IV. Жаңа сабақ
- Әңгіме арқылы жаңа ұғымды ашу, мысалмен дәлелдеу.
Жаңа тақырыпты ашу: «Айна мен Гүл» әңгімесі
Ертеде Айна өмір сүріпті. Бірақ оның өмірі көңілсіз өтіп, жалғызсырап жүріпті. Бір күні ол қатты түңіліп келе жатқанда, алдынан жайқалған әдемі Гүл шығады.
Диалог
Гүл: Айна, сен неге сонша көңілсізсің?
Айна: Жалғыздықтан жалықтым. Өзіме лайық дос іздеп келемін.
Диалог
Гүл: Мені елдің бәрі көркем, әдемі дейді. Бірақ өзімнің әдемілігімді ешқашан көрген емеспін. Көргім келеді. Менің досым болшы.
Айна: Алақай! Мен өзіме лайық дос таптым.
Содан бері Айна мен Гүл дос болыпты. Екеуіне қарап, адамдар қазақша Айнагүл есімді қыз баланың атын қоя бастапты.
Тақтадағы жұмыс
Бір оқушы тақтаға шығып, «Айнагүл» сөзін сөз құрамына талдайды.
- Неше түбірден жасалған?
- Қандай ұғымды білдіреді?
Мұғалім қорытынды жасайды: екі түбір сөз бірігіп, бір ғана ұғымды білдіретін жаңа сөз жасалады. Мұндай сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Оқулықтағы ережені оқып, талдаймыз: біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірге жазылады.
Ой шақыру: суретпен жұмыс
Балалар, суреттен нелерді көріп тұрмыз? Олар қалай жазылады деп ойлайсыңдар? Әр сөз неше түбірден құралғанын анықтаймыз. (Мысалы, аққу және т.б.)
«Гүл» түбірімен
- гүл + жан→гүлжан
- гүл + жайна→гүлжайна
- гүл + бақыт→гүлбақыт
- гүл + десте→гүлдесте
«Күн» түбірімен
- күн + сұлу→күнсұлу
- күн + бағыс→күнбағыс
- күн + тізбе→күнтізбе
Негізгі сұрақ
Біріккен сөзді құрайтын түбірлер қалай жазылады? Жауап: бірге жазылады.
Саяхат-сабақ: тапсырмалар
1-саяхат: «Әншілер» хат тапсырмасы
1-жаттығу (ауызша)
Сөздерді оқы. Олар қалай жасалғанын анықта (сұрақ қою арқылы дәлелде).
2-саяхат: «Қоян» тапсырмасы
2-жаттығу
Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.
I қатар
Кісі аттары
II қатар
Аң, құс аттары
III қатар
Ойын атаулары
IV қатар
Дене мүшелері
Жеке жұмыс: сөйлемнен біріккен сөзді тап
Рауан, Назгүл: сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді табыңдар.
Үлгі сөздер
Қалған оқушыларға: қосымша тапсырма беріледі.