Грек мектептері
Сабақтың тақырыбы
§27. Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдістері
Баяндау, сұрақ-жауап, тірек-сызбамен жұмыс.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, суреттер.
Пәнаралық байланыс
География, математика, биология.
Термин сөздер
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.
2) Тәрбиелік
Елдің болашағы білімді ұрпақ екенін ұғындыру, білімге ұмтылуға тәрбиелеу.
3) Дамытушылық
Бүгінгі қазақ мектебі мен ежелгі грек мектебін салыстыру арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастырып, шапшаңдық пен ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқушыларды психологиялық дайындау (тренинг).
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Тест жұмысы.
- Қазақстандық олимпиада жеңімпаздары туралы қысқаша шолу.
III. Жаңа сабақ
1. Грек мектептері
2. Ғылыми білімдер
3. Грек тарихшылары мен философтары
4. Грек мәдениетінің маңызы
Ежелгі грек мектептері: құрылымы мен мазмұны
Ежелгі грек мектептері білім беруді үш басқышқа бөліп ұйымдастырды. Әр кезең баланың жас ерекшелігі мен қоғамдық тәрбие талаптарына сай құрылды.
1-басқыш: мектеп жасына дейінгі тәрбие (3–7 жас)
Бұл кезеңде балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулыды, мінез-құлық мәдениетін қалыптастырды.
2-басқыш: негізгі оқу дағдылары (7–12 жас)
Балаларға оқуды, жазуды, сызуды, сурет салуды үйретті; санау дағдылары бекітілді.
3-басқыш: гимнасия
Әртүрлі ғылым салалары бойынша білім беріліп, шешендік өнерге баулыды.
Ескерту: қыз балаларға арналған арнайы мектептер болмаған.
Ғылыми білімдер және грек мәдениетінің ықпалы
Грек ғалымдары табиғат құбылыстарын бақылап, әдебиет, математика, философия, тіршіліктану, тарих сияқты салаларда білім жинақтады. Сонымен қатар медицина ғылымын зерттеп, тәжірибелік бақылауларға сүйенген ой қорытындылар жасады.
Грек мәдениеті дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор үлес қосты. Оның ауқымы да, мазмұны да әр алуандығымен ерекшеленеді: білім беру дәстүрі, ғылыми ізденіс, ойлау мәдениеті және өнердің дамуы кейінгі өркениеттерге ықпал етті.
Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар
1-тапсырма: Басқышты анықта
Берілген әрекеттер мен ұғымдардың грек мектептерінің қай басқышына тиесілі екенін анықтаңыз.
2-тапсырма: Тарихи басқатырғыш
Берілген әріптерді пайдаланып, сөз құраңыз.
- 1 ФЯИОСЛФОИ
- 2 АКМТАЕМИАТ
- 3 ТХРИА
- 4 БӘЕДТИЕ
- 5 ЦМАДЕИНИ
3-тапсырма: Сәйкестендіру тесті
Ғұламаларды олардың білім салаларымен сәйкестендіріңіз.
Ғұламалар
- 1. Геродот—
- 2. Гомер—
- 3. Аристотель—
- 4. Гиппократ—
- 5. Пифагор—
Білім салалары
- 1. Медицина—
- 2. Тарих—
- 3. Әдебиет—
- 4. Математика—
- 5. Философия—
4-тапсырма: Тарихи «сынақ хат»
Мәтіндегі түсіп қалған сөздерді толықтырыңыз.
Ежелгі грек мектебі ____ басқыштан тұрды. Бірінші басқышта _____ _________, _________ _________ үйренді. Әріптерді салуда _________ пайдаланды. Ұл балалар қосымша __________ мектептеріне қатысты. Гомер «_____________» және «_____________» поэмаларын жазды. Геродотты «________ __________» деп атайды. Гиппократ _____ жуық _________ еңбектер жазды. Грек философы ____________ 300-ге жуық шығарма жазған. Грекия ______, ________ _______ отаны.
Бағалау және үй тапсырмасы
IV. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, тапсырмалар орындауы және талдауға қатысуы бойынша бағаланады.
V. Үйге тапсырма
- §27. «Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері» тақырыбын оқу.
- «Менің мектебімнің грек мектебінен айырмашылығы» тақырыбында эссе жазу.