Дөңгелектер сыйы

Сабақтың тақырыбы

9 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

9 саны және оның құрамы туралы білімін қалыптастыру; сәйкес теңдіктерді жазуды меңгерту және оларды есеп шығаруда қолдануға үйрету.

Дамытушылық

Оқушының зейінін, ойлау үдерістерін, пәнге қызығушылығын дамыту; шапшаңдық, жылдамдық және байқампаздық қасиеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Ұжымда бірлесе жұмыс істеуге, адамгершілікке тәрбиелеу; есептеу дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге бағыттау.

Көрнекіліктер

  • Сандар қатары
  • Суреттер
  • Кестелер
  • Геометриялық фигуралар

Сабақтың түрі

Интеграциялық сабақ.

Сабақтың әдісі

Көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты үш топқа бөлу, топтарға ат қою: Алғырлар, Тапқырлар, Ойшылдар.

Жедел сұрақтар

  • 1 жылда неше мезгіл бар?
  • Қазір қай мезгіл?
  • Күздің қай айы?
  • Аптаның қай күні?
  • Қазір қандай сабақ?
  • Өткен сабақта не өттік?

Өткенді еске түсіру

1-ден 9-ға дейінгі сандар мен цифрлар және олардың құрамы.

Бүгінгі мақсат

9 санының құрамымен танысамыз және 9 санына байланысты амалдар орындаймыз.

Бүгін біз Геометрия еліне саяхатқа шығамыз. Геометрия елінің тұрғындары бізге тапсырмалар дайындаған. Ерте, ерте, ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүктелер өмір сүріпті. Енді сол нүктелер ауылының сыйын қабылдаймыз.

1-тапсырма: Нүктелердің сыйы (өткенді қайталау)

а) Санау

Санды тура және кері санау.

ә) Теориялық сұрақ

Теңдік, теңсіздік және өрнек туралы не білеміз?

б) «Кім жылдам?»

Топтар бойынша жарыс.

Алғырлар

  • 7 + 2 = 9
  • 2 + 7 = 9
  • 9 − 7 = 2
  • 9 − 2 = 7

Тапқырлар

  • 6 + 2 = 8
  • 2 + 6 = 8
  • 8 − 2 = 6
  • 8 − 6 = 2

Ойшылдар

  • 4 + 2 = 6
  • 2 + 4 = 6
  • 6 − 2 = 4
  • 6 − 4 = 2

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.

2-тапсырма: Түзулер мен сәулелердің сыйы

Ұғып ал!

Оқулықпен жұмыс.

1-мысал

9 санының құрамы.

Жұп

8 + 1 = 9

Жұп

7 + 2 = 9

Жұп

6 + 3 = 9

Жұп

5 + 4 = 9

Заттарды қосып және азайта отырып, 9 санының құрамын бекіту.

3-тапсырма: Кесінділердің сыйы

2-мысал

Жолақшалардағы дөңгелектердің түсіне қарай қосындылар мен айырмаларды жаз:

Қосу

  • 8 + 1 = 9
  • 7 + 2 = 9
  • 6 + 3 = 9
  • 5 + 4 = 9

Азайту

  • 9 − 1 = 8
  • 9 − 2 = 7
  • 9 − 3 = 6
  • 9 − 4 = 5

Қосу және азайту амалының компоненттерін қайталау.

3-мысал

Кесінділерді өлшеу және ұзындықтарын салыстыру.

9 см

9 см

8 см

8 см

8 см

9 см

4-тапсырма: Төртбұрыштардың сыйы

Салыстыр:

0 < 7

6 см > 5 см

5-тапсырма: Үшбұрыштардың сыйы (математикалық жұмбақ)

Үшеуі аз деп балапан,
Қосты тағы үш балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан?

6-тапсырма: Дөңгелектердің сыйы

Салыстыр (топтар бойынша):

I-топ

  • 8 > 5
  • 3 = 3
  • 3 + 5 = 8
  • 4 + 1 = 5

II-топ

  • 9 = 9
  • 2 + 7 = 7 + 2
  • 5 < 9
  • 5 + 2 = 7

III-топ

  • 9 > 7
  • 9 > 8
  • 2 + 4 = 6
  • 5 + 3 = 8

Қорытындылау

Геометрия елінде нелер өмір сүреді?

Нүктелер, түзулер, сәулелер, кесінділер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және дөңгелектер.

а) «Қағып ал!» ойыны (9 санының құрамын бекіту)

3 + 6 = 9

9 − 3 = 6

9 − 2 = 7

4 + 5 = 9

9 − 6 = 3

9 − 7 = 2

2 + 7 = 9

9 − 4 = 5

9 − 8 = 1

8 + 1 = 9

9 − 5 = 4

9 − 1 = 8

б) Мадақтау

Оқушылардың белсенділігі мен топтық жұмысы бағаланып, мадақтау сөздері айтылады.