Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сауат ашу пәні бойынша алған білімді тиянақтау, оқушылардың өнерін ата-аналарға көрсету, белсенділігін арттыру және ұжымшылдығын күшейту.

Дамытушылық

Тапсырмалар орындау барысында өз ойын еркін айтуға, толық жауап беруге, зейін қоюға, қабылдау мен есте сақтауды дамытуға бағыттау.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, мәдениетті мінез-құлыққа және ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу; эстетикалық талғамды қалыптастыру.

Безендірілуі

  • «Әліппе, саған мың алғыс!» жазуы бар плакат
  • Суреттер, шарлар, жалаушалар
  • Суретті әріптер
  • Нақыл сөздер жазылған плакаттар

Салтанатты ашылу

Мұғалімнің құттықтау сөзі

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі қуанышымыз ерекше. Сіздер 1-сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз —
Әліппеге арналмақ бүгінгі жыр-әніміз!

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жаза алатын халге жетті —
Құтты болсын білімі балалардың!

Музыка

Әнұран орындалады

Беташар

Оқу ісінің меңгерушісі Кереева Жаңылша апайға сөз беріледі

Әділет

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда қызғалдақтай құлпырған —
Біз алаңсыз балғын шақтың балалар!

Ақжол

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!

Сұрақ-жауап

Мұғалім:

Өсті, міне, бойларың — өсті ақыл-ойларың. Қуанышқа ортақпын, құтты болсын тойларың!

Іші толы әріпке, білімдегі жарық не?

Оқушылар (хормен):

Болашаққа жол ашқан — ол сүйікті Әліппе!

Әліппенің сахнаға шығуы

Әліппе:
Менің атым — Әліппе, мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен ағаң да, әпкең де.

Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға.

Мерекелерің құтты болсын, бүлдіршіндер!
Не үйреніп, не білдік — кәне, ортаға салайық.

Көрініс

Балалардың өз-өзін таныстыруы

  • Талабымыз биік
  • Өнерліміз, шеберміз
  • Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз
  • Көп оқимыз

Біз — қазақ елінің болашағымыз.

Ән: «Әліппе»

Музыкалық нөмір орындалады.

Әріптер әлеміне саяхат

Әділжан:
Алфавитті жаттадық — онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде қырық екі әріп бар.

Жангүл:
Сан әріпті үйрендік — бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне саяхаттап көріңдер.

Мұғалім: Олай болса, қазір әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз. Балаларымыздың әріптер туралы тақпақтарын тыңдайық.

Әріптер туралы тақпақтар

Аяла: А дыбысы әліпбидің ең басында тұрады. А әрпінен басталады тегім де, атым да. Танысыңыз: Андреева Аяла.

Аружан: Ә — дауысты дыбыс, әсерлі де әдемі. Ән де айтып, би билеймін. Әділова Аружанмын.

Рамазан: Б — балалық шақтың, бақыттың белгісі. Байтурин Рамазанмын, отбасымның кенжесі.

Әсел: Д — домбыраның күмбірі, қазағымның дархандығы. Дарханова Әсел — ата-әжемнің еркесі.

Ернұр: Есімім де, тегім де «Е»-ден басталған. Еркінғали Ернұрмын — елін сүйер жас ұлан.

Нұрталап: Дауыссыз «Н» есімімнің басында. Нұрландырар елімді, нардай күшті баламын.

Жандос: Атымның басында «Ж» дыбысы. Жан достарым үнемі табылады қасымнан.

Меруерт: «М» әрпі — меруерттей. Бесік жырымен дарыған, анамның мейірімімен әлдиленген.

Исламбек: Иманды болып, ибаны сақтаймын. Үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қараймын.

Назымгүл: Тегімнің басында «С». Салмақты да сабырлы, салт-дәстүрді сіңірген қызбын.

Нұрдәулет: «Т» әрпінен басталған тегім бар. Төзімді де табанды боламын.

Феризат: «Ф» дыбысын қараңыз. Феризатпын — хордың қызы, талайды тамсандырған.

Математикамен білімді бекіту

Мұғалім: Ендеше, математикадан алған білімімізді сынап көрейік. Слайд арқылы жұмыс: реттік санау, 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, салыстыру тапсырмалары.

Әліппе:

Ретімен тізбелі, әрбір санды даралап — қайсың барсың бізге енді айтып берер санамақ?

Дінмұхаммедтің санамағы

1 дегенім — бесік, шықтың содан өсіп.
2 дегенім — елім, далам, тауым, көгім.
3 дегенім — үміт, үміт артқан жігіт.
4 дегенім — төзім, төзе білем өзім.
5 дегенім — бақыт, бағалайтын бақыт.
6 дегенім — ақыл, тыңдағаның мақұл.
7 дегенім — жалау, жүректегі алау.
8 дегенім — сөзің, серт беретін кезің.
9 дегенім — тоқтау, елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім — Отан, қорға соны, ботам.

Ән: «Математика сабағы»

Музыкалық нөмір орындалады.

Қиял-саяхат: орманға сапар

Қазір жылдың қай мезгілі? Жаймашуақ жазды сағындыңдар ма?

Ендеше, көздеріңді жұмыңдар: әуен ойнап тұрғанда біз шағын саяхатқа шығамыз. Көзімізді ашып, тақтаға назар аударамыз.

Мұғалім: Біз қайда келдік? Орманға. Орманда нелер мекендейді? Жабайы аңдар.

Солардың бірі бізге қонаққа келіпті. Бұл — аю.

Аюдың тапсырмасы (А дыбысы)

  • «А» дыбысының дауысты не дауыссыз екенін анықтау
  • Бас және кіші әрпін тақтаға жазу
  • Осы дыбыстан сөз құрастыру
  • Сөйлем құрастыру және тақтаға жазу
  • Дыбыстық талдау жасау

Қоштасу сөздері

Қарлығаш

Әліппені бітірдім, жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп, ақылды болдым жақынды.

Қош бол, құтты Әліппем, көп нәрсені үйреткен!
Әріппен таныстырып, сөйлеткен, ойды жүйреткен!

Ән: «Әліппе»

Музыкалық нөмір орындалады.

Әліппенің батасы

Әліппе:
Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерің, таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың жадыңда қалсын, күнделіктерің «5»-ке толсын!

Расул:
Енді біз жаза аламыз, әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз, сүйікті біздің Әліппе.

Алғыс және жаңа кезең

Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппеге не айтуымыз керек?

Балаларға ақ тілек, болашаққа бақ тілеп,
Біздерге білім үйреткен — Әліппе, саған рахмет!

Әліппемен қош айтысамыз,
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол —
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Енді ортаға «Ана тілін» шақырамыз.

Ән

Музыкалық нөмір

Сурет сабағы

Көрме/жұмыс көрсету

Би

Вальс

Қорытынды және ата-аналарға сөз

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар, балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп, ертеңгілік соңында ақ тілекпен шашуды аналар шашады.

Уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

Қош сау болыңыздар!