Тақырыпқа сай дайындалған деңгейлік жұмыс дәптері

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сынып
4
Сабақтың тақырыбы
Шамалар және оларды өлшеу
Сабақтың түрі
Проблемалық
Сабақтың типі
Алған білімді жинақтау, жүйелеу
Технология
ДСОТ
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, ана тілі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: «Шамалар және оларды өлшеу» тарауы бойынша білімді қорытындылау.
  • Тәрбиелік: елжандылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік, адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптастыру; бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: өзін-өзі бағалауды дамыту, есеп шығару арқылы логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Көрнекілік, демонстрация, иллюстрация, сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру және т.б.

Көрнекіліктер

Жұмыс дәптері, бағалау ведомосі, деңгейлік тапсырмалар және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер
  • 4-сынып математика әдістемелігі
  • Т. К. Оспанов — «Математика»
  • «Қазақ ертегілері»
  • «Қызықты есептер» (Алматы, 2009)
  • «Ойнайық та, ойлайық!» (Алматы, 2007)
  • «Ұстаз үні» №18 (2009)

Танымдық әрекет: оқушы және мұғалім

Оқушының әрекеті

  • Тақырыпты өз бетінше оқып келу.
  • Оқулықтан тапсырмаларды өз бетімен орындау.
  • Орындаған жұмыстың нәтижесін түсініп, дәлелдеп айту.
  • Іздену, ойлану, қорытынды жасау.

Мұғалімнің әрекеті

  • Тексеру, сұрау, талдау; фронтальды сұрақтар арқылы тақырыпты талқылау.
  • Оқушыларды нәтижеге жеткізу, бақылау және кері байланыс беру.
  • Қорытындылау, жетістіктерін атап өту, үй тапсырмасын беру және бағалау.

Сабақтың барысы

I кезең — Ұйымдастыру

Назар аударту

Бүгін сыныпқа «Білімділер елінен» бір сандықша келді. Оның ішінде білімімізді тексеруге арналған тапсырмалар бар. Ерекшелігі — тапсырмалар деңгейлерге бөлінген.

Мақсат пен міндет

Сабақта кестелік қосу және азайтуға байланысты есептер шығарып, нәтижелерін салыстырамыз.

Қатысуды тексеру

Оқушылардың сабаққа қатысуы анықталады.

II кезең — Үй тапсырмасын тексеру

Берілген тапсырма

  • «Шамалар және оларды өлшеу» тақырыбы бойынша дайындалып келу.
  • 26-мысал.
  • 26-мысалда берілген шамаларды ұсағырақ бірлікпен өрнектеу.

мм3-пен

1 м3; 2 дм3; 3 см3; 3 дм3; 9 мм3; 5 см3; 17 мм3.

см3-пен

3 м3; 2 дм3; 2 м3; 3 дм3; 2 м3; 5 см3; 3 дм3; 5 см3.

дм3-пен

5 м3; 5 м3; 8 дм3.

III кезең — «Миға шабуыл» (өткенді қайталау)

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ өз тақырыбын қорғап, негізгі өлшем бірліктерін және оларды түрлендіру жолдарын еске түсіреді.

I топ

Ұзындық

мм, см, дм, м, км арасындағы байланыстар.

II топ

Масса

г, кг, ц, т бірліктерін қайталау.

III топ

Уақыт

с, мин, сағ, тәулік, апта, ай, жыл бірліктері.

IV кезең — Деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмалар үш деңгейде беріледі. Бағалау ұпай арқылы жүзеге асады:

  • I деңгей

    5 ұпай — «3»

  • II деңгей

    10 ұпай — «4»

  • III деңгей

    15 ұпай — «5»

Жұмыс «тақырыпқа сай дайындалған деңгейлік жұмыс дәптері» арқылы орындалады.

I деңгей

а) Біртіндеп ұсағырақ бірлікке көш

3 м 5 дм 2 см 1 мм = __ дм __ см __ мм = __ мм

ә) Біртіндеп ірірек бірлікке көш

1 000 000 мм = __ см = __ дм = __ м

II деңгей

а) Ұсағырақ бірлікпен өрнекте (түрлендір)

Миллиметрмен

1 см, 1 м, 1 км, 7 см, 9 см, 6 м, 5 км.

Сантиметрмен

5 дм 3 см; 99 м 7 см; 2 дм 3 см; 6 дм 1 см; 4 м 5 дм; 1 км 6 м; 9 км 2 м; 3 км 7 м; 5 км 5 м.

Дециметрмен

7 м 6 дм; 5 м 9 дм; 2 м 4 дм; 1 км 5 дм; 7 км 29 м; 6 км 4 дм; 8 км 2 дм; 5 км 3 м; 3 км 4 м 5 дм; 7 км 7 м 7 дм.

Метрмен

3 км; 8 км 87 м; 9 км 108 м; 12 км 7 м; 5 км 989 м.

ә) Ірірек бірлікпен өрнектеп жаз

Сантиметрмен

1 000 000 мм; 8 000 000 мм; 900 000 мм; 6 000 мм; 600 мм.

Дециметрмен

700 000 мм; 62 000 см; 7 300 мм; 490 см; 100 мм.

Метрмен

900 000 мм; 84 000 см; 6 400 дм; 240 дм; 1 000 мм.

Километрмен

4 000 000 мм; 500 000 см; 300 000 дм; 24 000 м; 1 000 000 мм.

III деңгей

Шығармашылық тапсырма

Бұл тапсырма қызықты: уақыт өлшем бірліктерін пайдаланып, өзіңнің осы уақытқа дейін неше секунд өмір сүргеніңді есептеп тап.

V кезең — Үй тапсырмасы

31-мысал.

VI кезең — Бағалау

Бағалау ведомосі бойынша жария түрде жүргізіледі.

VII кезең — Қорытынды

Сабақ соңында орындалған жұмыстар талданып, негізгі қорытындылар жасалады.